Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Дала жұмыстарына дайындық қалай?

Дала жұмыстарына дайындық қалай?

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бірақ жылдағы әдет бойынша, шаруалардың жерді игеру көлемі, техникалық базасының жаңаруы, егістікке берілетін мемлекеттің қолдауы өте өзекті болып тұр. 

Дерек пен дәйек

Үкіметтің дерегінше, егін егу және күзгі жиын-те­рім жұмыстарын қаржыландыру көлемі былтырғыдай 1 трлн теңге дең­гейінде. Оның ішінде техни­ка­ны лизингке алуға 300 млрд тең­ге қаралған. Биыл жалпы егіс алаңы шамамен 23,8 млн гек­тар­ды құрамақ. Бұл былтырғымен са­лыстырғанда 180 мың гектарға көп. Осылайша, егістік көлемі қар­қынды өсіп келеді. Әйт­кен­мен, бұл көрсеткіштермен іркіліп қалуға әсте болмайды. 

Биыл майлы дақылдар 55 мың гек­тарға, азықтық дақылдар 242 мың гектарға, арпа 94 мың гек­тар­ға ұлғаймақ. Ұйым­дас­ты­рыл­ған шаруашылықтарда картоп алаңы 10,3 мың гектарға көбейеді. Ал бидай алқабы 125 мың гек­тар­ға қысқарып, 12,1 млн гектарға тең болмақ. Биыл жүгері алқабын 265 мың гектарға дейін жеткізу көзделген.

Ауыл  шаруашылығы  министр­лігі­нің бізге берген деректеріне қа­ра­ғанда, су пайдаланудың нақ­ты лимиттеріне сәйкес күріш ал­қабы да 20 мың гектарға қыс­қар­тылып, 80 мың гектарды құ­рап­­ты. Нақтырақ айтқанда, Қы­зыл­орда облысы – 70 мың гектар, Ал­маты облысы – 5,8 мың гектар, Түр­кістан облысы – 3,5 мың гек­тар, Жетісу 1 мың гектар деп бе­кі­­­тіліпті.  Тұқым дайындау толық кө­лемде 2,3 млн тонна болып қам­тамасыз етілген. Бүгінде 1,6 млн тонна тұқымның сапасына са­рап­тама жүргізіліпті. Оның нә­ти­желері бойынша, тұ­қым­дардың 99%-ы кондициялық болып та­бы­лады және егіс стандартының бірін­ші және екінші сыныбына сәй­кес келетін көрінеді. Тұқым­дар­ды жаппай тексеру сәуір айы­ның ортасына дейін аяқталмақ. Ақпан айының басынан бастап АШМ тарапынан минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүр­гізіледі екен. Сондай-ақ көк­тем­гі дала жұмыстарын қаржы­лан­дыруға, 2024 жылы – 580 млрд тең­ге, 2025 жылы – 649,3 млрд тең­ге, 2026 жылы 700 млрд тең­геге дейін қаражат қарас­ты­ры­лып­ты. Осы ақпараттардың мән-жайын білу үшін Ауыл шаруа­­­шылығы ми­нистр­лігіне хабарласып, ресми жауап алған едік. 

– Көктемгі егіс науқанын са­па­лы әрі уақытылы жүргізу үшін 402 мың тонна жеңілдетілген ди­зель отыны бөлінді, ауыл шаруа­­­шылығы тауар өндірушілері үшін түп­кілікті құны орта есеппен лит­ріне 281 теңгені құрайды, бұл на­рықтық бағадан 15%-ға төмен. Қазір жанармай құю станса­ларын­дағы орташа баға литріне 330 теңгені құрайды. Ауыл шаруа­шылығы құрылымдарында 139 мың трактор, шамамен 5,6 мың бірлік жоғары өнімді егіс кешен­дері, 70 мың сепкіш, 141 мың то­пырақ өңдеу құралдары бар. 2025 жылы мемлекеттік қолдау ша­раларының арқасында шаруа­лар шамамен 25 мың бірлік зама­науи техника сатып алып, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейі 6,5%-ға жетті. Ал тыңайтқыштарды енгізу көлемі 2,3 млн тонна деңгейінде жоспар­лан­ған. Биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңіл­де­тіл­ген несиелеуге 700 млрд теңге қарастырылған. 2025 жылғы егіс науқанына ерте қаржыландыру 2024 жылдың қараша айының соңында басталған болса, 2026 жылғы көктемгі дала жұмыс­тары­на несиелеуге өтінімдер қабылдау өткен жылдың қазан айында бас­талды. Бүгінде фермерлер барлық базалық субсидиялармен қам­тыл­ған, – делінген ресми жауап­та. 

Күріш пен мақта азаймақ

Мемлекет басшысының тап­сырмасы бойынша, респуб­ли­ка­ның оңтүстік өңірлерінде су ре­сурс­тарының қолжетімділігін ес­кере отырып, су көп қажет ете­тін дақылдар, оның ішінде кү­ріш пен мақта егіс алқаптарын оң­тайландыру тапсырмасы бары есте.

Биыл су тапшылығы тағы да сезілетін түрі бар. Әсі­ре­се, оңтүстікте су тапшылығы қа­лыпты жағдайға айналып бара­ды. Сондықтан суды аз тұты­на­тын, өнімді дақылдар егілмек. Ауыл шаруашылығы министрлігі деректемелері бойынша, оңтүстік өңірлерде су лимитіне байланыс­ты күріш алқабы 20,2 мың гек­тар­ға қысқартылды. Мақта алқабы 162,4 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 79,8 мың гектар – там­шылатып суару, 82,6 мың гек­тар – дәстүрлі суару. Там­шы­ла­тып суару алаңы 29,8 мың гек­тар­ға ұлғайып, дәстүрлі әдіс 12 мың гектарға қысқарады.

Қазақстан фермерлер қауым­дас­тығының Шымкент, Түркі­стан облысы бойынша төрағасы Тұр­ғанбек Оспанов көктемгі дала жұмыстарына дайындық бастал­ға­нын айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда, шынында да, оңтүс­тік­те күріш пен мақта оңтай­лан­дырылып, жүгері дақылына ба­сым­­дық берілмек. Оның пі­­­­кірі­нше, бұл – су тапшылығына байла-нысты қолданылып отырған әдіс.

– Биыл Түркістан облысында кү­ріш алқабын азайтып, орнына жүгері егу қарастырылады. Соған сай 150 мың тоннаға дейін, 25 түр­лі өнім шығаратын «Шардара жү­гері» зауытына 19 млрд теңге ин­вестиция жасалып, құрылысы бітіп, нығайту жұмыстары жүр­гі­зілу­де. Егер 30-35 мың гектар жер­ге жүгері егілсе, 240-250 мың тон­на өнім алу көзделеді. Облыс­тық бюджеттен 1 млрд-қа дейін тех­ника алынды. Сондай-ақ әр ау­дан халқының санына, жер ың­ғайына қарай картоп, сәбіз, пияз сияқ­ты дақылдар егу керек. Сон­да азық-түлік тапшылығы бол­май­ды. Достық арнасы арқылы Өз­бекстаннан шілде айында мақ­таға қажетті су ала алмаймыз. Өйткені ар жағындағы Қырғыз­стан, Тәжікстанға да су керек. Өз­дері де егінге сол уақыттарда көп­теп су алып жатады. Кейінгі 7-8 жылда нарықта мақта өтім­ді­лігі тұралап, шаруалар шығынға бату­да. Негізі, ексең, мақта – шы­­­­­­­дамды дақыл. Сол себептен жү­гері дақылына ойысу керек бо­лып тұр. Облыста жүгері терең өң­деуге бергені үшін әр тон­на­сына 30 мың субсидия беріледі. Егіл­ген жағдайда өнімін өткізуге мол мүмкіндік жасалады. Ал жыл­­да Тоқтағұл су қоймасында 9-10 млрд текше метр су болатын. Қазір 7,2 млрд текше метр ғана су бар. Ал 6,5 млрд текше метрден азайса, бері қарай ағып өтуі қиын­­­­дайды. Осылайша, су тап­шы­­­лығына байланысты, су­ды аз тұ­тынатын, өнімді мол бере­тін дақылдарға көшу қа­жет болып тұр, – дейді ол. 

Үкімет мә­лі­ме­­­тін­ше, 2026 жы­­лы еліміз бойын­ша 2,3 млн тонна тыңайт­­қыш ша­шу жос­­парла­нып отыр екен. Бұл өт­кен жыл­мен салыстыр­ған­­да 500 мың тон­­наға артық. Бү­гінде 414 мың тонна тыңайтқыш жеткізуге шарттар жасал­ған, оның 187 мың тоннасы жөнелті­ліп­ті. Егіс нау­қаны баста­лып кеткен оңтүстік өңірлерге не­бәрі 30 мың тонна бағытталған сияқты. Соны­мен қатар ауыл шаруа­­шы­лығы тауа­рын өн­діру­шілерді жеңіл­­детілген ди­зель оты­нымен қам­та­масыз ету мә­селелері қа­ралу­­да. 

Тоқетері, осы жылы шаруа­ларға ақжолтай жаңалық­тар болатын көрінеді. Құзырлы орган дерегі бойынша, фермер­-лер үшін базалық субсидиялар қол­­жетімді. Тұқымдар, тыңайт­қыш­­тар, өсімдіктерді қорғау құрал­­­­дарын сатып алу субси­дия­ланады, сондай-ақ инвестиция­лық суб­сидиялау шеңберінде ауыл шаруа­­­шылығы техникасы мен су үнемдеу жабдықтарын са­тып алу­ға жұмсалған шығындар өтеледі екен. Жалпы, шаруашы­лық­тар мен диқандарды қолдау жүйе­лі жалғасса, егін бітік шы­ғып, қамба толып, азық-түлік ха­л­ық­қа қол­же­тімді болады деген сенім бар.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:263
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 09:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары