Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бурабайдағы көл суы тексерілді: Министрлік алғашқы нәтижелерді жариялады

Астанада полиция формасын киіп пранк түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

Макрон ресми іс шарада тағы да қара көзілдірікпен көрінді

Биыл Еуразия халықаралық байқауында қанша номинация болады

Ел қоржынында 9 медаль: Қазақстан Азия чемпионатында үздік үштікке ене алмады

Әлеуметтік желіде мешіт пен медресеге ақша жинайтындар көбейді

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр Тоқаев

Құрылтай сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

Президенттің кейбір актілеріне өзгерістер енгізілді

Қуатты Қазақстан ­­құру міндеті

ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды сақтап келген

Тығыз байланыс. Грузия премьер министрі Астанаға неге келді?

Ерлан Қарин: Әр азаматқа елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ

Астанада 1 шілдеден бастап Қорғалжын тасжолында қозғалыс өзгереді

Илон Маск әр сағат сайын 1 миллион долларын пешке жағып отырса да, оның 1 триллион долларлық байлығы 114 жылға жетеді

Тоқаев Германияның экономика және энергетика министрін қабылдады

7 тамыздан бастап қазақстандықтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады

Қырғызстандағы кадрлық ауыс түйістер: арнайы қызмет басшысы мен бас прокурор ауысты

Мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған: Ақтөбеде аутизмі бар 5 жасар баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген

Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасау жүргізіледі: Президент заңға қол қойды

Дәріханада жалған дәрі дәрмек сатыла ма: оны қалай тексеруге болады?

Дәріханада жалған дәрі дәрмек сатыла ма: оны қалай тексеруге болады?

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

ІІМ Алматыда жасырын дәрі өндірісі анықталып, ірі көлемде жалған дәрі-дәрмек тәркіленгенін хабарлағаннан кейін, дәрілердің қауіпсіздігі мәселесі қайтадан күн тәртібіне шықты. Tengri Health тілшісі сатып алушылар дәрінің түпнұсқасын қолдан жасалған өнімнен қалай ажыратуға болатынын анықтады.

Жалған дәріні қалай ажыратуға болады?

Мемлекеттік бақылау жүйесі болғанына қарамастан, жалған дәрілер әлі де заңсыз айналымнан анықталып жатыр. Соның соңғы мысалдарының бірі – Алматыда дәрілерді заңсыз тасымалдап, оларды дәріханалар арқылы сатты деген күдікке ілінген төрт фармацевтикалық компания қызметінің тоқтатылуы.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер психотроптық заттар бар дәрілерді де қолдан жасап шығарумен айналысқан. Сондай-ақ тергеу барысында ұйымдастырушыларға ақша үшін қолдау көрсетті деген күдікпен Фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды қызметкерлері анықталып, ұсталды.

Мұндай жағдайлар дәрі сатып алғанда өте мұқият болудың маңызын көрсетеді.

Анықтама: Қазақстанда дәрілерді заңды түрде сату үшін олар мемлекеттік тіркеуден өтуі, дәріханалар мен фармацевтикалық нарықтағы басқа қатысушылар лицензия алуы, сапа талаптарын сақтауы, сондай-ақ таңбалау және қадағалау жүйесіне енгізілуі қажет. Заңнамада көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, елімізде тек тіркелген дәрілерді ғана әкелуге және сатуға рұқсат етіледі.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мәліметінше, сатып алушылар дәрінің түпнұсқа екенін цифрлық таңбалау жүйесі арқылы өздері де тексере алады.

Ведомствоның түсіндіруі бойынша, заңды түрде сатылатын дәрілердің қаптамасында Data Matrix коды болады. Оны Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы сканерлеуге болады.

Анықтама: Қаптамадағы Data Matrix коды арқылы дәрінің өндірушіден бастап сатып алушыға жеткенге дейінгі жолын, оны қай ұйымдар қабылдап, сақтап және сатқанын көруге болады.

Data Matrix коды

Кодты сканерлегеннен кейін жүйе:

дәрінің заңды айналымда бар-жоғын; қаптаманың ресми жеткізу тізбегі арқылы өткен-өтпегенін; кодтың айналымнан шығарылған-шықпағанын көрсетеді.

Егер жүйеде ешқандай мәлімет шықпаса, мұндай дәріні сатып алмаған дұрыс.

Дегенмен комитетте кодтың болмауы әрдайым дәрінің жалған екенін білдірмейтінін атап өтті.

"Міндетті таңбалау тек 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген дәрілерге енгізілді. Бұған дейін шығарылған дәрілер жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін Data Matrix кодынсыз айналымда бола алады", – деп түсіндірді комитет.

Анықтама: 2026 жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша комитетке дәрі-дәрмектегі кодтың қолдан жасалғанына қатысты ресми шағым түспеген.

Сонымен қатар дәрінің мемлекеттік тіркеуден өткенін DARIKZ мобильді қосымшасы немесе Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сайты арқылы тексеруге болады.

Фото: depositphotos.com

Анықтама: Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы бұйрығына сәйкес, міндетті цифрлық таңбалау барлық дәріге бірдей қолданылмайды. Бұл талап дәріханаларда дайындалатын дәрілерге, клиникалық зерттеулерге арналған препараттарға, радиофармацевтикалық дәрілерге, тек экспортқа шығарылатын өнімдерге, сондай-ақ таңбалау жүйесі енгізілгенге дейін өндірілген немесе Қазақстанға әкелінген дәрілерге қолданылмайды. Бұдан бөлек, кейбір арнайы санаттағы дәрілер де таңбаланбайды.

Дәрілердің заңсыз айналымы қаншалықты жиі анықталады?

Ведомство мәліметінше, жалған және тіркелмеген дәрілер көбіне елге заңсыз әкелу, бейресми сайттар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сату, сондай-ақ фармацевтикалық қызметке лицензиясы жоқ адамдар арқылы таралады.

Дәрілер айналымы саласындағы заңбұзушылықтар жыл сайын анықталып, олардың материалдары сотқа жіберіледі немесе әкімшілік тәртіппен қаралады.

2026 жылдың басынан бері жалпы сомасы 21,2 миллион теңгеге 44 әкімшілік хаттама толтырылған. 2025 жылы 77 миллион теңгеге 161 хаттама, ал 2024 жылы 31 миллион теңгеге 51 хаттама тіркелген.

Заңсыз дәрі сатуды интернет пен маркетплейстерде тоқтатуға ерекше назар аударылып отыр. Фармацевтикалық бақылау комитеті мәліметінше, 2025 жылы тіркелмеген дәрілерді сату туралы ақпаратты өшіру талабымен 20-дан аса өтініш жолданған.

"2026 жылы мұндай дәрілерді таратқан 128 интернет-ресурсқа қолжетімділікті шектеу шаралары басталды", – деп хабарлады комитет.

Қолданыстағы бақылау жүйесіне қарамастан, жалған дәріге тап болу қаупі толық жойылған жоқ. Сондықтан мамандар дәрілерді тек лицензиясы бар дәріханалардан сатып алып, олардың түпнұсқалығын міндетті түрде тексеруге кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Дәрі-дәрмек

дәріхана

тексеріс

жалған құжат

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 09:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бурабайдағы көл суы тексерілді: Министрлік алғашқы нәтижелерді жариялады

30 Маусым 2026 18:55see121

Астанада полиция формасын киіп пранк түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

30 Маусым 2026 16:16see118

Макрон ресми іс шарада тағы да қара көзілдірікпен көрінді

30 Маусым 2026 15:42see117

Биыл Еуразия халықаралық байқауында қанша номинация болады

30 Маусым 2026 15:53see117

Ел қоржынында 9 медаль: Қазақстан Азия чемпионатында үздік үштікке ене алмады

30 Маусым 2026 15:16see115

Әлеуметтік желіде мешіт пен медресеге ақша жинайтындар көбейді

30 Маусым 2026 16:10see115

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр Тоқаев

30 Маусым 2026 15:25see114

Құрылтай сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

01 Шілде 2026 17:53see114

Президенттің кейбір актілеріне өзгерістер енгізілді

01 Шілде 2026 15:51see113

Қуатты Қазақстан ­­құру міндеті

01 Шілде 2026 15:54see113

ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды сақтап келген

01 Шілде 2026 22:48see113

Тығыз байланыс. Грузия премьер министрі Астанаға неге келді?

30 Маусым 2026 15:41see112

Ерлан Қарин: Әр азаматқа елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ

01 Шілде 2026 00:02see112

Астанада 1 шілдеден бастап Қорғалжын тасжолында қозғалыс өзгереді

30 Маусым 2026 20:27see111

Илон Маск әр сағат сайын 1 миллион долларын пешке жағып отырса да, оның 1 триллион долларлық байлығы 114 жылға жетеді

01 Шілде 2026 16:15see111

Тоқаев Германияның экономика және энергетика министрін қабылдады

30 Маусым 2026 18:57see109

7 тамыздан бастап қазақстандықтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады

01 Шілде 2026 19:07see109

Қырғызстандағы кадрлық ауыс түйістер: арнайы қызмет басшысы мен бас прокурор ауысты

30 Маусым 2026 21:08see109

Мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған: Ақтөбеде аутизмі бар 5 жасар баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген

01 Шілде 2026 07:07see108

Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасау жүргізіледі: Президент заңға қол қойды

01 Шілде 2026 16:37see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары