Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Чемпионат алдындағы сынақ

Чемпионат алдындағы сынақ

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Құрама сапындағы 39 боксшымыз өз бақтарын сынап көрді. Нәтижесінде, 9 медальға қол жеткізіп, оның төртеуін алтынмен қаптадық. Биыл боксшыларымыздың өнері өткен жылға қарағанда шикілеу көрінді. Ринг жаңа есімдермен толысқанымен, сенімді ақтамағандар да табылды.

Ерлер арасындағы бәсекеде 19 қазақстандық былғары қолғап шебері өнер көрсетті. Өкініштісі, екеуі ғана тұғырға көтеріле алды. 50 келіде Даниал Сабит финалда әзербайжандық Билалхабаши Назаровты жеңіп, чемпион атанды. Бұл – ерлер құрамасындағы жалғыз алтын. Ал 70 келіде Фарух Тоқтасынов финалға дейін сенімді жеткенімен, шешуші айқаста америкалық Лавант Браунлиге есе жіберіп, күміспен шектелді. Қалған боксшылар жартылай финалға да өте алмады. 

Бұл додада әйелдер құрамасы ерлер құрамасына қарағанда сәтті өнер көрсетіп, үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Алтын медальды иеленгендердің қатарында Элина Базарова (54 кг), Надежда Рябец (80 кг) және Валерия Аксенова (80+ кг) бар. Базарова финалда Англиядан келген Лорен Маккиді, Рябец Түркиядан келген Ярен Дузтасты, ал Аксенова өзбекстандық Олтина Сотимбоеваны жеңді. Күміс медаль Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін) және Лаура Есенкелдіге (65 келіге дейін) бұйырса, қоланы Әнел Сақыш (54 келіге дейін), Валентина Халзова (75 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қанжығалады.

Спорт журналисі Аслан Қаженовтің ойынша, бұл турнир боксшыларымызды халықаралық сынақтан өткізуге жақсы мүмкіндік болды. 

– Болгариядағы бокс бәсекесі аяқталып, енді елге жетіп жатырмыз. Иә, нәтиже көңіл көншітпейді. Бірақ бұл жолғы құраманың шама-шарқы осы. Нұржан Насанов екі халықаралық турнир арқылы барлық баланы тексеріп шықты. Ұлттық құрамада 42 жігіт болса, түгелге жуығы шаршы алаңға шығып, бағын сынады. Ел ішінде спарринг жасағаннан гөрі, халықаралық деңгейде сынақтан өткізу әлдеқайда тиімді шешім болды.

Тізгінді қолға алған соң, бапкер үшін ең маңыздысы – резервті толық көру. Осы жағынан алғанда, міндет орындалды деуге болады. Біреулер үмітті ақтамады. Біреулер сенімнен шықпады. Біреулер, тіпті, жанкүйер алдында ұятқа қалды. Олардың әрқайсысына жеке-жеке қорытынды жасалатыны анық, – дейді Аслан Қаженов.

Сарапшы тағы бір сөзінде күтпеген жерден көзге түскен жастар бар екендігін айтты. «Олар қиын қарсыластармен тайсалмай айқасып, мінез көрсетті. Ондай боксшылар бапкерлік штабтың «дәптеріне» міндетті түрде түртілді», дейді ол. 

– Соңғы күні бас бапкердің өзін сырттай бақыладым. Салқынқанды. Эмоцияға берілмейді. Ұтылғанда да, жеңгенде де сабыр сақтайды. Бұл – жүйелі жұмыстың белгісі. Қазір дүрбелеңге салынатын уақыт емес, сараптайтын кезең. Алдағы наурызда – Азия чемпионаты, қыркүйекте – Азия ойындары. Нағыз салмақ сол жарыстарда түседі. Бүгінгі нәтиже – тек аралық бақылау. Бас бапкердің жұмысына да, құраманың деңгейіне де нақты баға сол кезде беріледі. Әзірге айтарымыз сабыр мен сәттілік, – дейді спорт журналисі.

Иә, кезекті маңызы жоқ халықаралық турнир деп бейжай қарауға болмайды. Нәтиже бар сияқты көрінгенімен, сапа мен мазмұн тұрғысынан сұрақ көп. 

– Қазір көпшілік жаңа бас бапкерді ақтап алуға тырысады. «Жастар барды, резерв сыналды. Негізгі құрам Азия чемпионатына дайындалып жатыр» деген уәждер айтылып жатыр. Әрине, құрамды сынау керек. Бірақ жыл сайын деңгейі төмендеп бара жатқан турнирден екі-ақ жүлдемен оралу – бәрібір де көңілге қаяу түсіреді. Біз үнемі салыстыратын өзбек құрамасы бұл жолы да нәтижемен жауап берді: жалпы есебі тоғыз медаль, оның үшеуі – алтын. Бес боксшысы финалда жұдырықтасты. Қанша мойындағымыз келмесе де, қазір бокстан Өзбекстаннан қалып қойғанымыз – ащы шындық. Оған қоса төрешілер факторы тағы бар. Халықаралық рингте бізге бүйрегі бұра бермейтіні де жасырын емес, – дейді спорт сарапшысы Ақырыс Сейітқазы.

Өздеріңізге белгілі, 1 ай толмас бұрын бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов қызметінен кеткен еді. Иә, спорт саласында жүрген біршама сарапшыны бұл шешім толғандырмай қоймады. Оған себеп – жазғы Олимпиадаға уақыттың аз қалуы. Мұндай құрамды түбегейлі жаңарту – тәуекелі мол шешім. Оның нәтижесі уақыт өте белгілі болады. Бірақ дәл қазір команда «өтпелі кезеңде» тұрғаны айдан анық. 

– Иә, «Странджа» турнирін көпшілік бұрынғыдай мықты дода деп санамайды. Федерацияның бас хатшысы Мерей Ақшалов та былтыр сұхбатында бұл жарыстың беделі төмендегенін айтқан еді. Дегенмен ресми турнирлердің аздығын ескерсек, мұндай бәсекелер тәжірибе жинау үшін қажет. Испаниядағы Boxam турнирі мен Болгариядағы «Странджаға» қатыспасқа амал жоқ. Өкініштісі, кіл мықтылар жиналмаған жарыстың өзінен жарытып нәтиже көрсете алмауымыз. Бұл – дабыл қағатын мәселе. Енді нақты жауапты Азия чемпионаты мен алдағы ірі додалар беруге тиіс, – дейді Ақырыс Сейітқазы.

Жарыс аяқталған соң Ұлттық құраманың бас бапкері Нұржан Насанов турнирді қорытындылап, спортшылардың өнеріне баға беріп, алдағы жоспарларын бөлісті. 

– Бұл жарысқа көптеген ел бірінші нөмірлі спортшыларын алып келді. Біз екінші және үшінші құрамдағы боксшыларға мүмкіндік бердік. Өзбекстан құрамасы да бірінші және екінші нөмірлі спортшыларын қосты. Оған қоса қатысушылар саны артып, бәсеке жоғары деңгейде болды. Аталған турнир бізге қай тұста кемшілік барын, қай бағытта жұмыс істеу керектігін нақты көрсетті. Мәселен, 65 келі салмақта үш боксшыны сынап көрдім. 60 келіде Бейбарыс Жексен мен Руслан Күзеубаевқа мүмкіндік берілді. Өкінішке қарай, олар жарысты жеңіспен аяқтай алмады. Ауыр салмақта да кішігірім мәселелер бар. 80 келіде Санжарәлі Бегалиевті байқап көрдік, бірақ ол да жүлдеге жете алмады. Енді бапкерлер штабымен, федерациямен ақылдасып, шешім қабылдаймыз. Дегенмен негізгі құрамға қосыла алатын жас спортшылар бар. Олармен әлі де жүйелі түрде жұмыс жүргізу керек. Сондай-ақ бұл жарыс боксшыларымыз үшін тәжірибе болды. Олар әлем және Олимпиада ойындарында жолығуы мүмкін басты қарсыластарын байқап көрді, – дейді бас бапкер.

Оның сөзінше, бірнеше мемлекетте оқу-жаттығу жиындары көзделіп отыр. 

– Биылғы басты мақсат – Азия чемпионаты мен Азия ойындары. Әр турнирге арналған нақты дайындық жоспары бекітілген. Құрама Азия ойындарына дейін циклдік жүйе бойынша әзірленеді. Қазір алғашқы цикл аяқталды: бірінші оқу-жаттығу жиыны «Алма-Тау» базасында өтті, екіншісі Испанияда ұйымдастырылды, одан кейін команда жарысқа қатысты. Әр цикл екі оқу-жаттығу жиыны мен бір турнирден тұрады.

Барлық спортшыға өзін көрсетуге мүмкіндік берілді, команданың әлеуеті сараланды. Енді жұмыс сол талдауға сай жалғасады. Қазір бірінші нөмірлі боксшылар Алматыда дайындықты бастап кетті. 12 наурызда екінші кезеңге өтеміз, одан кейін Азия чемпионаты күтіп тұр. Азия ойындарына дейін жалпы төрт дайындық циклі жоспарланған. Сонымен қатар АҚШ-та оқу-жаттығу жиындары қарас­тырылған, ал соңғы кезең Жапонияда өтеді, – дейді бас бапкер.

Қорыта айтқанда, Болгариядағы Странджа кубогы Қазақстан боксының толық деңгейін көрсетті деп айта алмаймыз. Тоғыз медаль – жаман көрсеткіш емес. Бірақ ерлер құрамасының әлсіз нәтижесі, бәсекелестермен арадағы алшақтық және құрамдағы тұрақсыздық бірқатар сұрақ туындатты. Дегенмен бұл турнир толық құрамды сынап көруге, резервті көруге мүмкіндік берді. Кемшіліктер ашық көрінді, әлеуеті бар жастар да назарға ілікті. Қазір бастысы – дұрыс қорытынды жасап, жүйелі дайындықпен алға қадам басу.

Әсет ҚАЛИ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Наурыз 2026 06:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары