Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

Абыройы асқақтаған аудан

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

Астаналық тұрғын ұшақ бортындағы бұзақылығы үшін айыппұл төледі

Қоршаған орта қорғауға зәру

Қоршаған орта қорғауға зәру

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алайда даму үдерісімен қатар экология мәселесі де күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Экологиялық ахуалдың оңала қоймауына бірінші кезекте аймақтағы жабайы күл-қоқыс полигондарының шамадан тыс көптігі себепкер болған. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі күн тәртібіне қойылып келе жатқанымен, аймақта бүгінге дейін қоқысты кәдеге жарату жайында сең қозғалар емес.

Облыстың экологиялық департаменті ұсынған деректерге сенсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы атмосфералық ауаны ластаушы заттар көлемі жағынан республикадағы 20 өңірдің ішінде топ ондықтың қатарынан түспей тұр. Тек жыл басынан бергі ғана  шыға­рын­дылар көлемі 141,3 мың тоннаға жетіп жы­ғылған. Бұл көрсеткіш облыстағы өнер­кәсіптік кәсіпорындар мен коммуналдық шаруашылықтардың белсенді жұмысына тікелей байланысты екенін атап өткен жөн. 

Қоршаған ортаны ластауда Степногор, Көкшетау, Біржан сал ауданы мен Зеренді ауданы көш бастаған. Себебі I санаттағы өндіріс орындарының басым бөлігі дәл осы аумақтарда орналасқан. Облыста бүгінгі таңда 95 кәсіпорын I санат бойынша тір­келген. Олардың 25 пайызы тау-кен және тау-кен өңдеу саласына тиесілі болса, 24 пайызы коммуналдық сектор, 15 пайызы құрылыс, 12 пайызы агроөнеркәсіп кеше­нінде, 6 пайызы химия өнеркәсібі мен 4 па­йызы жылу-энергетика саласында қызмет етеді. 

Сонымен бірге соңғы жылдары эколо­гиялық реттеу тетіктері арқылы нақты нәтижелерге де қол жеткізілгенін атап өткен жөн. Құзырлы органның мәліметінше биылғы жылдың 11 ай ішінде қоршаған ортаға тарайтын зиянды шығарындылар көлемі 19 мың тоннаға дейін азайтылған. Бұған аймақтағы іргелі кәсіпорындардың ауаға шығарылатын түтін мен күл-қоқысты тазартуға бағытталған арнайы сүзгі қон­дырғыларын орнатуы себеп болыпты. Атап айтқанда, Көкшетаудағы «Көкшетау Жылу» кәсіпорнында электросүзгіштер жөнделіп, қосымша сүзгілер орнату арқылы жылдық эмиссия 1,530 мың тоннаға қысқарған. «Қазақалтын» серіктестігінің Жолымбет кенішінде жүргізілген рекультивация жұ­мыстары тағы 1,134 мың тонна шығарын­дылардың атмосфераға тікелей шығуының алдын алып отыр. Ал «Интергаз Орталық Азия» компаниясының филиалында төрт бірдей ластау көзін жою нәтижесінде 6,346 мың тонна зиянды заттың атмосфераға таралуы тоқтатылған. 

Сарқынды сулар бойынша да оң дина­мика байқалады. Жалпы төгінді көлемі 3,943 мың тоннаға азайған. Өндірістік қалдықтарды орналастыру лимиті 35,5 мың тоннаға қысқартылған.

Құзырлы орган бүгінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы дерлік цифрландырылып, электронды жүйеге көшірілгенін атап өтті. 

Мем­лекеттік экологиялық бақылау бағыты да назардан тыс қалмаған. Жүр­гізілген жұмыстар эко­логиялық заңнаманы өрескел бұзғандарды анықтап, қоршаған ортаға залал келтіргендер заңға сәйкес айыппұл арқалаған. Ведомство деректеріне сенсек тек жыл басынан бері  78 кәсіпкерлік субъектісі тексеріліп, соның барысында 90 заңбұзушылық анықталған. 56 іс бойынша нұсқама беріліп, 119 әкімшілік хаттама толтырылған. Жалпы салынған айыппұл көлемі 47 миллион теңгеден асып жығылған. Сот органдары арқылы қосымша 9 миллион теңгеге жуық қаржы өндірілуі экологиялық талаптарды өрескел бұзушылар қатарының азаймай тұрғанын аңғартады. 

Негізгі заң бұзушылықтардың қатарында эмиссия көлемінің шамадан тыс асып кетуі, экологиялық рұқсатсыз қызмет ету, мемле­кеттік экологиялық сараптама талаптарының сақталмауы және өндірістік қалдықтарды дұрыс басқармау сияқты мәселелері жиі бақыланған.

Департамент дерегінше, зертханалық-талдамалық бақылау бағытында да тұрақты жұмыс жүргізіліп келеді. Су ресурстары бойынша 38 сынама алынып, 191 көрсеткіш анықталған. Ауа сапасына қатысты 134 сынама жиналып, атмосфералық ауаның санитарлық қорғау аймақтарындағы, елді мекендердегі және автокөлік көздеріндегі жағдайы қадағаланған. Жалпы, облыста ауа сапасы төмен ластану деңгейінде деп бағаланғанымен, кейбір жекелеген күндері көміртек оксиді, күкірт диоксиді және күкіртті сутек бойынша қысқамерзімді ауытқулар тіркеліпті. Алайда олар жоғары немесе экстремалды деңгейге жетпеген. Облыстың экология департаментінің басшысы қоршаған ортаның ластану деңгейін автоматты түрде анықтау және бақылау мүмкіндігі де біртіндеп жүзеге асырылып келе жатқанын айтады. 

– Қоршаған ортаға келетін әсерді автоматты түрде бақылауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату мәселесі кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Қазіргі уақытта Ақмола облысында мұндай жүйе орнатуға міндетті бес кәсіпорын бар. Оның екеуінде толық орнатылса, ал үшеуінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – ашықтықты арттырудағы маңызды қадам болып отыр, – дейді Мағзұм Асхатұлы.

Экология – тек бақылау мен айыппұл ғана емес, ең алдымен экологиялық мәде­ниеттен басталады десек, қателеспейміз. Құзырлы орган бұл бағытта атқарылған жұмыстар да ауқымды екенін жеткізді. Департамент дерегінше биылғы жылы әлеуметтік желілерде 285 жарияланым жарық көрсе, бұқаралық ақпарат құрал­дарында 83 мақала жарияланып, телеар­наларда 19 сюжет көрсетіліпті. Мектептер мен жоғары оқу орындарында экология­лық тақырыптарда экосағаттар ұйым­дастырылып, студенттер өндіріс орында­ры мен зертха­наларға экскурсия жасап, табиғатты қорғау саласының нақты жұ­мысымен танысқан. 

– «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өткен жылы Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы экология­лық сенбіліктер өтті. Бұл шараларға 734 мыңнан астам тұрғын қатысқан. 140 мыңнан аса аула тазартылып, 758 саябақ пен гүлзарлар абаттандырылды. 1 779 тарихи-мәдени ескерткіштің маңы ретке келтіріліп, 82 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бұл – қоғамның табиғатқа деген көзқара­сы­ның біртіндеп өзгеріп келе жатқанын көр­сете­ді, – деді Ақмола облысы экология де­партаментінің басшысы Мағзұм Кукумбаев.

Алайда қоршаған ортаны қорғауда жетістіктермен бірге шешімін таппаған түйткілді мәселелер де аз болмай шықты. Соның ішіндегі ең өзектісі заңсыз қоқыс полигондары болып отыр. Ғарыштық мониторинг арқылы биылғы жылы облыс аумағында 458 бірдей заңсыз қоқыс орны анықталғаны мәлім болды. Оның 417-сі жойылғанымен, мәселе түбегейлі шешіле қойды дей алмаймыз. Негізгі себеп тұр­мыс­тық қалдықтарды орналастыру мен қай­та өңдеу инфрақұрылымының жеткі­ліксіздігі болып тұр. Облыс әкімдігінің де­регінше аймақта орналасқан қоқыс по­лигондарының 130 жер телімінің тек 25-інде ғана заңды рұқсат құжаттары бар болып шықты. Жауапкершіліктің басым бөлігі аудан мен қала әкімдіктеріне жүктеліпті.

Тағы бір күрделі түйін – су бұру және кәріз тазарту жүйесінің әбден тозығы жетіп, көпшілігінің тіпті істен шығуы болып отыр. Мәселен, облыс орталығы Көкшетаудың өзінде тазарту құрылыстарының тозуы 90 пайызға жеткен. Қосшы қаласында да халық санының күрт өсуіне байланысты қолданыстағы қуат тым жеткіліксіз болып шықты. Степногор қаласында сарқынды сулардың бәрі тікелей Ақсу өзеніне төгілетіні анықталған. Ал Бурабай өңіріндегі тазарту құрылыстарында залалсыздандыру жүйелері толықтай істен шығып, жабдықтардың тозуы экологиялық аса үлкен қауіп төндіріп отыр.

Аймақта экологияны жақсартуға ба­ғытталған шаралар да дер уақытында жүзеге асырылмай келеді. Мәселен, 2020-2025 жылдарға арналған экологиялық жол кар­тасындағы 30 іс-шараның тек 13-і ғана толық орындалған болып шықты. Он шара жартылай ғана жүзеге асса, ал қалған жеті жоба мүлде тоқтап қалған. Әсіресе, қоқыс полигондарын салу, ескі полигондарды жою, қоқыс жағатын зауыттар салу сынды маңызды бастамалар тек қағаз жүзінде қалып қойған. Қазіргі уақытта 2026-2028 жылдарға арналған жаңа Жол картасы әзірленіп, қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 06:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see117

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see115

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

15 Шілде 2026 23:20see115

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see114

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see113

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see113

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see113

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see112

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see112

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see112

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see112

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

15 Шілде 2026 13:44see111

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

15 Шілде 2026 21:04see110

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

15 Шілде 2026 14:58see110

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

15 Шілде 2026 17:44see110

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

15 Шілде 2026 13:14see110

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see110

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see110

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

15 Шілде 2026 16:13see110

Астаналық тұрғын ұшақ бортындағы бұзақылығы үшін айыппұл төледі

14 Шілде 2026 14:15see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары