Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін тағам түрін атады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Күн сайын шұжық өнімдерін тұтыну онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Аlmaty.tv-ге сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, тағам рационында әрбір рет 50 грамм өңделген ет қосылған сайын ауруға шалдығу қаупі 18 пайызға өседі. Бұл шұжық өнімдерінің құрамындағы нитриттер мен нитраттарға байланысты. Аталған заттар асқазанда нитрозаминдерге айналады.
Сонымен қатар ет өнімдерін ыстау кезінде немесе қуыру барысында түзілетін канцерогендер де қауіпті арттыра түседі.
Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агенттігінің (IARC) зерттеуінше, шұжық, сосиска және сүрленген шошқа еті (ветчина) канцерогендердің бірінші тобына жатады. Сондай-ақ өңделген етті жиі тұтыну миокард инфарктісі мен инсульттің пайда болу ықтималдығын арттырады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:82
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 09:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















