Полицейлер жасөспірім тізгіндеген көлікті оқ атып тоқтатты
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Алматы облысында полицейлер қашуға әрекеттенген жүргізушіні тоқтату үшін көліктің дөңгелегіне оқ атты.
Көлік тізгінінде кәмелетке толмаған жасөспірім болғаны анықталды. Жүргізуші полициядан қашпақ болған, ал тәртіп сақшылары оны тоқтату үшін көліктің дөңгелегіне оқ атқан.
Табельдік қару қолданылды: полиция не дейді
Алматы облыстық полиция департаменті оқиға Іле ауданы Жайнақ ауылында болғанын хабарлады.
"Көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған кәмелетке толмаған жасөспірім полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын елемей, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіріп, қозғалысын жалғастырған", – деп хабарлады ПД өкілдері.
Көлікті тоқтату үшін полицейлер табельдік қару қолданған.
"Автокөлікті мәжбүрлі түрде тоқтату үшін полицейлер табельдік атыс қаруын қолданып, көлік дөңгелегіне оқ атты, содан кейін көлік тоқтатылды", – деп түсіндірді полиция.
Жасөспірім көлікті шамдарын өшіріп айдап, өзге жүргізушілерге қауіп төндірген.
Оқиғадан кейін полиция баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жасөспірімнің әкесін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















