Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Ауқымды фестиваль өтеді

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

Дәулетін Дамумен молайтқан

Дәулетін Дамумен молайтқан

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биыл маусым айында «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдар­ламасы іске қосылды. Бұл пайыздық мөлшерлемелерді субсидия­лау құралына тиімді балама болуға тиіс. Сондай-ақ әрі кәсіпкерлердің қаржыны кідіріссіз алуына мүмкіндік береді. Шарттары да ыңғайлы. Мерзімі 10 жылға дейін. Осы уақыт ішінде 12,6%-дық мөлшерлеме өзгермейді. Алматы қаласында осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері жалпы несие сомасы 56,6 млрд теңге болатын 114 жоба қолдау тапты.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Жақында «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы арқылы бизнесін дөңгелетіп отырған Алматы іргесіндегі бірнеше зауыт­та болдық. Тек «Өрлеу» ғана емес, «Даму» қорының бағдар­лама­сына қатысқан кәсіпкер­лердің де бизнес-кейстерімен таныс­тық. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Алматы қаласы бойынша өңір­лік филиалының директоры Жан­дос Нұрғазиновтің айтуынша, мемлекеттік қолдау құралдары кәсіпкерлердің дамуына, жұмыс орындарын ашуына, нарықтағы позициясын нығайтуға сеп болады. Бұл өңірлік экономиканың тұ­рақтылығына, адамдардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді», дейді ол.

Біз тоқтаған алғашқы нысан АДСК немесе Алматы жол құрылыс ком­паниясы қазіргі заманғы жаб­дықтармен жоғары сапалы тротуар плиткаларын, қабырға блокта­рын шығарады. Бұл компания нарықта өзін бөл­шек, көтерме тапсырыстардың сенім­ді жеткізушісі ретінде танылған.

2020 жылы «Даму» қоры 4,2 миллион теңге кепілдігімен 25 мил­лион теңге көлеміндегі айналым қаражаты несиесі бойын­ша пайыздық мөлшерлемені 6 пайызға дейін субсидиялады. Бүгін­де компания жергілікті тұты­ну­­шыларға жеке тапсырыс бойынша дайындалған жоғары сапалы өнімдерді ұсынып отыр.

Кейінгі жылдары «Алматы жол құрылысы» кәсіпорны сату нары­ғын кеңейтіп, көршілес облыс­тар­ға өнім жеткізіп, өн­ді­ріс көлемін айтарлықтай ұл­ғайт­­ты. Жабдықтар Италия мен Германиядан сатып алынды. Бір ауысымда 4 мыңнан астам төсеніш пен 4 шақырымнан астам жол жиегі шығарылады.

Алматыда бұрын бір ғана асфальт зауыты жұмыс істеген. Қазір «АДСК» ЖШС асфальт зауытын, оның ішінде сыйымдылығы 1 мың тонна битум, 700 тонна минералды ұнтақ, 3 мың тонна қиыршық тас, мазут қоймаларын, электр стансасын қамтиды. Бас директордың орынбасары Аркен Баратовтың айтуынша, компанияның тарихы Алматы облысы Алексеевка ауылындағы карьерден қиыршық тас өндіруден басталған. Қазір асфальт зауытында 120 түрлі жол тақтайшалары, бес-алты түрлі жол жиегіне қолданылатын құрылыс материалдары шығарылады. Сондай-ақ Ресейдің «Уралмаш» зауытымен 240 мың долларға карьерді әзірлеуге арнайы жабдықтар жеткізу туралы келісім жасалған. Қазір АДСК бірнеше зауыттың жұмысын үйлестіріп отырған үлкен компаниялар тобына айналды. Компанияға қарасты екі карьер, 5 асфальт зауыты, бір битум зауы­ты бар. Соңғысы, әзірге елімізде жалғыз. Жұмыс үдерісі толық автомат­тандырылған, битум қоспа­сы арнайы бағдарлама бойынша дайындалады. Битумға қажет қоспалардың біразы Ресей мен Белорусьтан келеді.

– Бізде битум мәселесі өте күрде­лі, толық шешімін тапқан жоқ. Ішкі нарықта Каспий битумнан аламыз. Бірақ олар толық көлемде жеткізіп бере алмағандықтан, импортқа тәуелдіміз, – дейді А.Баратов.

Оның сөзінше, АДСК қазіргі деңгеймен тоқтап қалмайды. Биз­нес жоба тағы да бірнеше зауытпен толыққалы тұр.

– Алматы мен көршілес облыс­тардың қажеттілігін өз күші­міз­бен қамтамасыз етсек дейміз. На­рықтың осы сегментінде бізге импорт бәсеке бола алмайды. Енді би­тум құрамына пайдаланатын кейбір қоспарларды өзімізде шығаруды қолға аламыз, – дейді бас директордың орынбасары.

Келесі тоқтаған нысан – «Qaz Package» ЖШС 2023 жылғы 20 қаңтарда ашылған. Бұл компа­­ния ет, балық, көкөніс және кондитер­лік өнімдер сияқты азық-түлік өнімдерін орауға арналған көбік­тенген полистиролдан (ВПС) лотоктар өндіруге маманданған. Сондай-ақ өз өнімдері үшін плас­тикалық қақпақтар ұсынады.

 Кәсіпорын әртүрлі үлгідегі ет салғыш ыдыс пен тез дайындалатын кеспе табақшаларының 19 түрін өндіреді. Өнімдердің алғашқы сынақ партиясы былтыр жылғы қазанда шығарылды. Жобаның бірегейлігі: сұранысқа ие қаптама өнімдерін жергілікті жерде өндіру арқылы импорттың орнын басу, жаңа жұмыс орындарын ашу. «Bank RBK» АҚ арқылы компания инвестицияға 580,5 млн теңге қаржы алса, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 100 млн теңгені айналым қаражатын толықтыру үшін алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес 21,75% пайыздық мөлшерлеменің 13,75%-ын қор субсидиялайды. Сондай-ақ компанияға 174,8 млн теңгеге қор кепілдік те берді.

Бас директор Мұхтар Нұржігі­тов­тің айтуынша, сырт көзге қара­пайым зат болса да табақшалардың дайындалу тарихы үлкен логисти­калық тізбектен тұрады. Бір рет пайдаланылатын пластикалық ыдыстар отандық нарықта бертінде ғана пайда болғанымен, өнімге сұраныс жоғары. Бұл табиғи материалдардан жасалған биологиялық ыдыс. Бас директордың айтуына қарағанда, өнімнің құрамындағы полистирол Қытайдан, қызылды-жасылды ұнтақ күйінде жеткізіледі. Арнайы мамандандырылған зертхана оның құрамының тазалығы тексерістен өткен соң арнайы автоматтандырылған цехта әртүрлі үлгідегі ыдыстарға айналады.

– Нарық күнделікті қолданатын тауарлардың мүмкіндігіне енді назар аударып жатыр. Бұрын өнімнің осы түрінің 100 пайызы импорт болса, қазір 40-50 пайызы отандық өнім өндірушілердің үлесінде. Полистирол шикізатын дайындау мәселесі мемлекеттік деңгейде шешілсе, біздің қамтитын аймағымыздың шекарасы ұлғаяды, – дейді М. Нұржігітов.

АЛМАТЫ 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 08:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see121

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see121

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see116

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see114

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see109

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see108

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see107

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see107

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see105

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see104

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды

12 Тамыз 2026 09:36see103

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

12 Тамыз 2026 18:35see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары