Дәрігер қажет емес: Қазақстанда қай кезде медбикеге қаралуға болатыны түсіндірілді
Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қазақстанда дәрігер қабылдауына үйден шықпай-ақ eGov мобильді қосымшасы немесе DamuMed сервисі арқылы жазылуға болады. Мамандардың айтуынша, барлық жағдайда бірден дәрігерге жүгіну қажет емес.
Дәрігер қабылдауы қажет жағдайлар:
Жаңа ауырсыну пайда болғанда, денсаулық жағдайы нашарлағанда, дене қызуы көтерілгенде, бөртпе немесе басқа да жіті ауру белгілері байқалғанда; Тексеруден өту, кеңейтілген консультация алу және медициналық диагноз қою қажет болғанда, сондай-ақ жаңа дәрі-дәрмектерді тағайындау немесе олардың дозасын өзгерту кезінде; Орта буын медицина қызметкері жүргізе алмайтын бейінді маманның тексеруі қажет болғанда.Медбикенің қабылдауы жеткілікті жағдайлар:
Созылмалы ауруы тұрақты жағдайда болып, жаңа шағымдар болмаған кезде; Бұған дейін қойылған диагноз бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында рецепт алу, стандартты талдауларға жолдама рәсімдеу және дәрігер тағайындаған қайталама рецепттерді алу қажет болғанда; Артериялық қысымды, бойды, салмақты және дене қызуын өлшеу, тиісті шағымдар болған жағдайда тамақты тексеру, сондай-ақ қандағы қант деңгейін өлшеу қажет болғанда; Дәрігердің тағайындауы бойынша қайталама рецепт алу; Анықтамалар мен үзінді көшірмелерді рәсімдеу қажет болғанда.Қазақстанда жедел жәрдем бригадасының қозғалысын енді геолокация арқылы бақылауға болады. Тиісті бұйрық 2026 жылғы 13 қазаннан бастап күшіне енеді.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығымен денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлкеттік нормативі бекітілді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Қазақстанда вице президент қызметі қай кезде енгізіледі Әшімбаев жауап берді
16 Сәуір 2026 13:43
Қазақстанда қыс қандай болатыны айтылды
17 Қараша 2025 14:11
Экономист несие қай кезде адамға қолдау болатынын, ал қай кезде нағыз қорқынышқа айналатынын айтты
24 Қараша 2025 23:11
Жұмысшыға қай кезде де сұраныс көп
27 Қаңтар 2026 08:45
Нарыққа диплом емес, маман қажет
15 Қыркүйек 2026 07:22
Көрілімдер:43
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 14:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















