Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

Алматы 2024 жылғы референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша белгіленген межеден асып түсті

Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

Формула 1 Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы Гран при жарыстарын өткізбейтін болды

Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті

Референдум 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

Лондондағы қазақстандықтар таңғы уақыттан бері референдумда дауыс беріп жатыр

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде Әжелер хоры ән айтты

Қысқы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы эстафеталық жарыста бесінші орын алды

Тосын қошемет : Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр

Қызылорда облысында референдум заң талабына сай өтіп жатыр Бақтияр Таубайұлы

СОЦИС А exit poll сауалнама нәтижесі белгілі болды

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Референдум 2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

Үйренетін нәрсе көп: ТМД бақылаушылары Қазақстандағы референдум туралы айтты

Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ

Өңірлердегі байқаушылар: Референдум заң шеңберінде өтіп жатыр

Референдум Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңді ашады Өзбекстан ОСК төрағасы

Конституция есімді Тараз тұрғыны референдумда өз дауысын берді

Бүгін Маңғыстау облысында автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

Дәрімен қамту саласы қолдауға зәру

Дәрімен қамту саласы қолдауға зәру

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Стратегиялық маңыз­ды саладағы қымбатшылықты құрықтау үшін Мемлекет басшысы Үкіметке міндет қойды. Президент тапсырмаларын іске асыру аясында Қазақстанда тағы 4 жаңа фармацевтикалық зауыт салынбақ. Бірақ өндіріске қозғау салынғанымен, медикаменттердің құны да аспандап барады. Өнім өндірісі мен оның бағасының жарысында кім озады?

Мақсаты өршіл жобалар

Шенеуніктер фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы үнемі баяндайды. Жуырда Үкімет Денсаулық сақтау министрлігінің «АлтИНФАРМ» ЖШС-мен, «МСП-РОМФАРМ» ЖШС-мен, «Абди Ибрагим Глобал фарм» ЖШС-мен және «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ-мен арада фармацевтикалық өндірістерді жергіліктендіру жөнінде инвес­тициялық келісімдер жасасуын мақұлдады. 

Тиісті қаулыларға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды. Бекітілген бұл жобалар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 173 миллиард теңгені құрауға тиіс. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 356 атаудағы дәрілік заттардың өндірісі Қазақстанға көшірілуі қажет. Оның қата­рында әлеуметтік маңызы бар препараттар да бар. Өндірістік желі онкологиялық ауруларды, қант диабетін емдеуге арналған дәрілерді, сондай-ақ иммунобиологиялық, ауырсынуды басатын, анемияға, қабынуға, суық тиюге, вирусқа, микробтарға қарсы препараттарды қамтиды. 

2 жаңа кәсіпорын Алматы қаласында, бір-бірден Түркістан және Алматы облыстарында орналасады деп күтіледі. Бірақ құрылыстар әлі басталмаған. Бәрі жоспар күйінде. Тек мінсіз жоспар сол қағаз жүзінде қалмаса болғаны. Салаға жауапты тұлғалар өзіне артылған сенімді ақтап шықса, елге үлкен игілік келуі мүмкін. 

Атап айтқанда, біріншіден, «АлтИН­ФАРМ» ЖШС алдынан кедергілер туын­дамаса, Алматыдағы «Инновация­лық технологиялар паркі» арнайы экономика­лық аймағында фармацевтикалық зауыт салуды көздеп отыр. Инвестиция көлемі 58,5 млрд теңгеге бағаланыпты. Жаңа зауытта 54 аталымдағы дәрілік затты шығару жос­пар­ланған, оның 35-і – әлеуметтік маңызға ие. Өндірістік портфельге иммуно­биологиялық препараттар, сондай-ақ онкологиялық ауруларды, қант диабетін емдейтін дәрілер кіреді. Кәсіпорында шамамен 60 адам істеуі ықтимал. Стратегиялық серіктес ретінде Sinopharm, Sinovac пен Kangtai Biological Technology компаниялары қатысады.

Екіншіден, «Нобел Алматы фармацев­тикалық фабрикасы» АҚ-ның жобасы аясында Алматыда халықаралық GMP стан­дарттарына сай белсенді фармацевти­калық ингредиенттерді, дәрілік заттар мен биопрепараттарды өндіретін фармкешен салынбақ. Инвестиция көлемі – 39,2 млрд теңге. 53 атаудағы дәрілік зат шығару жос­парланған. Оның 17-сі – әлеуметтік маңызды. Жоба кемінде 200 жұмыс орнын құруды көздейді. Стратегиялық серіктес – әлемге танымал түркиялық Nobel İlaç.

Үшіншіден, «Абди Ибрагим Глобал фарм» ЖШС Алматы облысында көпсалалы өндірістік желілері бар фармацевтикалық кешен құруды қарастырады. Инвестиция көлемі 39 млрд теңгені құрайды. Вирусқа қарсы препараттарды, II типті қант диабетін емдеуге арналған дәрілерді және антианемия­лық құралдарды қоса алғанда, 76 атаудағы дәрілік зат шығару жоспарланған. Жоба кемінде 150 жұмыс орнын ашуды көздейді. Стратегиялық серіктес – түркиялық Abdi İbrahim.

Төртіншіден, «МСП-РОМФАРМ» ЖШС Түркістан облысындағы TURAN арнайы экономикалық аймағында және Алматы облысындағы өндірістік алаңдарда жоғары технологиялы фармацевтикалық зауыттар салуға ниетті. 36,7 млрд теңге ақшасын инвестиция ретінде құюға да дайын тұр. Ісі өрге басса, 101 атаудағы дәрілік затты Қазақстанда шығаруға әзір. Оның қатарында ауырсынуды басатын, қабынуға, суық тиюге және микробтарға қарсы препараттар бар. Шамамен 265 жұмыс орны құрылуы ықтимал. Жобаның серіктестері – World Medicine және Rompharm. Жалпы алғанда, осы инвестициялық жобаларды іске асыру аясында шамамен 675 жаңа жұмыс орны ашылуы керек. 

Дәрі бағасы көтерілу үстінде

«Зауыттардың салынуы және пайдалануға берілуі Қазақстанда дәрілік заттардың отандық өндіріс үлесін айтарлықтай арттыруға, фармацевтикалық нарықтың импортқа тәуелділігін азайтуға, дәрілік қамтамасыз етудің тұрақтылығын нығайтуға және халықты қолжетімді әрі сапалы отандық дәрі-дәрмекпен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл дәрілік қауіпсіздікті арттыру мен денсаулық сақтау жүйесінің орнық­тылығын күшейтудегі маңызды элементтердің бірі болмақ», ­­  – деп уәде етті Денсаулық сақтау министрлігі. 

Алайда Energyprom мониторингтік агенттігінің деректеріне сәйкес, өндіріс көлемінің ұлғаюына қарамастан, елде дәрі-дәрмек бағаларының қымбаттауы өрістеді. «Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер бағасы қатарынан 51 ай бойы қымбаттап келеді және айлық динамикада бағаның төмендеуі статистика жүргізіле бастаған кезден, яғни 15 жыл ішінде бірде-бір рет тіркелмеген! 2025 жылғы желтоқсан қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімдер бір айда 0,9%-ға, жылдық есепте 13,6%-ға қымбаттады. Баға өсімі 2026 жылғы қаңтарда да жалғасты», – дейді агенттік сарапшылары. 

Былтырғы желтоқсанның қорытындысы бойынша ең айқын қымбаттау әлеумет­тік тұрғыдан сезімтал әрі кеңінен қолданыла­тын препараттарда байқалды. «Корвалол» баға­­­сы 23,2%-дан аса, ацетилсалицил қышқы­­лы – 33,9%-ға, парацетамол – 44,6%-ға, белс­ендірілген көмір 1,5 еседен астамға қым­баттады. Бұл препараттар халық ара­сында кең сұранысқа ие әрі тұрақты қол­даны­латындықтан, инфляциялық әсер­дің негізгі бөлігін қалыптастырып, дәріха­на сегментіндегі баға құбылуына тікелей ық­пал етеді. Өзге әлеуметтік маңызды меди­ка­мент­тер орта есеппен 12%-ға дейін қымбаттаған. 

Сөйтіп, отандық фармзауыттар елдегі дәрі-дәрмекке деген тапшылықты өтеп отыр, алайда оның бағасының арзандауына ықпал етпеген. 2025 жылдың қаңтар-жел­тоқсан айларында фармацевтикалық өнімдер өндірісінің көлемі 191,2 млрд теңгені құрады. Жыл ішінде өндіріс көлемі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға артқанымен, инфляцияны ескергенде нақты өсім небәрі 1,9% болды.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өнді­рісі: 2021 жылы – 198,7 млрд теңге, 2022 жылы – 162,6 млрд теңге, 2023 жылы – 144,3 млрд теңге, 2024 жылы небәрі 171,6 млрд теңге болды. Ал долларлық баламада өнді­ріс көлемі 2021 жылғы 457,8 млн доллардан 2024 жылы 327,5 млн долларға дейін төмендеген.

Салада қандай түйткілдер бар?

Саладағы мәселелер тек бағамен шек­телмейді. Мысалға, ақпарат құралдары, са­рапшылар көбіне Қазақстанда трансплан­тацияны күтіп, ақыры алмастыруға ағза таба алмай, көз жұматын паценттерге екпін салады. Бұл тұрғыда басқа бір қорқынышты проблема қалыптасқан екен: зарыға күткен күнге жетіп, табысты ота жасатқан сырқаттар артынша қажетті дәрімен жете қамтылмай мерт болуы мүмкін. 

Бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастардың дәрі-дәрмекпен уақытылы және үздіксіз қамтамасыз етілмеуі пробле­масын Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас нефрологы, медицина ғылымдарының докторы Салтанат Тұған­бекова көтеріп, жауапты ведомстволардың есігін қағып жүр. Оның айтуынша, транс­плантациядан кейін кейбір науқас қиын­дықтарға душар болады. 

«Әсіресе, жаңадан анықталған науқастар қажетті медициналық көмекті де, өмірлік маңызды препараттарды да әрдайым жедел ала алмай қалатын жағдайлар жетерлік. Бұған қоса мемлекет беретін дәрілер жет­кілікті түрде тиімді болмай шығып жатады. Бұл трансплантаттың, енгізілген ағзаның қабылданбауы тәуекелін арттырып, әрі қарайғы емдеуді қиындатады. Осы мәселені шешу науқастардың денсаулығын және өмірін сақтау үшін өте маңызды», – деді сарапшы. 

Елдің штаттан тыс бас нефрологы атап өткендей, қазіргі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, трансплантациядан кейінгі науқастарға өмір бойы тек бір өндірушінің дәрілері берілуі керек. Бірақ мемлекет бюджетті үнемдеу үшін препараттың қай арзанын таңдауы мүмкін. 

Сондықтан маманның пайымдауынша, мұндай кесірлі тәжірибеден бас тартып, бірінші орынға мемлекеттің басты байлы­ғы – адамды қойып, сырқаттарға қажет­ті дәрілерді арзанқол аналогтарымен алмас­тыруға жол бермеген жөн. Себебі немқұ­райлылық әлемнің кез келген қазынасынан да қымбат трансплантатты тәннің қабыл­дамай тастауы, салдарынан науқастың жантәсілім етуі қаупін күшейтеді. 

«СҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков бұл мәселеге ерекше назар аударуға уәде етті. Сонымен бірге проблеманың барын жасырмады: оны жою үшін жаңадан анықталған науқастарды қамтуға дәлірек және жүйелі тәсіл қажет екенін мойындады.

Салада қордаланып жатқан басқа да проблема көп: базалық препараттардың қымбаттауы және халыққа қолжетімсіз болуы, «Қазақстанда жасалған» таңбалы кейбір медикаменттердің шынында шетелде өндіріліп, республикада тек құтыға құйы­латыны немесе блистерге салынатыны, өндірісті «жергіліктендіру тереңдігінің» тым таяздығы және басқа түйткілдер тезірек шешімін күтеді.

Елдос СЕНБАЙ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:62
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қаңтар 2026 06:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

15 Наурыз 2026 08:08see115

Алматы 2024 жылғы референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша белгіленген межеден асып түсті

15 Наурыз 2026 18:08see114

Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

15 Наурыз 2026 04:41see114

Формула 1 Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы Гран при жарыстарын өткізбейтін болды

15 Наурыз 2026 06:38see114

Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті

15 Наурыз 2026 21:39see114

Референдум 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

15 Наурыз 2026 09:38see113

Лондондағы қазақстандықтар таңғы уақыттан бері референдумда дауыс беріп жатыр

15 Наурыз 2026 18:08see112

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде Әжелер хоры ән айтты

15 Наурыз 2026 10:43see112

Қысқы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы эстафеталық жарыста бесінші орын алды

15 Наурыз 2026 00:48see111

Тосын қошемет : Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр

15 Наурыз 2026 17:23see111

Қызылорда облысында референдум заң талабына сай өтіп жатыр Бақтияр Таубайұлы

15 Наурыз 2026 15:12see110

СОЦИС А exit poll сауалнама нәтижесі белгілі болды

16 Наурыз 2026 01:20see110

Референдум әлемдік БАҚ назарында

15 Наурыз 2026 10:44see110

Референдум 2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

15 Наурыз 2026 14:44see109

Үйренетін нәрсе көп: ТМД бақылаушылары Қазақстандағы референдум туралы айтты

15 Наурыз 2026 18:19see109

Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ

15 Наурыз 2026 10:05see109

Өңірлердегі байқаушылар: Референдум заң шеңберінде өтіп жатыр

15 Наурыз 2026 20:01see109

Референдум Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңді ашады Өзбекстан ОСК төрағасы

15 Наурыз 2026 16:32see108

Конституция есімді Тараз тұрғыны референдумда өз дауысын берді

15 Наурыз 2026 19:20see108

Бүгін Маңғыстау облысында автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

15 Наурыз 2026 11:20see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары