Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Дәннің дәулеті мол

Дәннің дәулеті мол

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстан әлемдегі ірі астық экспорт­тау­шы мемлекеттердің алғашқы онды­ғына кіреді. Алайда мол өнімнің өзі жо­ғары табысқа кепіл емес. Ел астықты кө­біне шикізат немесе бастапқы өңдеу­ден өткен ұн түрінде сыртқа шығарады да, негізгі қосылған құн шетелдегі кә­сіпорындарда қалып қояды. Осы жағдай­ды өзгерту үшін Ақмола облысының Аршалы ауданында астықты терең өң­дейтін ірі зауыт салу жоспарланған. Ин­вестиция көлемі 900 млрд теңге деп ба­ғаланып отыр. Кәсіпорын толық қуатына шыққанда жылына 3 млн тоннаға дейін астық өңдеуге тиіс.

2026 жылғы егін жинау науқаны Қа­зақстанда астық тапшылығы жоқ екенін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы минис­трлігінің мәліметінше, 9 қыркүйекте дәнді дақылдар егілген алқаптың 61,6%-ы жиналып, 13,5 млн тонна астық бас­ты­рылған. Орташа өнімділік гектарына 14,1 центнерді құрады. Бұл егін орағы әлі толық аяқталмаған кездегі нәтиже.

Ұлттық статистика бюросының жедел дерегі бойынша, 2026 жылғы 1 қыр­кү­йек­те елдегі дәнді және бұршақты дақыл­дардың жалпы қоры 12,8 млн тоннаға жеткен. Оның 9,17 млн тоннасы – бидай. Азық-түлік мақсатындағы астық көлемі 10,6 млн тонна, жемдік дақылдар 1,7 млн тонна болса, тұқым қорына 401 мың тонна бөлінген. Бидай қорының ішінде 8,4 млн тоннасы азық-түлікке арналған.

Бұл көрсеткіштер Қазақстанда терең өңдеу кәсіпорындарына қажетті шикізат базасы бар екенін аңғартады. Алайда жылдың белгілі бір күніндегі астық қорын елдің жылдық өндіріс көлемімен теңестіруге болмайды. Қор үнемі өзгеріп отырады: астық экспортқа жөнелтіледі, ішкі нарықта тұтынылады, мал азығына және келесі жылғы егіске пайдаланылады.

Ақмоладағы зауыт жылына 3 млн тонна астық қабылдаса, ол 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жалпы астық қорының шамамен 23%-ына тең көлемді өңдейді. Демек, бұл кәсіпорын тек тағы бір зауыт болып қалмайды. Ол ішкі нарықтағы астыққа сұранысты, сатып алу бағасын және экспорттық ағындарды өзгерте алатын ірі ойыншыға айналмақ.

Қазақстанның АӨК экспорты бо­йынша жалпы көрсеткіші жаман емес. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепованың айтуынша, өткен жылдың қорытындысында агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 7 млрд долларға жеткен.

 «Біз астықтың негізгі экспорттаушы­ларының біріміз, алғашқы ондыққа кі­реміз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша АӨК өнімінің экспорты 7 млрд долларды құрады, оның 51%-ы – өңдел­ген өнім. Алдағы уақытта сыртқы елдер­ге экспорт көлемін кеңейтіп, қайта өңдеу­ді дамытатын боламыз», – деді вице-министр.

Дегенмен 51% көрсеткіш тек астыққа емес, бүкіл АӨК экспортына қатысты. Оның құрамына ұн, өсімдік майы, ет, сүт, кондитерлік және басқа да тауарлар кіреді. Ал экспортталатын астықтың қанша бөлігі терең өңдеуден өтетіні бөлек көрсетілмеген. Сондықтан басты көрсеткіш экспортталған тонна емес, Қазақстанның сол бір тонна шикізаттан қанша табыс табатыны болуы керек.

Астық барда амал бар

Аршалы ауданында салынатын кә­сіпорынға 900 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Ал Kazakh Invest жо­баның үш кезеңмен жүзеге асырылып, жалпы өңдеу қуаты жылына 3 млн тон­наға жететінін хабарлаған.

Терең өңдеу кезінде астық жай ғана ұнға айналмайды. Одан крахмал, глютен, аминқышқылдары, биоэтанол, биоплас­тик компоненттері мен мал азығына арналған өнімдер алуға болады. Бұлардың нарықтық құны шикі астықтың бағасы­нан жоғары. Өнімдер тамақ өнеркәсібінде ғана емес, фармацевтика, химия, мал шаруашылығы және биотехнология салаларында қолданылады.

Жобаның фермерлерге беретін бірінші пайдасы – ірі әрі тұрақты ішкі сатып алушының пайда болуы. Қазір астық өндірушілер сыртқы нарықтағы бағаға, теміржол вагондарының қолже­тімділігіне және транзиттік бағыттардың жұмысына тәуелді. Зауыт тұрақты жұмыс істесе, фермерлер өнімінің бір бөлігін ел ішінде өткізе алады.

Екінші мүмкіндік – сапасы экспорт талаптарына толық сәйкес келмейтін астықты өңдеу. Бірақ кәсіпорын қандай сыныптағы бидайды қабылдайтыны әзірге анық емес. Терең өңдеу технология­сында астықтың құрамындағы крахмал мен ақуыз мөлшері шешуші рөл атқаруы мүмкін. Сондықтан зауытқа кез келген астық жарайды деу дұрыс болмайды.

Жобаның тәуекелі де аз емес. Үш млн тонна шикізатты бір өңірден тұрақты жинау қиын болуы мүмкін. Құрғақшылық болған жылдары зауыт фермерлермен және дәстүрлі экспорттаушылармен ас­тық үшін бәсекеге түседі. Бұған қоса, кәсіпорынға мол су, электр энергиясы, жылу, теміржол және қойма инфрақұ­рылымы қажет. Осының қаншасын ин­вес­тор, қаншасын мемлекет қаржылан­дыратыны ашық көрсетілуге тиіс.

Дайын өнім нарығы да алдын ала кепілдендірілуі керек. Зауыт салу – жұ­мыстың жартысы ғана. Егер экспорттық келісімдер болмаса немесе әлемдік баға төмендесе, кәсіпорын толық қуатында жұмыс істей алмайды. Мұндай жағдайда қағаз жүзіндегі 3 млн тонналық қуат нақты өндірістік нәтижеге айналмауы мүмкін.

Зауыт салу бір бөлек…

Мемлекет қазір АӨК-ті қаржылан­дыру тәсілін өзгертіп жатыр. Ауыл шаруа­шылығы вице-министрі Азат Сұлта­нов­тың мәліметінше, бюджет саланың жал­ғыз қаржы көзі болмауы керек. Мемлекеттік қаражат банктер мен жеке инвесторлардың капиталын тартатын құрал ретінде пайдаланылмақ. Бір теңге мемлекеттік қолдауға жеті теңгеге дейін жеке инвестиция тарту көзделген.

2023 жылы АӨК-ті қаржыландыру кө­лемі шамамен 160 млрд теңге болса, 2025 жы­лы ол 1 трлн теңгеден асқан. Оның 153 млрд теңгесі тікелей бюджеттен беріліп, қалған бөлігі нарықтан тартыл­ған. 2026 жылы 272 млрд теңге бюджет қаражаты есебінен көктемгі дала жұмыс­тарына, егін жинауға және техника алуға 1,1 трлн тең­геге дейін қаржы бағыттау жоспарланған. Та­мызға дейін салаға 894 млрд теңге бе­рілген. Ауыл шаруашылығы өндірушілері мен өңдеу кәсіпорындары жылдық 5-6% мөл­шерлемемен жеңіл­детілген несие ала алады.

Қаржы қозғалысын бақылаудың да­йын тетігі бар. Бидайды терең өңдейтін BioOperations кәсіпорны BCC Bank ар­қылы цифрлық теңгемен қаржылан­ды­рылған. Аграрлық несие корпорациясы ұсынған қаражат жеткізушілермен есеп айырысуға жұмсалады. Бағдарлама­ла­натын төлемдер ақшаның алдын ала бел­гіленген мақсат бойынша пайдала­ны­луын бақылауға мүмкіндік береді. Ақ­мо­ладағы жобаға мемлекеттік немесе ква­зимемлекеттік қаржы тартылса, осын­дай бақылау тетігін қолдану орынды.

Қазақстан шикі астық экспортын толық тоқтатпауы мүмкін және мұндай міндетті қоюдың өзі дұрыс емес. Шикізат экспорты да фермерлерге табыс пен елге валюта әкеледі. Мәселе – астықты түгел сыртқа шығаруда емес, экспорт құры­лымын әртараптандыруда. Ел бір бөлігін шикізат түрінде сатып, екінші бөлігін жоғары қосылған құны бар өнімге айнал­дыра алуы керек.

Кәмила ДҮЙСЕН

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:33
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қыркүйек 2026 18:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары