Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Цифрландыру саласындағы серпін

Цифрландыру саласындағы серпін

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Елімізде 10 қараша Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні ретінде бекітілген. Салада табанды еңбек етіп жүрген мамандардың арқасында цифрландыру бағытында нәтижелі еңбектер баршылық. Кейінгі жылдары Қазақстан IT-индустрияны дамытуда айтарлықтай серпіліс жасап, экономиканың жаңа драйверіне айналып келеді. Ресми деректерге сүйенсек, 2024 жылы елдегі IT-компаниялардың саны 16 пайызға өсіп, 18 683-ке жеткен. Бұл көрсеткіш саланың кеңейіп, инновациялық жобалардың артып келе жатқанын аңғартады.

Бүгіннің өзінде цифрлық секторда 187 мың адам жұмыс істейді. Ал орташа айлық жалақы 54 пайызға өсіп, 673 мың теңгеге жеткен. Бұл цифрлар IT-саласына деген сұраныстың, бәсекенің, кадр тапшылығының артуына тікелей байланысты.

Қазақстанның цифрлық экожүйесін қалыптастыруда «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі маңызды рөл атқарып отыр. 2018 жылы құрылған инновациялық алаң бүгінде 1,5 мыңнан астам компанияны біріктірген, олар­дың үштен біріне жуығы – шетелдік компания. Технопарк қатысушылары ұсынған шешім­дер мен стартаптар ел эконо­микасына 1,2 трлн теңгеден астам табыс әкелген. Кейінгі бес жылдағы өсім 31 есе артқан. Ал 2025 жылдың қорытындысында IT-қызметтер экспортының көлемі 1,5 млрд долларынан асты.

Бүгінде «Astana Hub» – 20 өңірлік IT-хабтан тұратын ауқымды желі. Кейінгі екі жылда өңірлерде 2900-ден астам іс-шара өткізіліп, 65 мыңнан астам қатысушы қамтылған, 700-ге жуық стартап таныстырылған.

Маман даярлау мәселесі де мемлекет назарынан тыс қалған жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Tech Orda» бағдарламасы. Жоба жекеменшік IT-мектептерді қолдау арқылы жүзеге асырылады және оқу ақысының бір бөлігі мемлекет тарапынан субсидияланады. Бағдарлама аясында 91 IT-мектепте 9 037 студент білім алған. Биыл бағдарламаға 29 962 өтінім түсіп, 2600-ге жуық қатысушыға оқуға жолдама берілген.  Бағдар­ламаның негізгі мақсаты – адам капиталының сапасын арттыру және елдің технологиялық әлеуетін күшейту. Жобаға 18 бен 45 жас аралығындағы ел азаматтары қатыса алады. Әр қатысушы оқу форматына қарай мемлекеттен білім грантын алу мүмкіндігіне ие. Офлайн форматта оқитындарға 500 мың теңге, ал онлайн немесе аралас форматта оқитындарға 400 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау беріледі. Бағдарлама аясында қатысушы бір жағынан өз болашағына инвестиция жасайды, екінші жағынан елдің цифр­ландыру бағытына үлес қосады.

Сонымен қатар елімізде алғаш рет «peer-to-peer» форматындағы жасанды интеллект мектебі – «Tomorrow School» ашылды. Мұнда Қазақстанмен қатар АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжаннан келген 300-ден астам студент білім алып жатыр. Ашылғаннан бері мектеп 9 іріктеу кезеңін өткізіп, 1276 үміткерді қамтыған, ал жалпы өтінім саны 16 мыңнан асқан. Жасөспірімдерге арналған жаңа бастамалардың бірі – «TUMO» орталығы. Орталықта 12–18 жас аралығындағы балалар роботтехника, бағдарламалау, 3D-модельдеу, графикалық дизайн және генеративті жасанды интеллект сияқты 11 бағытта заманауи білім алады. Ал кейінгі үш жылда елімізде 82 мыңнан астам адам ақпараттық технологиялар саласында білім алып шық­қан. Бұл отандастарымыз­дың цифр­лық сауаттылығының жаңа деңгейге көтерілгенін және еңбек нарығының техно­логиялық бағытқа бейімделіп келе жатқанын көрсетеді.

IT кадрларын даярлауда жо­ғары оқу орындарының да үлесі зор. Халықаралық ақпа­раттық технологиялар уни­верситеті мен өңірлік политех­никалық институттар студенттерге теориялық білім ғана емес, практикалық машық та үйретіп келеді. Оқушылар нақты жобалармен жұмыс істеп, стартап орталықтарда тәжірибе жинақтайды.

Сондай-ақ Мемлекет басшы­сының тапсырмасымен «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды. Ол жоғары технологиялар саласында жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеуді мақсат етеді.

Халықаралық сарапшы­лар­дың бағалауынша, Қазақстан кейінгі жылдары цифрланды­ру бағытында айтарлықтай алға жылжыды. Біріккен Ұлттар Ұйы­мының «E-Government Development Index» рейтингінде еліміз 193 мемлекет арасында 24-орында тұр. Бұл көрсеткіш – мемлекеттік басқарудың, цифрлық инфра­құрылым мен қоғамның цифр­лық мәдениетінің жоғары деңгейін айғақтайды. Әсіресе онлайн қызмет көрсету индексі бойынша еліміз әлемнің үздік ондығына кірді. Бұл – мемлекеттік органдардың қызметін барынша ашық, жылдам және қолжетімді ету бағытында атқарылған ауқымды жұмыстың нә­тижесі.

Қазіргі таңда елімізде 700-ден астам мемлекеттік қызмет электронды форматқа көшірілген. Азаматтар «eGov.kz», «eOtinish.kz», «Digital Family Card», «Smart As­tana» сияқты платформалар арқылы қажетті қызметтерді бірнеше минут ішінде ала алады. Қазір қа­зақ­стандықтардың 94 пайызы интернетті белсенді пайдаланады, ал цифрлық сауат­тылық деңгейі 87 пайыздан асты. Бұл өз кезегінде цифрлық техно­ло­гиялардың күнделікті өмірге етене енгенін көрсетеді.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның қарқыны өңірлік ауқымда ғана емес, жаһандық деңгейде де үлгі боларлық тәжірибе қалыптастырып отыр. Ендігі мақсат – осы қарқынды бәсеңдетпей, әр өңір­де IT-білімді дамыту, жас­тарды инновацияға тарту және адам капиталын экономикалық дамудың басты тірегіне айналдыру.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 16:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see157

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see143

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see140

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see139

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see139

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see138

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see137

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see137

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see135

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see135

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see135

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see135

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see135

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see134

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see133

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see133

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see133

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see132

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see132

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see132
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары