Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Ұлттық валюта теңгені Конституцияда заңмен бекіту неліктен маңызды?

Ұлттық валюта теңгені Конституцияда заңмен бекіту неліктен маңызды?

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жалпыұлттық референдумға шығарылған жаңа Конституцияның 2-бабына ұлттық валюта – теңгенің мәртебесі мен оны эмиссиялау құқығына қатысты нақты түзетулер енгізілді. Ұлттық валюта – мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Ал оны Конституция деңгейінде бекіту – теңгенің институционалдық маңызын нақтылап, қаржы-валюта айналымы саласындағы мемлекеттік саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ата Заңның жаңа редакциясында 2-бап жаңа тармақпен толықтырылды. Енді ұлттық валютаны айналымға шығару құқығы тек Қазақстанға тиесілі екені заңмен бекітілген.

2-бап

1. Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару үлгісі – президенттік республика.

2. Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын, бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

3. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы конституциялық заңда айқындалады.

4. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы. Елорда мәртебесі конституциялық заңда айқындалады.

5. Қазақстан Республикасы мен Қазақстан атауларының мәні бірдей.

6. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) – теңге. 

Теңгені эмиссиялау айрықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі.

7. Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді.

Экономист-қаржыгер Андрей Чеботаревтің жаңа норма саяси және экономикалық тұрғыдан ерекше маңызға ие екенін айтты. Сондай-ақ ол өзі де Конституциялық комиссияға осындай норма енгізу туралы ұсыныс енгізгенін жеткізді. 

«Теңгені ұлттық валюта ретінде мәртебесін айқындап, оны Ата заңда бекіту, оған қоса эмиссиялау құқығы тек Қазақстанға тиесілі екенін нақтылау – келешекте қандай да бір бірыңғай валюта енгізу мәселесін заң жүзінде жоққа шығарады. Енді жаңа Конституция жобасына сәйкес, мұндай әрекет заңға қайшы болады. Өзім де ұсынған түзетудің қолдау тауып, теңгенің мәртебесі Конституцияда бекітілетініне қуаныштымын, – деді ол.

Экономист-сарапшы Ләззат Жанмолдаеваның айтуынша, жаңа ереже ақша-несие саясаты тұрғысынан алғанда Ұлттық банктің рөлін күшейтіп, теңгені эмиссиялау мәселесін заңнама деңгейінде нақтылай түседі. Соның нәтижесінде ақша-несие саясаты сыртқы күштердің әсерінсіз, тәуелсіз жүргізіледі.

«Бұл норма теңгенің жалғыз заңды төлем құралы екенін айқындап, әлемдік валюталар мен криптовалютаның әсерін шектеуге мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде инфляцияны бақылауға, ақша массасын реттеуге көмектеседі. Сондай-ақ аталған өзгеріс қаржылық тұрақтылық пен инфляцияны бақылауға да біршама әсер ететіні анық. Алайда теңгенің рөлін нығайтқанымызбен, негізінен инфляцияға ішкі-сыртқы жағдайлар, оның ішінде геосаяси жағдайлар мен мұнай бағасы сияқты факторлар да әсер ететінін ұмытпаған жөн. Сондықтан жаңа норма инфляциядан абсолютті түрде қорғап шығады деуге келмейді. Дегенмен, бұл өзгеріс капитал қозғалысын еш шектемейді, шетелдік валютамен жасалатын операцияларға да ешқандай тыйым жоқ. Сәйкесінше, бұл норманы елдің экономикалық тәуелсіздігін нығайтатын қадам деп есептеуге болады. Алдағы уақытта осы реформаның нәтижесінде ақша-несие саясат тұрақтанып, инвестициялық ахуал жақсарып, халықаралық ынтымақтастыққа оң әсер береді деп айтуға негіз бар», - деп түсіндірді Ләззат Жанмолдаева.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақтың сөзінше, теңгені Ата Заңда бекіту «ортақ валюта» енгізу туралы қауесеттерге құқықтық тұрғыдан тосқауыл қояды. 

 «Теңгені Ата Заңда бекіту ел аумағында қандай да бір басқа немесе «ортақ валюта» енгізу туралы қауесеттерге құқықтық тұрғыдан нақты тосқауыл қойылатынын білдіреді. «АМАNАТ» партиясы өкілдері Конституциялық комиссия құрамында болып, осы норманың жаң Конституция жобасына енуіне қолдау көрсетті», - деген еді ол партияаралық дебатта.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов та ұлттық валютаның Конституцияда заңмен бекітілуінің маңызын түсіндірді. Депутаттың айтуынша, ақша айналымы қаржы жүйесінің негізгі элементі ретінде тек белгіленген валютаның болуы ғана емес, сонымен қатар оның шығарылуына реттелуіне және тұрақтылығын қорғауға жауапты институттың да нақты анықталуы. 

«Ақша жүйесінен тұтас және логикалық аяқталған конституциялық моделін қалыптастыру үшін бұл норманы ұлттық валютаны шығаруды жүзеге асыратын және ақша, кредит саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ететін уәкілетті эммисялық органда айқындайтын ереже мен толықтырулардың маңызы зор. Мұндай Конституциялық бекіту құқықтық айқындықты, институционалды тұрақтылықты және қаржы жүйесінің болжамдылығын қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл цифрлық қаржы құралдарының, вируталды активтерінің және эконмикалық айналымда кеңінен қолданылып келе жатақан басқа есеп айырысу құралдарын белсенді даму жағдайында ерекше өзектілікке ие. 

Эмиссиялық органның Конституцияда айқындалуы ұлттық валютаның тұрақтылығын қалыптастыратын және оған кепілдік беретін институтты нақты көрсететуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қаржы жүйесіне деген сенімді нығайтады. Осы тұрғыда ұлттық валютаны шығаруға айрықша құқық берілген және ақша кредит саясатын жүргізуге жауапты жалғыз эмиссиялық орган ретінде ҚР Ұлттық банкінің рөлін конституциялық деңгейде бекіту жүйелі әрі негізделген шешім. Ұлттық валютамен қатар эмиссиялық органның да айқындалуы экономикалық өзгерістерге төтеп  бере алатын тұрақты қаржы жүйесінің негізін қалайды», – деп түсіндірген еді Нұртай Сабильянов Конституциялық комиссия отырысында.

Осылайша, мамандар бір ауыздан ұлттық валютаны Конституция деңгейінде бекіту – мемлекеттің экономикалық егемендігінің маңызды көрінісі әрі қаржылық тұрақтылығының негізі екенін айтып отыр. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Наурыз 2026 15:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see134

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see134

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see132

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see128

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see128

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see126

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see125

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see122

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see121

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see121

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see120

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see119

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see119

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see119

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары