Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

АралТұз сапары: белсенділер тұз өндірісіне қарсы пікірін күшейтті

АралТұз сапары: белсенділер тұз өндірісіне қарсы пікірін күшейтті

Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Атырау облысының белсенділері Жаңақылыш ауылына барған сапарынан кейін Индер көлінде тұзды өнеркәсіптік жолмен өндіруге түбегейлі қарсы екендерін тағы да нақтылай түсті.

8 мамыр күні Атырау облысының бір топ белсенділері Қызылорда облысы Арал ауданы Жаңақылыш кентіне барып келді. Мақсат-жұртшылық арасына үлкен резонанс туғызып отырған "АралТұз" АҚ мен "АралСода" ЖШС-мен танысу.  Өйткені аталмыш екі компанияның Индер ауданындағы Тұзды көлде барлау, кейін өнім өндіру үшін өткізген қоғамдық тыңдауы қарсылықтарға толы болған еді. 

«Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғазиз Ғабдуллиннің айтуынша, Жаңақылыштағы көрініс сапарға қатысқан белсенділерді қатты шошытқан:

- Жаңақылыш ауылының жағдайын көріп, жағамызды ұстап келдік. 100 жылдық тарихы бар "АралТұз" АҚ осы ауылда орналасқан. Бір ғасыр бойы үздіксіз жұмыс жасаған компания халықтың әл-ауқатын жақсартты деуге негіз жоқ. Зауыт ауылдың тап іргесінде болғанымен санитарлық тазалық сақталмаған, толған қоқыстан аяқ алып жүре алмайсың. Зауыттан шыққан тұз өнімі арнаулы көлікпен емес, ашық-шашық күйде "шахманмен" тасылуда. Тұз өндіру алаңын сырттай зерделедік, ашық-шашық, рапасы сыртқа, елді мекен аумағына ағуда. Өндірістік қалдықтар ауылдың сыртында шашылып жатыр, тұз қапшықтарын көрдік. Жалпы антисанитариялық жағдайда, жағымсыз иіс бар, - деді ол.

Белсендінің айтуынаш, ауылда шамамен 6 мыңға жуық халық бар, оның дені зауытта жұмыс жасайды. Жергілікті тұрғындар еңбекақылары 80-200 мың теңге аралығында екенін айтты.

Ғазиз Ғабдуллиннің айтуынша, көрген көріністердің Индер ауданындағы тұрғындар арасында да үлкен қауіп пен күмән туғызатынын атап өтті.

- Жаңақылышты жарыта алмай отырған компания Индер ауданын гүлдендіреді деуге негіз жоқ, сол себептен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен облыс әкімі Серік Шәпкенов халықтың жан айқайын дұрыс түсініп, шарасын алады деп сенеміз. Индер тұзкөлі өндіріске емес, туризмге сұранып тұр. Өйткені, елімізде түрлі аурулар көбейді, онкология сырқаты өршіп тұр. Ол экологиялық зардаптан туындап отырғаны анық. Ал Индер тұз көліне сырқатына шипа іздейтіндер тек Қазақстан емес, шетелден де келуде, - деді ол.

Индербор тұрғыны, Жаңақылышта дүниеге келген Бекнұр Бегімов те жобаның жүзеге асырылуына қарсы шықты.

- Мен осы Жаңақылыштың тумасымын. Барлық балалық шағым осында өтті, қазір Индерборда тұрамын. Мен Индерборда өткен "АралТұздың" қоғамдық тыңдауында болғанмын, өз қарсылығымды да білдірдім. Жазды күні Жақсықылышта иістен демалу мүмкін емес. Алпауыт компаниямыз дейді, ең болмаса қоқыстарды тазалауға болар еді ғой, - деді ол. 

"АЖ" мәліметі бойынша, Жаңақылыш кенті Арал ауданына қарайды, арақашықтығы 15 шақырым. Бұл кент Қазақстанның ас тұзын өндіретін басты орталығы ретінде танымал. Тұз өндіру кені 1913 жылы басталған. 1925 жылы "Соль-артель" ұйымы құрылған. Кеңес Одағы кезінде "АралТұз" комбинаты атымен танымал 1994 жылы "АралТұз" АҚ болып өзгерген. Бүгінде "АралТұз" АҚ-да мыңнан астам адам еңбек етеді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Фото, видео Саламат Базарбаев пен Қуат Жанесеевтікі

Бүгін, 13:37

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Мамыр 2026 13:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары