Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстанда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор айқындалды

Қазақстанда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор айқындалды

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қазақстанда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор айқындалды. Бұл туралы Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттігі хабарлады.

Ведомствоның 2026 жылғы 30 қазанда қол қойылған бұйрығына сәйкес, ұлттық оператор болып "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны айқындалды.

"Қазақстанда радиоактивті қалдықтар бұрынғы жылдардағы қызмет нәтижесінде, оның ішінде ядролық сынақтар жүргізу, уран өндіру және қайта өңдеу барысында жинақталған", – деп атап өтті ведомство.

Қазіргі уақытта радиоактивті қалдықтар ядролық қондырғыларды пайдалану, уран өндіретін және қайта өңдейтін кәсіпорындардың қызметі барысында, сондай-ақ өнеркәсіпте, медицинада және ғылым саласында түзіледі. Алдағы уақытта олар атом электр станцияларын пайдалану кезінде де түзілетін болады.

"Ұлттық оператор радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге қатысты жұмыстарды орындайды. Оның қызметінің негізгі бағыттарының бірі радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған инфрақұрылымды құру және пайдалану, сондай-ақ тиісті объектілерді жабу және пайдаланудан кейінгі мониторингтеу жұмыстарын жүргізу болмақ", – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Ұлттық оператор мемлекеттік меншіктегі немесе мемлекеттік меншікке берілуге жататын ядролық мұра объектілерін жою және консервациялау жұмыстарын жүргізеді. Оның міндеттеріне заңнамада көзделген уран өндіру мен қайта өңдеу салдарын жою жөніндегі жұмыстар да кіреді.

"Атом энергетикасының дамуына байланысты Қазақстан үшін радиоактивті қалдықтармен, оның ішінде өткен онжылдықтарда жинақталған қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету және оларды көмуге қажетті инфрақұрылымды құру маңызды", – деп санайды агенттік.

Бұл қалдықтарды ұзақ мерзімге сенімді оқшаулауға, халық пен қоршаған ортаға төнетін радиациялық қауіп-қатерлерді азайтуға және жинақталған қалдықтар мәселесін болашақ ұрпаққа қалдырмауға мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see160

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see145

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see143

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see142

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see141

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see140

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see138

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see138

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see138

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see138

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see136

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see136

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see135

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see135

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see135

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see135

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары