Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жастар жалындаған чемпионат

Жастар жалындаған чемпионат

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Семейдегі «Абай-Арена» спорт кешенінде бокстан еліміздің чемпионаты мәресіне жетті. Ерлер мен әйелдер арасында өткен дүбірлі додаға 371 боксшы қатысты. Бұл – егемендік алғалы бергі ең жоғары көрсеткіш. 2024 жылы ерлер – 13, әйелдер 12 салмақ дәрежесінде бақ сынаса, биыл жүлделер World Boxing ұйымы бекіткен 10 салмақта сарапқа салынды.

Жүлдесіз қалған жампоздар

Құрама сапында халықаралық турнирге қатысып, бағын сынап жүрген боксшылардың бәсекесі биыл да тартысты өтті. Көпшілік әлем чемпионы 37 жастағы Теміртас Жүсіповке зор сенім артқан еді. Бұған дейін 48 кг салмақта рингке шығып жүрген ол, биыл 50 кг салмақта бақ сынады. Алғашқы кездесуінде Біржан Нұрымбетовті жеңгенімен, 1/4 финалда Нұрсұлтан Нұриденовтен айласын асыра алмады. Теміртас жиі қателікке бой алдырып, жеңісті уысынан шығарып алды. Осылайша, еліміздің 8 дүркін чемпионы Семей төрінен құр қол қайтты.

– Жүлдесіз қалғаныма еш өкінбеймін. Барымды салдым, бірақ қарсыласым менен әлдеқайда жас, шапшаң қимылдап, белсенді болды. Жұмыс істеуім керек. Боксты жалғастырамын ба, әлде басқа салаға кетемін бе, оны алдағы күндер көрсетеді, – деді Т.Жүсіпов.

Жүлдесіз қалғандардың арасында 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүл­дегері Әбілхан Аманқұл да бар. 2021 жылы Токио Олимпиадасының ширек финалында сүрінгеннен кейін кәсіпқой бокста бақ сынаған Әбілхан төрт жылдық үзілістен кейін қайта ел біріншілігінде бой көрсетті. Бірінші жекпе-жегінде жеңіске жеткен ол доданы ширек финалдан аяқтады.

60 кг салмақта ел чемпионы Талғат Сырым­бетов атағын қорғай алмады. 1/8 финалда оған жастар арасындағы әлем чем­пионатының қола жүлдегері Жансері Кө­шер­баев қарсылас атанды. Жас боксшы сауатты қимылының арқасында бірінші раундты өз еншісіне жазды. Екінші раундта қос боксшы баспен соқтығысып, айқас уақытынан бұрын тоқтатылды. Нәтижесінде, төрешілердің шешімімен Ж.Көшербаев 4:1 есебімен жеңіске жетті. Жансері алғашқы айналымда ел чемпионы Ерболат Сабырды тоқтатқан еді.

Былтыр Қарағандыда өткен біріншілікте 86 кг салмақта қарсыласының барлығын қоғадай жапырған Темірлан Мұқатаев 90 кг салмаққа ауысып, екінші кездесуінде жарыстан шығып қалды. Ширек финалда көпшіліктің асыға күткен кездесуі Санжар-Әли Бегалиев пен еліміздің бірнеше дүркін жүлдегері, әлем чемпионатына қатысушы Нұрқанат Райыстың айқасы небәрі бір минутқа ғана созылды. Жастар арасында әлем чемпионы Санжар-Әли жойқын соққысымен Нұрқанатты нокаутқа жіберді.

Әйелдер арасында Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова 65 кг сал­мақта алғашқы кездесуінде-ақ жасөс­пірімдер арасында Азия чемпионы Назерке Серікке қарсылық көрсете алмады. Сондай-ақ әлем біріншілігінің жеңімпазы Ләззат Күнгейбаева да бұл чемпионаттан бос қайтты.

Жиырмадағылар дес берер емес

Жастар арасында әлем чемпионатының бірнеше жүлдегері ұлттық құраманың тізіміне енді. Атап айтсақ, Нұрзат Оңғаров (20 жас, 50 кг), Бексұлтан Боранбек (19 жас, 55 кг), Илья Калинин (20 жас, 65 кг), Нұрбек Мұрсал (20 жас, 70 кг), Санжар-Әли Бегалиев (20 жас, 80 кг), Дәулет Төлемісов (19 жас, 85 кг), Аслан Еділбайұлы (19 жас, +90 кг) біріншіліктің алтын, күміс, қола жүлдегері атанды.

Жылдың басында алғаш рет 22 жасқа дейінгілер арасында ел чемпионаты ұйым­дастырылған еді. Сол кезде финалға шыққан боксшылардың арасынан тек Әбдіғалым Әбдікерім (65 кг) ғана жартылай финалға өтті. Өкінішке қарай, мықты деген Диас Берікбай (50 кг), Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Тілеуберді Сүлеймен (50 кг), Кенже Мұрат­ұлы (55 кг), Ағажан Қадыр (70 кг), Ислам Битаев (80 кг), Азатбек Жолдасхан (92 кг) ширек финалдан аса алмады.

Ересектер арасында тұңғыш рет чемпион атанғандардың арасынан 85 кг салмақтағы Дәулет Төлемісов ең жас жеңімпаз атанса, әйелдер сапында Элина Базарова (21 жас, 54 кг), Ұлжан Сәрсенбек (20 жас, 57 кг), Бақыт Сейдіш (20 жас, 70 кг), Валерия Аксеновалар да (24 жас, +80 кг) өз салмақтарында тұңғыш рет биік тұғырдан көрінді. Ең жасы үлкен чемпион ретінде бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева (34 жас, 48 кг) тіркелді. Ол бұған дейін 2010 жылы топ жарған еді. Ең жас чемпион атағын Ұлжан Сәрсенбек (20 жас) пен Бақыт Сейдіш (70 кг) иемденді. Ең үздік боксшылар – Сабыржан Аққалықов (75 кг) пен Жазира Орақбаева (51 кг). Бейресми командалық есепте Түркістан облысы – 4 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен көш бас­таса, Алматы қаласы (2+3+6) екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті Шымкент қаласы түйіндеді (2+2+6).

Финалдық жекпе-жектер

Финалдық бәсекелер барынша тартысты, қызықты өтті. 55 кг салмақта сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы Нұрсұлтан Алтынбек арасындағы жекпе-жек көрермендердің айы­зын қандырды. С.Бибосынов жұдырықтасу кезінде қарсыласынан бірнеше соққы өткізіп, нәтижесінде бірінші раундты 2:3 есебімен аяқтады. Дегенмен тәжірибенің аты – тәжірибе. Тез өз-өзіне келген Сәкен қалған екі раундта жеңіске лайықты жұдырықтасып шықты. 60 кг салмақтағы Серік Теміржанов пен Бибарыс Жексеннің жекпе-жегі 4:1 есебімен аяқталды демесеңіз, ең тартысты өткен айқастың бірі болды. 75, 80 кг салмақ дәрежелерінде техникалық нокаут тіркелді. Сабыржан Аққалықов екінші раундта Тимур Нұрсейітовті техникалық нокаутпен жеңсе, Ерасыл Жақпеков бірінші раундта-ақ Диас Молжігітовті сол қолмен сұлатып түсірді.

Финалдық жекпе-жектердің нәтижелері. Ерлер: 50 кг. Даниял Сәбит (Батыс Қазақстан облысы) – Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе облысы) – 5:0; 55 кг. Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) – Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) – 5:0; 60 кг. Серік Теміржанов (Павлодар облысы) – Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) – 4:1; 65 кг. Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы) – Ертуған Зейнуллинов (Алматы облысы) – 4:1; 70 кг. Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы) – Фарух Тоқтасынов (Алматы) – 5:0; 75 кг. Сабыржан Аққалықов (Қарағанды облысы) – Тимур Нұрсейітов (Астана); 80 кг. Ерасыл Жақпеков (Абай облысы) – Диас Молжігітов (Жамбыл облысы); 85 кг. Дәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы) – Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы) – 5:0; 90 кг. Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) – Нұрмағамед Юсупов (Қарағанды облысы) – 3:2; +90 кг. Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы) – Аслан Елдібайұлы (Қызылорда облысы) – қарсыласы жарақатына байланыс­ты жекпе-жекке шықпағандықтан, жеңіс Сапарбайға берілді.

Әйелдер: 48 кг. Әйгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы) – Әнел Құдайберген (Жетісу облысы) – 5:0; 51 кг. Жазира Орақбаева (Алматы) – Анита Әдішева (Қарағанды облысы) – 5:0; 54 кг. Элина Базарова (Шымкент) – Жайна Шекербекова (Шымкент) – 4:1; 57 кг. Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы) – Карина Ибрагимова (Ақмола облысы) – 5:0; 60 кг. Римма Волосенко (Астана) – Анар Тұрсынбек (Жетісу облысы) – 4:1; 65 кг. Лаура Есенгелді (Шымкент) – Аружан Жаңабаева (Түркістан облысы) – 4:1; 70 кг. Бақыт Сейдіш (Алматы) – Мәдина Нұршаева (Шымкент) – 3:2; 75 кг. Валентина Хальзова (Астана) – Мария Сидоренко (Жетісу облысы) – 5:0; 80 кг. Надежда Рябец (Қостанай облысы) – Анастасия Рылина (Қостанай облысы) – Рябец бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді; +80 кг. Валерия Аксенова (Ақмола облысы) – Әсел Тоқтасын (Алматы) – 4:1.

АСТАНА – СЕМЕЙ – АСТАНА 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:226
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 10:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары