Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Қыс маусымы нағыз сынақ

Қыс маусымы нағыз сынақ

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биылғы қыс еліміздің көп аймағында жылышарай танытып тұр. Желтоқсан айы қар басып қалатын елордада күн райы әдеттегіден жылы. Осыған қарамастан, қала тазалығына жауапты «Астана Тазалық» мекемесі күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Жақында бір топ БАҚ өкілдері «Астана Тазалық» кәсіпорны ұйымдастырған баспасөз турына барып, мекеменің қысқа қамданысы барысын бақылап қайтты. Серіктестіктің бас директоры Замир Сағынов күн сайын желіге 700 жол жұмысшысы шығатынын, орта есеппен 408 арнайы техника қар тазалау­ға, қолайсыз ауа райында жедел әрекет етуге дайын тұратынын мәлім етті. Қар қатты түспесе де, жаяу жұмысшылар мен көлік жүргізушілері әдеттегідей жұмыс­қа жұмылған. Мекеме көлік­тері қар тазалап, көк мұзға тұз себуге ғана шықпайды. Қалада асфальт төселмеген көшелер бар, кең жолдардың өзі ызғарлы ауа ра­йында лайланады. Оны тазалауға арнайы техника қажет. Жаяу жұмысшылар қармен қоса күл-қоқыстарды, тұрмыстық қатты қалдықтарды, лайды тазалайды.

«Қала жылдан-жылға кеңейіп, тұрғын үйлер көбейіп барады. Жол үсті, жиегі бүлінбей тұрмай­ды. Қала маңында асфальт төсел­меген көшелер көп. Сол аймақтан шыққан ауыр, жеңіл көліктер қалаға кіреді. Олардың алып келген батпақ, басқасын тазалауға біздің мекеме жұмылады. Бүгінде қысқа қажетті материалдар қорын толық көлемде жинақтадық. Қоймаларда 1 200 текше метрден астам құм, 4 400 тонна көктай­ғаққа қарсы қоспалар, 1 000 тонна реагент сақтаулы. Арнайы техниканың үздіксіз жұмысын қалада орналасқан үш сұйық реагент құю пункті қамтамасыз етеді. Олар «Есіл», «Нұра», «Сарайшық», «Алматы», «Сарыарқа», «Бай­қоңыр» аудандарына қызмет көр­сетіп, елорда халқының жолда алаңсыз қозғалуына мүмкіндік береді», дейді З.Сағынов.

Қысы қатал, аязды болатын Астананың ауа райы – комму­налдық қызметке жауапты мекемелерге нағыз сынақ. Ызғарлы желдің екпіні күшейгенде көше жиегіндегі қарды күреу – тіпті бейнетті еңбек. Сол себепті қала тазалығына жауапты мекеме­нің басшы­лығы жұмысшылар­ға жайлы жағдай жасауға тыры­сады. Қыз­мет­кер­лердің бар­лығы дерлік жұмысқа мекеменің көлігімен қатынайды. Суық күндері аз-кем тынығып, жылынып алуға қолайлы орындар сайланған. Бет қаратпайтын боранда жұмысшылар сонда тынығады. Барлық жұмысшыға түскі ас беріледі. Осыған қоса, мекеме басшылығы жұмыс­ты жеделдететін, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тың шешімдер қабылдап жатыр. Соның көбі цифрландырумен байланысты. Мысалы, бұдан былай басшылық Астана көшелеріне шыққан әр техниканың қай бағытта жүргенін, қандай көлемде реагент шашқанын, қашан жұмыс бастағанын – бәрі-бәрін нақты уақыт режімінде біліп отырады. Бұл еңбек өнімділігін арттырып, қала тазалығындағы жұмысты ширатуға көмектеседі.

«Электронды жол парағы» деп аталатын жүйені тек бақылау құралы деп танығанымыз дұрыс емес. Бұл – коммуналдық қызмет­тің ашықтығын арттыратын, жұмыс­тың тиімділігін бірнеше есе күшейтетін жаңашылдық. Жүйеге қазір қаланың 393 арнайы техникасы қосылды. Жобаға Алматы қаласының әкімдігі де назар аударып, жүйені енгізу жөніндегі сатып алу рәсімдерін бастап кеткен. Бұдан өзге, біздің мекеме Шымкент қаласының, Павлодар, Қызылорда облыстарының әкімдіктерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Астанада бұл технология «Астана-Теплотранзит» АҚ көлік құралдарына енгізіліп жатыр. Жүйе жеке компаниялардың да айтарлықтай қызығушылығын тудырып, коммуналдық саладағы цифрлық шешімдерге деген сұраныстың артқанын көрсетіп отыр», деді З.Сағынов.

Жұмыс барысындағы тәуе­кел­дерді азайту мақсатында серіктестік «Med365», «Adal Check» жүйелерін енгізген. Бұл платфор­малар қызметкерлердің күнделікті медициналық тексеруден өтуін онлайн форматта тіркеп, жүргізушілердің жұмысқа рұқсат алу тәртібін бақылайды. Нәтижесінде, төтенше жағдай­лардың алдын алу мүмкіндігі артады. Сонымен қатар жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаса, мар­шрут ауыстырса немесе ұйық­тап кетсе бақылайтын, ескертіп, көмектесетін тағы бір жүйе іске қосылған. Осындай цифрлық шешімдер қазірдің өзінде тиімді­лігін көрсетіп, жұмыс өнімді­лігіне, жұмысшылардың қауіпсіздігіне оң ықпал ететінін көрсеткен.

Баспасөз туры барысында журналистер кәсіпорынның техникалары алаңын, реагенттер жиналған қоймаларын аралап көріп, қысқа дайындығына қанықты. Сондай-ақ «Астана Тазалық» серіктестігінің жұмысшыларға көрсетіп отырған әлеуметтік қолдау шараларымен танысты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see129

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see124

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see123

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see122

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see121

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see121

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see120

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see120

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see120

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see120

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see118

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see118

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see117

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see117

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see117

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see117

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары