Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Депутат: Шетелден қаражат алушылардан ашықтық талап етілуі қажет

Депутат: Шетелден қаражат алушылардан ашықтық талап етілуі қажет

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов  өз сауалын Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады. Депутат шетелдерден  қаражат алушыларға (2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша тізілім Мемлекеттік кірістер комитеті сайтында жуырда жарияланған) қатысты мәселені көтерді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: parlam.kz

Мәліметтерге сәйкес, 186 жеке және заңды тұлға, соның ішінде қоғамдық белсенділер, құқық қорғау ұйымдары, медиа құрылымдар және шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары жүйелі түрде шетелден қаражат алып отырады.

«Біздің елде кейбір тұлғалар көлемді қаражат алғанымен, олардың оны қайда бағыттап жатқанын ешкім бақылап жатқан жоқ», деді депутат. 

Мәжілісменнің сөзінше, қолданыстағы тізілім тек қаражат алу фактісін ғана көрсетеді, бұл – ашықтық емес, оның сыртқы көрінісі ғана. Ал қаржыландырудың нақты көздерін (шетелдік донорларды), жалпы алынған сомаларды (оның ішінде әрбір алушы мен жоба бойынша бөлінісін), қаржы бөлінген мақсаттар мен міндеттерді, қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау тетіктері мен салықтық есептілік сияқты негізгі жайттарды ашып көрсетпейді.

«Шетелдік қаражат халықаралық ұйымдардың филиалдарына түседі де, одан әрі ел ішінде екінші деңгейлі гранттар түрінде таралады. Ал бұл қаражатпен тікелей қоғаммен жұмыс істейтін түпкі алушылар мүлде назардан тыс қалады. Мұндай заңнамалық олқылық кең «сұр аймақ» қалыптастырып, жасырын операцияларға қолайлы орта туғызады. Бұл схема денсаулық сақтау немесе білім беру саласындағы маңызды әлеуметтік бастамаларды қолдауға да қолданылуы мүмкін. Бірақ дәл солай азаматтарымыздың санасына деструктивті ықпал ету үшін де пайдаланылуы ықтимал», деді Мәжіліс депутаты.

Магеррам Магеррамовтың сөзінше, мұндай қаражат халқымыздың дәстүрлері мен отбасылық құндылықтарға теріс келетін идеологияны насихаттауға әрі әлеуметтік араздықты қоздырып, халық арасында жік туғызуға және «құқық қорғау» деген желеумен ұлттық бірлігімізді ірітуге әрі мәдени шабуыл арқылы моральдық тіректерімізді шайқауға, тағы сол сияқты әрекеттерге жұмсалып жатқан болуы мүмкін.

«Парадокс – шетелден қаражат алатын кейбір белсенділер мемлекеттен ашықтық талап етеді, ал өздерінің қаржыландыруы құпия қалып отыр. Бұл – ақпараттық соғыс. Шетелдік гранттар арқылы даму жолымыз бен құндылықтарымызға ықпал етуге жасалған әрекет», деді М.Магеррамов.

Осыған байланысты депутат Қазақстан халық партиясы фракциясының талаптарын мәлім қылды.

«Біріншіден, шетелдік қаржыландыру тізілімінде ашылуы тиіс ақпарат көлемін елеулі түрде кеңейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістерді қысқа мерзімде әзірлеу. Ашық көрсетілуі қажет мәліметтер:

- қаражат беретін донорлар;
- әрбір алушы және әрбір келісім (грант) бойынша бөлінісімен көрсетілген толық алынған сомалар;
- қаражат бағытталған жобалардың нақты мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелері және орындалған жұмыс актілері;                                                      

- тәуелсіз аудиттен өткен, қаражаттың мақсатты жұмсалуы туралы қоғамдық жыл сайынғы есеп;
- алынған қаражат бойынша салықтық төлемдер туралы ақпарат.

Екіншіден, шетелдік қаржыландыруды жасыру немесе жалған ақпарат беру үшін жауапкершілікті қатаңдату. Бұл мәселедегі ашықтық – бюрократия емес. Бұл – ұлттық өзін-өзі қорғау актісі. Бұл ؘ– халқымызға кім және қандай мақсатпен ықпал етуге тырысатынын білуге деген құқығымыз», деді депутат.

Қазақстан халық партиясы фракциясы атынан депутат аталған талаптарға ұлттық маңызы бар мәселе ретінде қарауды және заңда белгіленген тәртіппен жауап беруді сұрады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:264
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 17:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары