Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Кейінгі деректерге көз жүгіртсек, елімізде трансплантация жөніндегі күту парағына 4506 пациент тіркелген. Осы тізімде бүйрек жеткіліксіздігіне шалдығып, диализдің көмегімен жүрген азаматтардың үлесі – 4052 адам, оның 94-і бала. Елімізде ағза донорлығына қатысты кезекте тұрғандардың 90%-ға жуығы бүйрекке мұқтаж. Ең өкініштісі, жыл сайын ауру әбден меңдеген 300-ден астам пациент тізімнен түсіп қалса, сырқаты асқынған өзге пациенттер олардың орнын басады.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Жалпы, елімізде 25 мыңнан астам адам созылмалы бүйрек ауруымен есепте тұр. Оның ішін­де 8 мың пациент гемодиализге (жасанды бүйрек) тәуелді. Бүй­рек ауруы асқынса, салдары жүрек жетіспеушілігіне, инсультке, тағысын-тағы емі күрделі ауруларға апарып, соңы қайғылы аяқталуы әбден мүмкін. Бүйрек ағзадағы фильтр саналады. Ол ақуыздың алмасуын реттейді. Гормонды синтездейді әрі қан қы­сымын қалыпты ұстап, каль­ций мен Д дәруменінің ағзаға сіңуіне жауап береді. Дәрі­гер­лер жасанды бүйрекке бай­лан­ған пациенттердің көбі ауру­дың алғашқы белгілерін елемей, бейқам жүрген азаматтар екенін айтады. Сондықтан ақ желеңділер қандай ауру мазала­са да үй жағдайында диагноз қой­май, әуелі дәрігерге көрі­нуге кеңес береді. Бүйрек жеткі­лік­­сіз­дігіне шалдыққан науқас­тар­дың жағдайын, гемодиализ ап­паратының қабілетін білу мақ­са­тында Астанадағы B.B.Nura нефро­логия орталығына бас сұқ­қа­нымызда да дәрігерлер ерте қаралғанға ем шипалы болатынын алға тартты.

Ғимарат шағын, ішкі көрінісі қатардағы ауруханаға ұқсамайды. Қаз-қатар тізілген кереуеттер, әр кереуеттің басында үлкен мо­ни­тор, бір-бір аппарат тұр. Па­циент­тердің алды қырыққа шама­лаған, соңы алпыстан асқан деп жобаладық.

«Жасанды бүйректің екі түрі болады. Бірі перитонеалды диализ, екіншісі – гемодиализ. Пери­тонеалды диализді пациенттер көбіне үй жағдайында жасайды. Біздің орталық гемодиализ­бен айналысады. Мекеменің ба­лансында бас-аяғы 28 орталық бар, соның төртеуі Астанада орна­ласқан. Басқаны айтпаған­да, был­тыр қазан айында ғана ашыл­ған осы орталықтың өзіне күніне 40 адам келіп ем алады. Жұмыс істеп тұрған гемодиализ аппараттарының саны – 18, жуықта 20-ға жетеді деген жоспар бар. Аппараттары жаңа, құрал-жабдығы түгел. Орталықта 72 пациент тіркелген. Олар аптасына 3 мәрте, 4 сағат аппаратта жатады. Емшара шарты солай. Кейінгі жылдары бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттер көбейіп барады. Мекемеге қарасты әрбір ге­модиализ орталығына жүзде­ген пациент қатынайды», деді орталықтың нефролог дәрігері Айдана Қуанышева жалпы жағ­дай­ды түсіндіріп. 

Созылмалы бүйрек жеткіліксіз­дігіне шалдыққандардың барлығы дерлік гемодиализ аппаратымен ұзақ жыл «дос» болады. Бүйрегі өздігінен жұмыс істемейтіндерге арналған аппараттың «жасанды бүйрек» деп аталып кетуі тегіннен-тегін емес. Қысқасы, құрылғы бүйректің қызметін атқарып, ағза­дағы зиянды, улы заттарды та­залайды. Бүйрегі өздігінен қал­пы­на келмейтін пациенттер үшін қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы – трансплантация. Туыстық немесе мәйіттік донор арқылы бүйрегін ауыстыруды ойлағандар операцияға дейін жасанды бүйрекке тәуелді болады. Елдегі мәйіттік донорлықтың даму қарқыны баяу екенін ескерсек, операцияға бекінгендердің көбі туыстық донорлыққа жүгінеді. Алайда трансплантацияға екінің-бірінің шамасы келе бермейді. Туыстық донор табылды деген­нің өзінде пациенттің басқа да ас­қынған аурулары болуы мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздіге апаратын созылмалы аурулардың арасында қант диабеті, қан қысымының жоғарылауы, бүйректе тас болуы, басқа да асқынулар бар. Кейбір дәрілік заттардың да бүйрекке кері әсері тиюі мүмкін. Ескеретін жайт, бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққандардың барлығы өмір бойы аппаратқа таңылмай­ды. Мысалы, жедел бүйрек жеткілік­сіздігі деген бар. Ол пациенттер гемодиализді 3 айдан 1 жылға дейін алуы мүмкін. Егер ауру жылдан асса, созылмалы түрге ауысады. Ол кезеңге жетпей, аман-есен шықса, қалыпты өмірге қайта оралады. Емханаға тексеріліп, анализдерін тапсырып жүреді. Орталық мамандарының айтуынша, қазір бүйрек аурулары жас талғамайтын болған. Гемо­диализге 20-ға енді толған жас­тар­дан бастап, 85 жасқа таяған қария­ларға дейін барады. Одан бөлек, балалар гемодиализі деген бар. Бірақ онымен біз барған орталық айналыспайды екен.

Дәрігермен әңгімеден соң гемодиализ құрылғысының қан­ды қалай тазартатынын көріп-біл­дік. Аппарат адамға қосылған соң, төрт сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істейді екен. Осы аралықта дәрі­герлер науқастың қан айналымын жіті бақылайды. Қан ағзада минутына 350-380 мл-ден айналуға тиіс. Құрылғының жұмысына қатысты кейбір сұрақтардың жауабын білу мақсатында нефролог дәрігер Айдана Қуанышеваға қайта жүгіндік.

«Жасанды бүйрекке бірне­ше жыл келетін пациенттердің бүй­ре­гін «елес бүйрек» деп айт­сақ та болады. Біздің құрылғылар сол бүйректі алмастырады. Он­сыз науқастың ғұмыры қысқа. Гемодиализ аппаратында бүйрек­тің жұмысын атқаратын сүзгілер болады. Адамның бүйрегі табиға­тынан 24 сағат жұмыс істеуге тиіс болса, науқастардікі құрылғыға қосылғанда 4 сағат қана жұмыс істейді. Аппараттан келетін екі түтікшенің бірі күретамырға, екіншісі көктамырға жалғанып, гемодиализге өтеді. Қан сүзгіден өткенше қоюланбауы үшін гепарин деген дәрі құямыз. Гемодиа­лиз аппараты қанды әуелі күрета­мырдан алып, сүзгіден өткізеді. Сосын көктамыр арқылы қайта пациентке тазарған қан құйылады. Сүзгіден негізінен креатинин, мочевина, калий, натрий, қант секілді шамадан тыс артық заттар алынады. Бір пациенттен кейін гемодиа­лиз аппараты 40 минуттай өзін-өзі тазалайды да келесі пациентке кезек келеді», деді А.Қуанышева.

Бүйрек жеткіліксіздігінің созылмалы ауруына шалдыққандар I топтағы мүгедек санатында бол­ған соң, оларға тиісті медицина­лық қызметтің барлығы тегін. Оның ішіне аптасына үш мәрте қабылдайтын емшарадан бө­лек, мемлекеттен берілетін дәрі-дәрмек, көлікпен тасымалдау, бәрі-бәрі кіреді. Жүргізушілер әр пациентті белгіленген тәртіппен уақыттан қалдырмай орталыққа жеткізіп, қайта үйіне апарады. Орталық МӘМС есебінен қар­жыландырылады. Егер қызмет ақылы негізде көрсетілсе, бір емнің құны 45 мың теңге шамасында болады. Яғни аптасына 135 мың теңгеден айналады. Созылмалы ауруы асқынып, осындай емге баратындардың көбі өмірінің соңына дейін аппараттың көмегімен келесі күнге дін-аман жетеді. МӘМС жарнасы қайда кетіп жатыр деген сұраққа бұл да бір жауап. Бүйрегі істен шық­қан пациенттерге нефролог дәрігер­лер бұдан бөлек те емшаралар тағайындайды. Оның бәрін пациенттер дәрігерге ысыра салмай, әуелі өзі психологиялық тұрғыда емге дайын болуы керек. Күтініп, сақтанып жүруге тиіс. Сонда ем қонады. Гемодиализ орталығына қатынап жүрген 55 жастағы Гүлмира Балабекқызы да осы пікірді қуаттады.

«Гемодиализге қыркүйектен барып жүрмін. Оған дейін жүрекке операция жасалды. Көңіл күй жақсы, диализден кейін тіптен жеңілдеп қаламын. Мұнда пациент­терге жайлы жағ­дай жасалған. Аппаратқа алғаш жатқанда ауыр­лау қабыл­да­ға­ным рас, қазір үйреніп қал­дық. Гемодиализге бармасам, денем қайта ісіне бастайды. Сондық­тан қалмаймын. Диализге келетін­дердің ішінде 16 жылдан бері қатынап жүрген­дер де бар, ғұмы­ры ұзақ болсын. Диа­лизден бөлек, біздің саулы­ғымызды нефролог дәрігерлер тұрақты бақылайды, емшара та­ғайын­дайды, оның бәріне бірте-бірте бой үйретіп келеміз», дейді пациент.

Гемодиализ қанды бірнеше сағатта сүзіп, тазарта салатын жеңіл процедура емес. Пациент жасанды бүйректен кейін бірде өзін жайлы сезінсе, кейде нашар сезінуі мүмкін. Жаны қысылып, қиналатын жайттар да кездесе­ді. Оған пациенттің тұтынған ас-ауқа­­тынан бастап, күн райы да себеп болуы мүмкін. Тағы бір себе­бі, диализ кейде қандағы ар­тық заттардан бөлек, ағзаға қажет каль­ций, глюкоза, гемоглобин, ақуыз секілді элементтерді қоса алып кетеді. Жасанды бүй­рек­ке бірнеше күн кешігіп келген пациенттердің басы айналып, өзін өте жайсыз сезінуі мүм­кін. Медицинада бүйрек жеткілік­сіздігінің 5 сатысы бар, нефрологтер аурудың бірінші, екінші сатысында науқасты анықтап, дерт­тің асқынып кетпеуін барын­ша қадағалауға тырысады. Яғни аурудың алдын алып, пациент­терді гемодиализге тәуелді болудан сақтайды.

Елімізде гемодиализдің көме­гімен 20-30 жыл немесе одан да ұзақ таң атырған өмірге құштар пациенттер баршылық. Олар бүйрек жеткіліксіздігі соңғы үкім емес екенін дәлелдеп келеді. Қо­рыта келгенде, бүйрек сыр бер­се зәр көбіктеніп, түсі өзгеріп, бойда әлсіздік пайда болады екен. Кіші дәретке шығу жиілігі, іштің ауруы мен жүректің айнуы, қан қысымының көтерілуі де ауру­дың бір белгісі. Дерт асқынған жағ­дайда зәрде қан байқалып, дене қалтырап, бөртпелер пайда болуы мүмкін. Нефрологтер аурудың белгілері байқалса, уа­қыт оздырмай бірден емханаға жү­гінгеннен абзалы жоқ екенін үнемі ескертеді.

Соңғы жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта ел чемпионы атанды

Күрес • Кеше

«Егемен Қазақстан» фото тілшісі Ерлан Омаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Марапат • Кеше

Елімізде 30 елді мекенді су басу қаупі бар

Су тасқыны • Кеше

Сарапшы: Елімізде жоғары жылдамдықпен жүретін тасжолдарда жылдамдық режимі біркелкі емес

Қоғам • Кеше

Асхат Аймағамбетов: Қызметкерлерге скринингтен өту үшін жылына 3 күнге дейін демалыс беріледі

Қоғам • Кеше

Жетісу облысындағы балабақшада қауіпті қалдықтар сақталған

Оқиға • Кеше

Мәжіліс мемлекеттік қызмет туралы заң жобасының жаңа редакциясын бірінші оқылымда мақұлдады

Қоғам • Кеше

Ертең еліміздің басым бөлігінде тұман түседі

Ауа райы • Кеше

Көкшетауда 136 млн теңге жинаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шықты

Оқиға • Кеше

Алматыда «ҚазТАГ» агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды

Оқиға • Кеше

Қазақстандық әуе компаниясы Дубайға рейстерді 19 сәуірге дейін тоқтатты

Қоғам • Кеше

Әкімдер қызметі қандай көрсеткішпен өлшенуі керек?

Экономика • Кеше

Шекара қызметінің сарбаздары үйлеріне орала бастады

Әскер • Кеше

«Ұлттық киім» шеруі: Елордалық тұрғындар дәстүрлі киіммен көпшілікті тәнті етті

Мереке • Кеше

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 08:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары