Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Депутат Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту ұлт жадын қорғау

Депутат Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту ұлт жадын қорғау

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

 Тарих – мемлекеттің ең сенімді тірегі. Қазақстанның жаңа Конституция жобасында тарихи сабақтастық ұстанымы алдыңғы қатарда қарастырылған деп санайды. Бұл туралы  «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Еркін Әбіл бүгінгі мәжіліс отырысында мәлімдеді. 

– Бұл – мемлекеттің мыңжылдық даму тарихын, ұлттық мәдени кодын және басқару тәжірибесін құқықтық негізде айқындайтын нақты норма. Осы тұрғыдан «Ұлы дала» ұғымының Конституцияда көрініс табуы – тарихи сабақтастықты құқықтық деңгейде бекітудің нақты дәлелі. «Ұлы дала» ұғымы – эмоциялық немесе поэтикалық тіркес емес. Бұл – Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи кеңістігі, мәдени коды және жауапкершілік философиясын бейнелейтін нақты ұғым. Тарихи сабақтастық елдің өткенін, бүгінін және болашағын жалғайтын құқықтық көпір іспетті.

Ол өзімізге де, басқа елдерге де мемлекеттің терең тамырын, ұлттық дәстүрін және өркениеттік сабақтастығын түсіндіреді. Бұл ұстаным халықаралық тәжірибеге де сай келеді. Қытай, Венгрия, Польша, Литва секілді мемлекеттер өз Конституцияларында тарихи сабақтастықты ұлттық егемендіктің негізі ретінде нақтылаған. Бұл елдер оны қандай да бір қауіп төндіреді деп қабылдады деймісіздер? Жоқ.  Ол ешқандай артықшылық та, бөлінушілік те тудырмайды. Керісінше, мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығын нығайта түседі. Қазақстан үшін де бұл – қисынды әрі әділетті қадам. Маңыздысы – бұл норма ешкімді бөліп-жармайды, керісінше, ортақ тарих пен құндылықтар төңірегінде қоғамды біріктіреді.

Әбіш Кекілбаевтың сөзімен айтсақ, «Елдікті, бірлікті сақтайтын – адамдардың ортақ ойы мен ортақ мүддесі». Осы қағида жас ұрпақ үшін де маңызды, себебі елдің бірлігі мен тұрақтылығы – ұлттық сананың беріктігіне тікелей байланысты. Егемендік пен Тәуелсіздік жаңа Конституцияның басты қағидаттары. Мемлекет басшысы атап өткендей «Тәуелсіздік бәрінен қымбат». Мемлекеттің унитарлы сипаты – тұрақтылық пен біртұтастық кепілі. Қолданыстағы Конституцияда: «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» деп көрсетілген. Жаңа Конституцияда бұл тұжырым нақтыланып, былайша айқындалды, «Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару үлгісі – президенттік республика». Осы жерде бір нәрсені түсінуіміз керек. Бұл – мемлекеттің аумақтық тұтастығын, құқықтық кеңістіктің біртұтастығын және басқару жүйесінің айқындығын қамтамасыз ететін норма.

Сонымен бірге, 3-баптағы норма да нақтыланды: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – Қазақстан халқы». Бұл – халықтың биліктің нақты субъект ретінде танылуы. Қарсы уәждер болуы мүмкін, кейбіреулер бұл норманы билік бөлінісін әлсіретеді деп ойлауы мүмкін. Алайда тәжірибе көрсеткендей, егемендіктің нақты субъектісін көрсету биліктің заңдылығын күшейтіп, мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етеді.

Осылайша, тарихи сабақтастық, «Ұлы дала» ұғымы, унитарлы мемлекет сипаты және халықтың егемендік иесі ретіндегі мәртебесі – жаңа Конституцияның өзара байланысты негізгі тіректері. Барлығы бірге мемлекеттің құқықтық, тарихи және мәдени негізін бекітіп, тұрақтылық пен бірліктің кепілі болады. Бұл құжат тек құқықтық негіз ғана емес, қоғамдағы келісім мен сенімнің берік тірегі болып табылады.

Қорытындылай келе, жаңа Конституция – жаңа дәуірдің құқықтық қаңқасы. Ал «Ұлы дала» және тарихи сабақтастық – осы қаңқаны мазмұнмен, рухани мәнмен толықтыратын өзек. Тарихына сүйенген, егемендігін қорғай білетін, біртұтас мемлекеттілікті бекіткен ел ғана болашағын нық құра алады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 10:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары