Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қырғызстанда АЭС құрылысы референдумға шығарылуы мүмкін

Елорда мектептерінде ас мәзірі жаңарды: оқушыларға ұлттық тағам беріледі

Финляндия Украина тарапынан жасалған арандатудан кейін үндеу жасады

Атырау қаласында 144 мыңнан аса адам жер кезегінде тұр

Ясауи кесенесіндегі Тайқазан орналасқан бөлме келушілерге қашан ашылады

Алматыда самокат пайдаланған 22 кәмелетке толмағанның аккаунты бұғатталды

Боксшы Санжар Тәшкенбай нокдаун алып, Азия чемпионатында жеңіліп қалды

Астана мен еліміздің 15 өңірінде жаңбыр жауып, тұман басады

Қазақстандық биші 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының жолдамасына ие болды

Жалған бренд: Алматыда жүздеген Louis Vuitton сөмкесі тәркіленді

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді

Нөміріңізді айтыңыз : Мақпал Жүнісова 90 жастағы көрерменіне 100 мың теңге сыйлады (видео)

Түркістанда 23 жастағы әйел сәбиін сатқысы келгені үшін ұсталды

Иран АҚШ ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді: ұшқышты іздеу жұмыстары жүріп жатыр

Ақтөбеде қазақы тазының үздік өкілдері тұқымдық байқауда бағаланды

АҚШ пен Израиль Иранның АЭС іне шабуыл жасады

Испанияда Димаш Құдайберген туралы деректі фильмнің премьерасы өтеді

Астанада электр самокаттарға бақылау күшейеді: жыл басынан бері 45 жол апаты тіркелді

Жамбыл облысында жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қайтадан рөлге отырған

Валентина Хальзова 1/4 финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Дананы сомдаған Хәкімжан

Дананы сомдаған Хәкімжан

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бала кезіміздегі көп арманның бірі – Алматыны көру еді. Біздің ауыл­да Алматыға барып қайтқан бала сүйкімді көрінетін. Сөйткен арман қалаға алғаш рет әпкеммен жеттім. Абай ескерткішіне барып, суретке түстік. Адасып қалсақ, осы ескерткіштің түбінде күт дегені есімде. Қалтарыс-бұлтарысы көп үлкен қалада бір-бірінен көз жазып қалған адамның көбі осы алып ескерткіштің түбінде табысатын.

Алғаш адасқанда жөн сілтеген Абай ескерт­кі­шіне одан кейін де жиі барып тұрдық. Тек біз ғана емес, Алматыға жолы түскен қазақтың бәрі Алатаумен иық тірескен осы бір қола ескерткіштің қолтығына бір сәт тұрып жылу алатын, рухын жанитын.

Алып шаһардың иесі мен киесін әйгілеп тұрған асқақ рухты Абай ескерткішінің авторы Халық суретшісі, ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салған Хәкімжан Наурызбаев екенін кейін білдік. Компартия көсемдерінің ескерт­кішінен көз сүрінетін заманда қазақтың қаны мен жанын, рухы мен ар-мұратын қолаға шылап тау тұлға тұрғызып кеткен бір­туар мүсіншінің қайталанбас қолтаңбасына қайран қалдық.

Осы орайда, Қостанай облыс­тық тарихи-өлкетану мұра­­жайын­да Хәкімжан Наурыз­баев­тың қолынан шыққан Абайдың екі шағын мүсіні тұрғанын айта кеткен жөн. Гипстен құйылған эскиздерді 2003 жылы мүсіншінің өзі музейге әкеліп тапсырыпты. Қостанай музейіндегі мүсіндер Алатау күнгейіндегі әсем шаһар­дың төрінде тұрған әйгілі ескерт­кішке дейінгі табанды ізденістің бастауы ма екен деген ой келді. Осы ойдың жетегімен музей қызметкерлерінен жөн сұрап көріп едік, дәлел-дәйексіз сөйле­мей­тін адамдар ғой, «біздегі құ­жат­тарда ондай дерек жоқ» деді.

Алайда кезінде осы музейде қызмет еткен жас зерттеуші Николай Титов «Абайдың алғаш­қы мүсіні 1954 жылы жасал­ған. Ұлы ақынның мүсіні қаша­лып жатқан сәт сол кездегі «Социа­лис­тік Қазақстан» газетіне жария­ланды. Ал мүсіннің өзі біз­дің музей қорында сақталып қал­­ған. Одан кейін Хәкімжан Наурызбаев Абайдың тағы бір мү­сінін жасаған. Ол туынды да осы музейде тұр», деп жазыпты.

Қалай болғанда да, музейде сақтаулы тұрған екі эскиз бен әйгілі Абай ескерткішінің арасында сабақтастық бары байқалады.

Әлеуметтік желідегі ашық дерек көздеріне сүйенсек, ұлт санасына елдік рухын ерте ұялатқан еңселі ескерткіштің Алматы төрін­де­гі биік тұғырына орнығуы да оңай болмаған сияқты. Хәкім Абайға арнап еңселі ескерткіш тұрғызу туралы бастама алғаш 1938 жылы көтеріліпті. Алай­да қаржы бөлінбей қалып, шаруа кейінге ысырылған. Абайға ескерткіш соғу мәселесі 1945 жылы ұлы ақынның 100 жылдығы қар­саңында екінші мәрте күн тәртібіне шығарылады. Бірақ бұл жолы да сөз жүзінде қалады. Араға біраз уақыт салып 1954 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің ұйғарымымен Абайдың монументалды өнер құрылысы саласындағы ең үздік бейнесіне байқау жарияланады. Хәкімжан Наурызбаев байқау комиссия­сына бірнеше туындысын ұсын­ған. Осы тұста Хрущевтің одақ көлемінде ескерткіш қоюды уақыт­ша тоқтата тұру туралы қау­­лысы шығып, аталған жобаға бөлін­ген қаржы толықтай тұрғын үй салуға аударылады. Байқауға Хәкімжан Наурызбаев өткізген мүсін­дердің бірі опера театрына қойылады да, кейін жоғалып кетеді.

Ақыры 1960 жылы Абайдың 115 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның құрметіне ескерткіш тұр­­ғызу жөнінде түбегейлі ше­шім қабылданады. Абай ес­керт­­кішінің авторы болуға әркім-ақ талаптанған. Алайда ұлы Мұхтар Әуезовтің табанды­лы­ғының арқасында комиссия аса жауапты шаруаны Хәкімжан Наурызбаевқа тапсырады. Мү­сін­ші өз естеліктерінде бұл жө­нін­­де былай баяндайды: «Бір күні Министрлер Кеңесіне шұ­ғыл жетсін деген хабар алдым. Келсем, Д.Қонаев, В.Беляев, Т.Тәжібаев және М.Әуезов отыр екен. Алматыда Абай ескерткішін орнату туралы әңгіме өрбіді. Сөз реті келгенде, Төлеген Тәжібаев: «Хәкімжан әлі жас қой. Ал Абай бейнесін сомдап шығу үшін батылдық керек. Сондықтан мұны тәжірибесі мол Баки Урман­чеге берсек қайтеді», деді. Арада екі-үш минуттық үнсіздік орнады. Содан соң әдеттегідей биязды, әуезді қоңыр үнімен Мұқаң Төлегенге қарап: «Әй, Төлеген-ай, қашанғы осы өзімізді-өзіміз олқысына береміз. Біле білген жанға Хәкімжан халқымыздың тұңғыш мүсіншісі ғой. Бұдан басқа қазақтың қай баласы саз-балшықтан өнер өріп жүр? Ал енді сен қазақтың Абайдай алыбының мүсінін осы балаға беруге азырқанып отырсың. Абайды Хәкімжан салуы керек», деді. Әңгіменің шиыршық ата бастаған райын байқаған Димаш аға басу айтып, жалпы қазақ мүсін өнерінің болашағы туралы өзінің толғаныстарын ортаға салды. Сөйтіп, сол әңгіменің ақырында мен Абай ескерткішін салатын болып тапсырма алып шықтым».

Мұхтар Әуезов пен Хәкімжан Наурызбаев осы сәттен бастап ескерткіштің жұмысы аяқталғанға дейін етене байланыста болғаны байқалады. Заңғар жазушының жас мүсіншіге кеңесші болып бекітілуі де бұл бағыттағы табанды ізденістің жемісті аяқталуына көп әсер еткен сыңайлы. Хәкімжан Наурызбаев ұлы жазушының ақылымен Шыңғыстау, Жидебай, Бөріліні аралайды, Абай­дың ұр­пақ­­тарымен, аталас ағайын­да­рымен әңгімелеседі.

Хәкімжан Наурызбаев ескерт­кіш жұмысына бірден бел шешіп кірісіп кете алмаған. Өйткені тұғырымен қоса есептегенде, биік­тігі 13,7 м болатын алып мону­ментті жасайтын орын табу қиын­ға соғады. Жас мүсінші ақыры жұмысқа ыңғайлы орынды Ауыл шаруашылығы институты жанындағы механикалық шеберханадан табады.

Бұл туралы мүсінші өз ес­телік­­терінде: «Ол жерде ма­ған тамбурға ұқсайтын ұзын, тар дәліз­ді бөліп берді. Бірақ төбесі биік екен. Шеберхана жұмысшылары бұл кеңістікті «бөшке» деп атайды. Ескерткіш жұмысы аяқталған соң, олар маған Абай біздің «бөшкеде» жасалды. Біз мұны ұмытпаймыз, мақтан етеміз деп жүрді», дейді.

Мүсінші күн сайын таңертең жұмысқа бара жатып жолшыбай кеңесшісінің үйіне (қазіргі Мұхтар Әуезовтің музей-үйі) бір соқпай өтпейді екен. Заңғар жазушы да шеберханаға күнара келіп тұрған. Тар жерде алып ескерткішті айна­лып тұтастай көру мүмкін бол­­­маса керек, Мұқаң әр келген са­йын сұлбасы айқындалып келе жатқан Абайын көріп, құптап, бас изеп, ризашылық білдіріп кетеді екен. Осылайша, ескерткіш да­йын болып, шеберхана ауласына шығарылған күні Мұхтар Әуезов те жетеді.

Мұрат Әуезовтің ютуб-арнасына жүктелген «Қола Абайдың әкесі» хабарында мүсінші дәл осы тарихи сәтті былайша еске алады:

«Мұқаң: «Шеберхана ішінде тұрған – Абай еді ғой. Ол қайда кетті? Мұнда Абай жоқ қой, мүлде ұқсамайды. Мынауың Абайдың карикатурасы ғой» деді. Осы сөзден кейін әбден берекем қашты. Түн ортасында төсектен атып тұрып, жұбайымды оятамын. Біртүрлі ауырып тұрмын деймін. Ертеңінде 8 март көше­­сіндегі көз ауру­ла­ры институтына бардық. Кезек­ші дәрігер қарап шығып, денсау­лы­ғыңыз жақсы, қорқатын ештеңе жоқ» деді. Келесі күні таң атпай тұрып таңғы, түскі асымды, құрал-сайманымды, балтамды алып, шеберханаға келдім де, сатыға өрмелеп шығып, ескерткішті балталай бастадым. Осылайша, он шақты күннің ішінде Абайды қайта жасап шықтым. Жұмыс біткен соң, Әуезовті қайта шақырдым. Ол кісінің қуанғанын көрсең ғой, ескерткішті көрген қатал сыншымның жүзі бірден жадырап сала берді де, «Міне, бұл енді нағыз – Абай!» деді. ...Кейін бүкілодақтық Ленин сый­­лығына ұсынылдым. Ол кезде Ленин сыйлығын тағайындау жөніндегі комитеттің мүшесі едім. Кезекті отырыстың бірінде менің жұмысым қаралып, төраға маған «Наурызбаев жолдас, кете беруіңізге болады, біз мәселені сізсіз-ақ талқылай береміз» деді. Мен орнымнан тұрдым да: «Ниеттеріңізге рахмет! Бірақ менің пікірім басқашалау еді. Мен өз кандидатурамды қайтарып алғым келеді. Өйткені сіздер маған сыйлық беру жөнінде шешім шығарып, алда-жалда Ленин сыйлығының лауреаты болып кетсем, жалқауланып жұмыс істемей қоюым мүмкін. Сондықтан сыйлықтан бас тартамын», дедім. Анадай жерде Әуезов отырған. Ішек-сілесі қатқанша күлді».

1967 жылы қазіргі Республика сарайының құрылысы бастал­ған­да, сарай сәулетшілері Абай ескерткішін тұғырынан түсіріп, орнына Ленинді қоймақ болады. Бұл іске Дінмұхамед Қонаевтың өзі араласып, Абайды аман алып қалады.

Хәкімжан Наурызбаевтың жарқын ғұмырын, асыл мұрасын кейінгі буын жас ұрпаққа өнеге ету – парыз. Бұл орайда 2019 жылы Қостанайда мүсіншінің мүсіні бой көтергенін айта кету керек. Бірақ Наурызбаевтай нар тұлғаны өз биігінде дәріптеу үшін еңкіштеу бір ескерткіш аздық етеді. Өткен жылы тұңғыш мүсіншінің 100 жылдығы да өз деңгейінде аталып өтілмей қалды. Сол себепті Қостанайдағы көшелердің біріне хас шебердің аты берілуге тиіс деп есептейміз.

Айтпақшы, таяуда ғана мә­де­ниет саласының басшыла­ры Қостанайдағы халыққа қыз­­мет көрсету орталығының бұрын­ғы ғимараты жөндеуден өтіп, сурет га­лереясы болып қайта ашы­ла­тынын айтқан. Өңір­де­гі қыл­қа­лам шеберлері мен қол­өнер мамандарының өнерін өріс­те­туге жол ашатын осы га­лереяға да халық суретшісі Хәкімжан Наурызбаевтың есімі берілгені жөн.

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Экономикалық аймақ іске кірісті

Экономика • Бүгін, 08:55

Уайым

Қоғам • Бүгін, 08:50

Әлемді ізгілікке шақыратын ай

Дін • Бүгін, 08:45

Дананы сомдаған Хәкімжан

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Жақұт тастың зергері

Өнер • Бүгін, 08:35

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды

Ата заң • Бүгін, 08:33

Қағазбастылық қашан жойылады?

Білім • Бүгін, 08:30

Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп

Саясат • Бүгін, 08:28

Білім саласының білгірі еді

Тұлға • Бүгін, 08:25

Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті

Саясат • Бүгін, 08:22

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Медицина қызметінде кемшілік болмауға тиіс

Медицина • Бүгін, 08:17

Бибісараның табысы – 10 668 доллар

Шахмат • Бүгін, 08:15

Дипломаттар Ата заң жобасын талқылады

Реформа • Бүгін, 08:13

Баласағұннан жеткен құнды мұра

Жәдігер • Бүгін, 08:10

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:41
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 09:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қырғызстанда АЭС құрылысы референдумға шығарылуы мүмкін

03 Сәуір 2026 21:10see116

Елорда мектептерінде ас мәзірі жаңарды: оқушыларға ұлттық тағам беріледі

03 Сәуір 2026 18:24see113

Финляндия Украина тарапынан жасалған арандатудан кейін үндеу жасады

04 Сәуір 2026 15:20see112

Атырау қаласында 144 мыңнан аса адам жер кезегінде тұр

03 Сәуір 2026 17:44see112

Ясауи кесенесіндегі Тайқазан орналасқан бөлме келушілерге қашан ашылады

03 Сәуір 2026 22:38see112

Алматыда самокат пайдаланған 22 кәмелетке толмағанның аккаунты бұғатталды

03 Сәуір 2026 20:17see110

Боксшы Санжар Тәшкенбай нокдаун алып, Азия чемпионатында жеңіліп қалды

04 Сәуір 2026 12:35see108

Астана мен еліміздің 15 өңірінде жаңбыр жауып, тұман басады

04 Сәуір 2026 02:14see108

Қазақстандық биші 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының жолдамасына ие болды

03 Сәуір 2026 19:52see108

Жалған бренд: Алматыда жүздеген Louis Vuitton сөмкесі тәркіленді

04 Сәуір 2026 02:14see107

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді

04 Сәуір 2026 12:08see107

Нөміріңізді айтыңыз : Мақпал Жүнісова 90 жастағы көрерменіне 100 мың теңге сыйлады (видео)

03 Сәуір 2026 21:40see107

Түркістанда 23 жастағы әйел сәбиін сатқысы келгені үшін ұсталды

03 Сәуір 2026 19:08see106

Иран АҚШ ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді: ұшқышты іздеу жұмыстары жүріп жатыр

04 Сәуір 2026 11:40see105

Ақтөбеде қазақы тазының үздік өкілдері тұқымдық байқауда бағаланды

04 Сәуір 2026 21:12see104

АҚШ пен Израиль Иранның АЭС іне шабуыл жасады

04 Сәуір 2026 15:20see104

Испанияда Димаш Құдайберген туралы деректі фильмнің премьерасы өтеді

04 Сәуір 2026 18:47see104

Астанада электр самокаттарға бақылау күшейеді: жыл басынан бері 45 жол апаты тіркелді

03 Сәуір 2026 22:38see102

Жамбыл облысында жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қайтадан рөлге отырған

04 Сәуір 2026 05:46see102

Валентина Хальзова 1/4 финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

04 Сәуір 2026 15:45see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары