Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Дәуір тұлға Асанәлі Әшімов

Дәуір тұлға Асанәлі Әшімов

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кеңестік және қазақстандық театр және кино актері, режиссер, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов өмірден өтті.  

Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрілігі растады. Марқұм, «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Жаушы» сынды туындылармен танылып, ұлт өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Қазақ киносының корифейі, аңызға айналған арда тұлға Асанәлі Әшімов өнегелі өмірін өнерге арнады. Тағдырын театрмен тоғыстырды. Бес күн тіршілікте қуақы атаққа алдынбады. Арзан мадаққа жалданбады. Жалғанда жарқырап ғұмыр кешті. Исі қазақтың қажетіне жараймын деп өмір сүрді. Жүрегі ұлтым деп соқты. Сол қалпында, биік болмысымен бақиға қол бұлғап кете барды.

Асхат Маемиров, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Қазақ өнері мен мәдениеті үшін бұл орны толмас қаза.  Себебі Асанәлі Әшімов тұтас бір ұлттың, өнерінің мәдениетінің көшін бастап келе жатқан үлкен заңғар тұлғамыз. Асанәлі аға қазақ өнерінің, кәсіби өнерінің негізін қалаған абыздар мен бүгінгі ұрпақтың ортасындағы алтын көпір бола білді. Ұлт рузханиятына қызмет етудің жарқын үлгін көрсетті.

Асанәлі Әшімов - 1937 жылы мамыражай мамырдың 8-ші жұлдызында Жамбыл облысы Сарысу ауданына қАрасты Жайылма ауылында өмірге келді. Балғын балалық күндері соғыс жылдарымен тұспа-тұс келіп, тағдырдың теперішін көп көрді. Кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінде актер мамандығы бойынша білім алды. Ал оның алғашқы еңбек жолы 1961 жылы Қазақфильм киностудиясында басталды.

Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстан Халық Әртісі:

- Сенбей тұрмын, тіпті түнде ғана кешке ғана сөйлесіп, не істеп, не қоямыз деп, тіпті қалжындасып алғанбыз. Екеуміз өміріміз театрда да, өмірде де қамшының өріміндей бірге өріліп келеді. Ол маған қатты еркелейтін еді. Менен бес ай кішілігі бар еді.

Иә, Асанәлі есімі Алашқа театр табалдырығында танылды. Білім алып жүріп-ақ, түрлі рөлдерді ойнап, тәжірибесін шындады. Оның сахнада сомдағанМ. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар рөлдері  мұқым елдің санасында сақталды.

Бауыржан Қаптағаев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Қайран Асанәлі аға, театр мен кино өнерінің биігі, Хантәңірі, Әулие шоқысы, шыңы, үлкен жүрек Асанәлі Әшімов дүниеден озды. Өзінің бір саналы өмірінде үлкендерді ұмытпай, марқұм болған магикандар, театр өнерінің саңлақтары сол кісілерді киінгі жастарға үлгі қылып айтып жүруші еді. Енді тек ғана «ол кісі олай деуші еді, былай деуші еді» деген естеліктер қалды. Әрине, Асанәлі деп, Асанәлінің өнерін сүйетін қазақ еліне, қазақ халқына көңіл айтамын.

Асанәлі Әшімұлы қазақ киносында да қажырлы еңбек етті. Оның кинодағы Бекежан, Шадияров, Мәмбет сынды образдары актердің өзімен бірге өмір сүрді. Ал оның режиссерлігімен таспаланған туындылар түрлі кино фестивальдерде топжарды. Ол түсірген «Жылан жылы», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», «Шоқан Уәлиханов» секілді фильмдер елдің есінде мәңгі сақталды.

Гүлнар Әбікеева, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті:

- Асанәлі Әшімовтің шығармашылық жолы 1950 жылдары басталды. Ол Шәкен Аймановтың «Перекресток» фильмінде, кейін Мажит Бегалиннің «Тревожное утро» фильмінде ойнады. Ол кезде ол өте көрікті, жас, интеллигентті, аса білімді, зияткер адам болатын. Ал оның әйгілі рөлдерінің бірі ретінде «Қыз жібек» шығармасындағы Бекежан образын айтар едім. Одан кейін «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі» сияқты фильмдері бар. Осылайша,  Асанәлі Әшімов Қазақстанның, қазақ киносының визиттік карточкасына айналды.

Тағдырлы тұлғаның ғұмырында қуанышпен қатар қайғы да көп болды. Ол өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында жарынан, кейін қос ұлынан қатар айырылды. Ол жайлы өзі былай дейді.

Дегенмен қанша қиындық көрсе де қажымады. Халыққа қалтқысыз қызмет етті. Қалың қараша Асанәлі Әшімұлының қайраткерлігімен қатар қаламгерлігін де жақсы біледі. Ол жазған «Майраның әні», «Жан бөлек», «Алаштың Асанәлісі», «Менің жанрым – күнделік», «Ғұмыр-дария» атты кітаптары көпшіліктің оң бағасын алды.

Асхат Маемиров, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Меніңше Асанәлі ағаның екінші ғұмыры басталады. Себебі сол өзінің жасаған шоқтығы биік үлкен бейнелері, актерлік, режиссерлік, ұстаздық жолы кейінгі буынға үлкен өнеге, тағылым, үлкен мектеп болып қалды. Сондықтан қазақ мәдени кеңістігінде, аспанында Асанәлі Әшімов биігі, Асанәлі Әшімов шыңы дегенді қалыптастырды.

Енді «адамның жаны – мәңгілік» деп жатады ғой. Демек тәні Өлгенмен адамның жаны барып тұрақтайтын сондай  бір  жердің  болғаны  ғой. Сенбеске  амалың  жоқ! - Ол өзі бір әңгімесінде осылай деді. Тағдырдың түгесілетінін, өмірдің өтетінін білді, сенгісі келмеді. Ал бүгін қаймана қазақ Асанәлі Әшімұлының қазасына сенгісі келмейді.

Авторы: Шернияз Жалғасбекұлы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Желтоқсан 2025 00:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see173

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see161

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see159

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see158

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see155

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see151

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see150

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see147

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see145

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see141

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see141

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see138

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see136

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see133

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see132

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see131

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see130

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see126

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see126

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see124
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары