Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет

Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында  есірткіге, алкогольге тәуелділікті және ойынқұмарлықты емдеу мәселелері қаралды. Талқылау комитет жетекшісі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиында баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Айна Мысырәлімова 2026 жылдың басындағы есеп бойынша психобелсенді заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар 108 мыңнан астам адам динамикалық тіркеуде тұрғанын хабарлады. Оның 18 мыңға жуығы – нашақорлар, 90 мыңнан астамы – алкоголизммен ауыратындар. Ал ойынқұмарлық  белгілері бар азаматтардың саны болжам бойынша 450 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, проблема шын мәнінде әлдеқайда ауқымды.

– Алайда, бүгінгі таңда басты нәрсе проблеманың ауқымына ғана емес, емдеудің қаншалықты тиімді екеніне байланысты болып отыр. Нашақорлыққа шалдыққан науқастардың 70-80%-ы алғашқы жылы қайтадан есірткі тұтына бастайды. Қазақстанда олармен жұмыс істеу жүйесі кешігіп әрекет етеді. Іс жүзінде адам стационардан шығып, кейін жұмыстың және қолдаудың жоқтығынан бұрынғы ортасына қайтып барады, – деді депутат.

Бұл ретте Айна Мысырәлімова алдын алу, ерте анықтау, емдеу, оңалтуды және қайта әлеуметтендіруді біріктіретін біртұтас «көмек континуумы» моделіне көшуді ұсынды. Оның айтуынша, жазалау-есепке тәсілінен гөрі оңалтуға баса назар аудару қажет. Ол үшін орталықтарды міндетті лицензиялау және бақылау арқылы инфрақұрылымды дамыту, емделуден кейін пациенттерді ұзақ мерзімді қолдау жүйесін енгізу керек.

Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды

Ұсыныстардың жеке блогы, депутаттың пікірінше, басым әлеуметтік қауіп деп танылуға тиіс лудоманияға қатысты болды. Сонымен қатар, реттеуді қатаңдату және мамандандырылған көмекке қолжетімділікті кеңейту жолдары да айтылды.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаев атап өткендей, заңсыз ойын бизнесімен күресу үшін жедел жұмыстар қолға алынып, онлайн кеңістікте мониторинг жүргізіліп жатыр. Адамдар рұқсат етілмеген жерлерде құмар ойындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз ставкаларды қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бүгінгі таңда 2,4 мыңнан астам интернет-казино бұғатталған.

Бұдан бөлек, ішкі істер органдары алкоголизм мен нашақорлыққа байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізеді. Мәселен, Әлібек Кеңіспаевтың айтуынша, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішуге қатысты 33 мың фактінің жолы кесілген, ал 11 мың адамға қатысты оны қолдануға тыйым салынған.

Бұл ретте, мәселені шешу кешенді тәсілді қажет етеді. Алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдарды тиісті емдеу мекемелеріне уақтылы орналастыру мәселесі әлі де шешімін таппай отыр. Денсаулық сақтау вице-министрі Әлия Рүстемованың мәліметінше, еліміз бойынша барлығы 47 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы бар, бұл жеткіліксіз екені анық. Полиция қызметкерлері де, медицина қызметкерлері де әр қалада, әр ауданда осындай орталықтар ашу қажет екенін атап өтті.

Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды

Сонымен қатар, созылмалы нашақорлар мен маскүнемдерді мәжбүрлеп емдеу мәселесі әлі де бар. Вице-министрдің айтуынша, бір пациентті емдеуге арналған қолданыстағы тариф нақты шығындарды өтемейді. Өңірлерде әртүрлі кешенді тарифтер белгіленгені де жағдайды қиындатып отыр.  

Өз кезегінде, бұл жұмысты ұйымдастыру үшін Ішкі істер министрлігі «бір терезе» қағидатын енгізуді орынды деп санайды. Атап айтқанда, емдеу-профилактикалық мекемелердің жанынан нақты бір күндері айына 2-4 рет отырыс өткізе отырып, арнайы медициналық комиссиялар құру қажет. Бұл ретте ішкі істер органдары маскүнемдіктен зардап шегетін адамдарды емдеу-профилактикалық мекемелерге жеткізуге, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын.

Отырыс барысында депутаттар нашақорларға арналған балалар бөлімшелерінің саны мен жай-күйі, нашақорлықты қоса алғанда, тәуелділіктің басқа түрлеріне шалдыққан кәмелетке толмағандардың статистикасы, олармен жүргізілетін жұмыстың тиімділігі, аддиктолог-мамандар даярлау туралы мәселе көтерді. Сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен және сарапшылармен есірткіге және алкогольге тәуелділігі бар азаматтарды есепке қою мәселелері, олар үшін міндетті медициналық тексеру, бақылау тетіктері мен құқық қолдану практикасын енгізудің жай-күйі талқыланды.

Отырыс соңында Асхат Аймағамбетов Қазақстанда наркологиялық қызметтің заманауи моделін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Комитет төрағасы басты шаралардың қатарында емдеу хаттамаларын ДАЖ-11 жіктемесіне және халықаралық стандарттарға сай жаңартуды, сондай-ақ ел аумағында тәуелді азаматтарды емдеуге бірыңғай тарифті енгізуді тілге тиек етті.

Комитет төрағасының айтуынша, лудоманияға ерекше назар аударып, оны дербес бағыт ретінде алып, жедел желілерді құрып, клиникалық хаттамаларды қайта қарау қажет. Өйткені бұл саладағы қазіргі қолданылып жүрген тәсіл тиімсіз.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов тіркеуде тұрғандардың санына байланысты қазіргі қаржыландыру жүйесі тиісті нәтиже бермейтінін, сол үшін тиімділікке бағдарланған модельге көшуді ұсынды. Жеке оңалту орталықтарының қызметін реттеу және олардың жұмысының бірыңғай стандарттарын әзірлеу қажеттілігін атап өтті.

Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы берілуі мүмкін

Көшпелі отырыс аясында Мәжіліс депутаттары Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығының қызметімен танысты. Оларға химия-токсикология зертханасының, сондай-ақ психосоматика, физиотерапия бөлімшелерінің және басқа бөлімшелердің жұмыстары көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады

Қазақстан • Бүгін, 11:47

Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды

Банк • Бүгін, 11:38

Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды

Әлем • Бүгін, 11:35

«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды

Спорт • Бүгін, 11:20

Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды

Оқиға • Бүгін, 11:15

Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05

Қоғамдық орындарда тұмшаланып жүру: Алматы полициясы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 10:57

Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды

Экономика • Бүгін, 10:47

Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді

Оқиға • Бүгін, 10:38

Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет

Парламент • Бүгін, 10:22

Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:10

Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды

Оқиға • Бүгін, 09:58

Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады

Оқиға • Бүгін, 09:54

Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Елорда • Бүгін, 09:50

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы • Бүгін, 09:45

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Сәуір 2026 12:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see131

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see122

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары