Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

ЕАЭО мен Өзбекстан қазан айынан бастап кедендегі жүктер туралы ақпарат алмасады

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

Зеленский Ресей, Украина және Беларусь компанияларына қарсы санкциялар енгізді

Қаржы тазалығы мемлекет қауіпсіздігінің жаңа өлшемі

Елімізде шикізаттық емес тауарлардың экспорты қанша пайызға өсті?

Медеуде мұз, трибуналар мен киім ауыстыратын бөлмелер жаңартылады жобаның егжей тегжейі

Солтүстік Кипрдегі супермаркетте қайғылы оқиға: қазақстандық бойжеткен зардап шекті

ҚХП: Кәсіподақтар қоғамға жік салмай, жұмысшылардың құқығын қорғауы керек

Рафаэль Уразбахтин: Левскиді құрметтейміз, бірақ ешкімнен қорықпаймыз

Атырау 2040 жылға дейін қалай өзгереді?

Өрмекші адам рекорд орнатты

Шағын кемелер тексерістен өтеді

Сауда министрлігі бағаның өсуіне не себеп болғанын түсіндірді

Шығыс Қазақстанда жаңадан келген сотталушыдан ақша бопсалағандардың жаза мерзімі ұзартылды

Respublica партиясының басшылығы халықаралық байқаушылармен кездесті

Рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды: қанша қазақстандық бостандыққа шықты

Жеңіл атлетикадан АҚШ та өтетін U20 әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Мерзімінен бұрын өтеу: қарыз алушылар нені білуі керек?

Қала басшысы Instagram мен TikTok ты балаларға зиянды деп сотқа берді

Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады

Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, армияны жаңғырту мен әскери әлеуетті дамыту – мемлекеттік саясаттың өзгермейтін басымдығы. Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні қарсаңында бұл тақырып ерекше қоғамдық мәнге ие болып, әскери дәстүрлердің сабақтастығы мен ел игілігі жолындағы қызметтің маңыздылығын айқындай түседі. Армияның қазіргі жағдайы мен техникалық жарақтандырылуы, қорғаныс-өнеркәсіптік кешеннің дамуы, бітімгерлік қызмет пен цифрландыру мәселелері туралы Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен ҚОСАНОВТАН алған сұхбатымызда кеңірек сөз болды.

– Дәурен Жұматайұлы, ай­рықша маңызға ие мерекелер қарсаңында айбынды армия­мыздың бүгінгі жағдайы туралы әңгіме қозғаудың реті келіп тұр. Оны заман талабына сай жетілдіру жолында кейінгі жыл­дары қан­дай жұмыс атқарылып жатыр?

– Ең алдымен, Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнінің қатар аталып өтуі терең символдық мәнге ие деп білемін. Бұл ұрпақтар сабақтастығы мен әскери дәстүр­лер­дің жалғасуы, сондай-ақ бей­бітшілік пен тәуелсіздік қорғаны – Отан қорғаушыларға деген құрмет. Өздеріңізге мәлім, еліміз­­ден майданға аттанған 1,2 млн адамның 600 мыңнан астамы қайта оралған жоқ. Талай батырла­рымыз жауға қарсы күрес пен ел қорғаудың ерен үлгісін көрсетіп, туған жерге қаһарман болып оралды. Олардың өшпес ерлігі жыл өткен сайын тарихи санамызда жаңғырып, патриоттық тәрбиенің ең маңызды бөлігі болып қала береді.

Қарулы күштердің дамуы туралы айтсақ, тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде заманауи, ұтқыр әрі кез келген қауіп-қатерге лайықты жауап бере алатын кәсіби армия қалыптасты. Алғашқы Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің жетекшілігімен отандық Қарулы күштеріміздің негізі қаланып, армияның ұйымдастырушылық әрі кадрлық негізі жасақталды.

Алғашқы кезеңде негізгі реформалар сәтті жүзеге асты. Атап айтар болсақ, әскери-аумақтық бас­қару жүйесі енгізіліп, өңір­лік қолбасшылықтар құрыл­ды. Құр­­лық әскерлері брига­да­лық құры­лымға көшіріліп, десант­тық-шабуылдау бөлім­шелері жа­сақ­талды. Әскери-әуе күш­тері мен Әуе шабуылына қарсы қор­ға­ныс әскерлері Әуе қор­ғаны­сы күштеріне бірік­тірілді. Ар­найы операциялар күштері, Әскери-теңіз күштері мен Аумақтық қорғаныс әскер­лері құрылды.

Қазіргі уақытта Қарулы күш­терді авиациялық, ұшқыш­сыз ұшу жүйелері, бронды техника мен жоғары дәлдікті қарулар сияқты заманауи қару-жарақ үлгілерімен жарақтандыру жалға­сып жатыр. Сонымен қатар озық технологияларды енгізу мен стандарттарды халықаралық деңгейге сәйкестендіру басым бағытқа айналды. Әскери білім беру жүйесі жаңғыртылып, заманауи әрі цифрлық оқыту технология­лары енгізілді. Халықаралық ын­ты­мақтастықтың көкжиегі кеңейді.

Президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев армияның дамуына ере­к­ше көңіл бөліп отыр. Әуе ша­буы­­лына қарсы қорғаныс әскер­ле­­ріне, әскери-көліктік авиа­ци­я­ға, Арнайы операциялар күш­теріне, радиоэлектрондық күрес құралдары мен ұшқышсыз ұшу технологияларына баса назар ауда­рылып келеді.

– Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың сипаты өзгеріс­ке түскенін көріп отырмыз. Әске­ри дрондар мен өзге де жаңа тех­нологиялардың ме­рейі үстем болып тұр. Бұл тұрғы­да Қарулы күште­рі­міз­дің даму барысы қалай?

– Иә, армиямыздың жауын­герлік дайындық жүйесі қазіргі заманғы қарулы күрес жүргізу әдістерін ескере отырып, қарқынды жүргізіліп жатыр. Негізгі назар оқытудың шынайылығын арт­тыруға, өзара іс-қимылды дамы­туға, цифрлық технология­ларды енгізуге бағытталған. Жауын­герлік әрекеттерді модельдеу мен имитациялау арқылы өткізі­летін оқу-жаттығулардың тәжі­рибесі кеңейтілді. Бұл өз кезе­гін­де күрделі сценарийлерді тиімді пысықтауға мүмкіндік береді.

Қарулы күштерді дамыту мен техникалық тұрғыда қайта жарақтау – Қорғаныс министр­лігінің басым бағытының бірі. Қару-жарақ пен техниканы кезең-кезеңмен жаңартуға назар аударып отырмыз. Бұл әскерлердің жауынгерлік әлеуетін жүйелі түрде арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қолданыстағы Т-72 танктерін, БМП-2 жаяу әскер ма­шиналарын, БТР-80 бронды транспортерлерін жаңғырту бағ­дар­­ламасы іске асырылып жатыр.

Халықаралық әскери-техни­ка­лық ынтымақтастық та маңыз­ды рөл атқарады. Беларусь, Гер­мания, Испания, Ресей, Польша мен Франция сияқты бірқатар мемлекетпен техниканы жөндеу, қызмет көрсету және жаңарту міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік бере­тін бірлескен жұ­мыс жүргізіліп келеді. Ұшқышсыз ұшу жүйелері, барлау мен байланыс құралдары жеткізілді.

Әскери-әуе күштерін дамы­туға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Атап айқанда, заманауи жойғыш ұшақтармен, C-295 және A400M көліктік ұшақтарымен, L-410 оқу-жаттығу ұшақтарымен, ұшқышсыз ұшу кешендерімен жарақтану жалғасып жатыр. A400M ұшақтарын бітімгерлік бөлімшелерді тасымалдау мен гуманитарлық миссияларды орындауға қолданып келеміз.

Әуе шабуылына қарсы қорға­ныс жүйесі заманауи зениттік-раке­талық кешендермен, ҰҰА мен жоғары дәлдікті қару, кең ауқымды қауіптерге қарсы тұра алатын отандық «Нұр» радио­­ло­­ка­циялық құралдарымен жабдықталған.

Әскери-теңіз күштерінде кеме­­­лер құрамын жаңалау мен 2030 жылға дейін флотты дамы­ту жұмыстары жоспарлан­ған. Құр­лық әскерлері зама­науи брон­ды техникамен, артил­ле­рия­лық жүйелермен, радио­элек­трон­дық күрес және қамта­масыз ету құрал­дарымен қамтамасыз етіліп жатыр.

– Ал отандық қорғаныс-өнер­кәсіптік кешеннің дамуы көңіл­ден шыға ма? Импортқа тәуел­ділікті азайту жолында қан­дай шаралар қабылданып жатыр?

– Мемлекет басшысының отандық кәсіпорындар мен қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қолдау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында еліміздің қорғаныс өнеркәсібі армияға қажетті өнімдерді өндіру деңгейін арттыру бағытында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді. Бұл, ең алдымен, оқ-дәрі өндірісі, кеме жасау, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын жөндеу мен шығару, оптикалық-электрондық жүйелер мен бронды техника салаларын қамтиды.

Бүгінде еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешені оптикалық-электрондық барлау құралдарын, бронды дөңгелекті машиналар мен бронды транспортерлерді, байланыс құралдары мен авто­мат­т­андырылған басқару жүйе­лерін, ЕС-145 тікұшақтары мен су сыйымдылығы 200 тоннаға дейінгі әскери кемелерді, ірі калибрлі пулеметтер мен атыс қаруына арналған оқ-дәрілерді, сондай-ақ әскери қызметшілерге қажетті жабдықтар мен киім-кешек шығарып келеді.

Сонымен қатар кәсіпорын­дарда бронды танкіге, әскери көліктер мен реактивті дүркіндеп ату жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмысы жолға қойылған. Осы орайда «Қазақ­стан Парамаунт Инжиниринг» кәсіп­орны туралы айта кеткен орынды. Ол әлемдік стандарттарға сай келе­тін, жарылысқа қарсы қорға­нысы жоғары заманауи сауытты дөңгелекті машиналарды шығаруға маманданған. Атап айтқанда, «Арлан», «Алан», «Ба­рыс» көліктері бар. Кәсіпорын корпустарды дайындаудан бастап құрастыруға, сынақтан өткізу мен сервистік қызмет көрсетуге дейінгі өндірістің толық циклін қамтамасыз етеді.

Ал Оралдағы «Зенит» зауыты Әскери-теңіз күштеріміз бен өзге де күштік құрылымдарға арналған кемелер жасайды. Мәселен, «Барыс» жобасындағы кемелерді, сондай-ақ басқа күштік құрылымдарға арналған көпмақсатты «Сұңқар», «Бүркіт», «Айбар» катерлерін шығарады. Зауыт жобалаудан бастап кеме құрастыруға, жөндеуге, жаңғыртуға, техникалық қызмет көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклді қамтиды. Корпустар мен қосалқы жүзу құралдарын да өндіреді.

Бұған қоса Алматы қаласын­дағы 405-ші авиажөндеу зауытын да айта кеткен жөн. Алдағы уақытта өзіміздің зымыран өнді­рісімізді құру жоспарда бар. Сон­дай-ақ ұшқышсыз технология­лар бағыты белсенді дамып келе­ді. Сынақтардан сәтті өткен отан­дық «Sunqar» кешені армияға қа­­былданды. Бұл да осы салада ұлт­­тық технологиялық базаның қа­­лыптасып келе жатқанын көрсетеді.

– Бітімгерлік қызмет сырт­қы саясаттың күн тәртібіндегі маңыз­ды бағыты болып қала бе­ре­ді. Бүгінде әскери қызмет­ші­ле­ріміздің БҰҰ миссиялары­на қатысуы қандай рөл атқарады?

– Еліміз халықаралық қауіп­сіздікті қамтамасыз етуге қатысу ауқымын жүйелі түрде кеңейтіп келеді. Қарулы күштердің әскери қызметшілері Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен жүргізілетін бітімгерлік опера­цияларға, оның ішінде Голан жота­ларындағы миссияға да тартылған.

БҰҰ миссияларына қатысу бір мезгілде гуманитарлық мін­­­дет­терді шешуге әрі жеке құ­рам­­ның кәсіби деңгейін арт­ты­руға мүмкіндік береді. Әскери қызметшілер көпұлтты ортада жұмыс істеуге машықтанып, ­аху­алы тұрақсыз өлкелерде әрекет ету дағдыларын пысықтайды. Бұл олардың төзімділігін, әскери машығын, жедел дайындығын арттыруға ықпал етеді.

Қазіргі уақытта отандық кон­­тингент UNDOF миссиясы құ­рамында бітімгерлік мін­дет­терін атқарып жүр. Мамыр айында үшінші ротация жос­парланған. Бұл жерде ротация жүргізгені үшін БҰҰ тарапынан қарастырылатын өтемақы да тиімділіктің қосымша факторы болып отыр.

– Мемлекет басшысы еліміз­ді толыққанды цифрландыру міндетін алға қойды. Осы орайда әскери саланы цифрландыру мен инновациялар жайында айта кетсеңіз.

– Бұл бағыт қорғаныс саласында да толық көлемде іске асырылып жатыр. Қорғаныс министрлігі Қарулы күштерді жүйелі түрде цифрлық трансфор­мациялауға басымдық беріп, бұл үдеріс әскерлерді басқаруды, есеп жүргізуді, жеке құрамды даярлау мен логистиканы қамтып отыр. Бұл жерде практикалық нәтижеге де ерекше назар аударылады.

Мемлекет басшысы цифрландыру мен жасанды интеллектіні ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең маңызды құралдары ретінде айқындап берді. Осыған байланысты басқаруды автомат­тандыру, сондай-ақ киберқауіп­сіздік, ұшқышсыз жүйелер мен ра­диоэлектрондық күрес бағыттарын жүйелі түрде дамытып жатырмыз.

Қорғаныс министрлігі құры­лымында жасанды интеллект технологияларын жетілдіруге ар­налған арнайы бөлімше құ­рылды. Мерзімді әскери қыз­мет­­тің ашықтығын арттыру мен әске­ри қызметшілердің туыстары­мен өзара байланысын қамтама­сыз етуге бағытталған «Сарбаз+» жобасы іске асырылып жатыр. Халықпен өзара іс-қимылдың цифрлық сервистері eGov.kz және mGov, сондай-ақ Armia.kz ақпараттық платформасы арқылы енгізілді. Бұған қоса тәулік бойы кеңес беруді қамтамасыз ететін «AI-sulu» және «Шаңырақ» чат-боттары сияқты жасанды интеллект шешімдері кеңінен қолданылады.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50

58 орын: Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды

Әскер • Бүгін, 11:15

АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды

Әлем • Бүгін, 10:39

Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді

Алматы • Бүгін, 10:06

18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды

Заң • Бүгін, 09:55

Жаңбыр, найзағай, бұршақ: бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Венецияда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды

Мәдениет • Бүгін, 09:00

Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Президент • Бүгін, 08:30

Шымкентте құны 90 млн теңге болатын 1,2 га жер мемлекетке қайтарылды

Аймақтар • Кеше

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер тарту ететінін айтты

Тұлға • Кеше

Шығыс Қазақстанда қар барысы фототұзақты зақымдап кеткен

Оқиға • Кеше

Енді науқастар ұзақ уақыт кезек күтпейді: Астанада алғашқы ревматология орталығы ашылды

Медицина • Кеше

Алматыда студент сегізінші қабаттан құлап кеткен

Оқиға • Кеше

Жантүршігерлік жол апатынан Шығыс Қазақстанда үш жігіт көз жұмды

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Мамыр 2026 12:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

04 Тамыз 2026 08:08see125

ЕАЭО мен Өзбекстан қазан айынан бастап кедендегі жүктер туралы ақпарат алмасады

04 Тамыз 2026 08:56see119

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

04 Тамыз 2026 09:02see118

Зеленский Ресей, Украина және Беларусь компанияларына қарсы санкциялар енгізді

04 Тамыз 2026 10:13see117

Қаржы тазалығы мемлекет қауіпсіздігінің жаңа өлшемі

04 Тамыз 2026 07:01see116

Елімізде шикізаттық емес тауарлардың экспорты қанша пайызға өсті?

04 Тамыз 2026 13:20see116

Медеуде мұз, трибуналар мен киім ауыстыратын бөлмелер жаңартылады жобаның егжей тегжейі

04 Тамыз 2026 16:32see116

Солтүстік Кипрдегі супермаркетте қайғылы оқиға: қазақстандық бойжеткен зардап шекті

04 Тамыз 2026 16:48see112

ҚХП: Кәсіподақтар қоғамға жік салмай, жұмысшылардың құқығын қорғауы керек

04 Тамыз 2026 18:04see111

Рафаэль Уразбахтин: Левскиді құрметтейміз, бірақ ешкімнен қорықпаймыз

04 Тамыз 2026 17:05see111

Атырау 2040 жылға дейін қалай өзгереді?

04 Тамыз 2026 14:08see110

Өрмекші адам рекорд орнатты

04 Тамыз 2026 03:53see110

Шағын кемелер тексерістен өтеді

04 Тамыз 2026 08:08see110

Сауда министрлігі бағаның өсуіне не себеп болғанын түсіндірді

04 Тамыз 2026 22:01see109

Шығыс Қазақстанда жаңадан келген сотталушыдан ақша бопсалағандардың жаза мерзімі ұзартылды

05 Тамыз 2026 13:08see109

Respublica партиясының басшылығы халықаралық байқаушылармен кездесті

04 Тамыз 2026 22:27see109

Рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды: қанша қазақстандық бостандыққа шықты

05 Тамыз 2026 12:17see109

Жеңіл атлетикадан АҚШ та өтетін U20 әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

04 Тамыз 2026 20:52see109

Мерзімінен бұрын өтеу: қарыз алушылар нені білуі керек?

04 Тамыз 2026 12:45see108

Қала басшысы Instagram мен TikTok ты балаларға зиянды деп сотқа берді

05 Тамыз 2026 11:03see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары