Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Балалы отбасыларға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі?

Балалы отбасыларға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Астанадағы халықты әлеуметтік қорғау саласында балалы отбасыларға көрсетілетін қолдау шаралары, оның ішінде мемлекеттік жәрдемақылар туралы Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов қалалық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар аясында әлеуметтік қорғау және гендерлік теңдік саласында балалы отбасыларды қолдау мәселесіне басымдық берілген. 

Атап айтқанда, 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының орындалуы қамтамасыз етілді (ҚР Президентінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі Жарлығы).

Балалы отбасыларға көрсетілетін барлық қолдау шаралары әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда (бала күтіміне байланысты табыстан айырылу, асыраушысынан айырылу және т.б.) көмек көрсетуге бағытталған. Негізгі өлшем – ата-анасының мәртебесіне қарамастан, отбасында баланың болуы.

Туу көрсеткішін ынталандыру және баланы отбасында тәрбиелеуді қолдау мақсатында мынадай жәрдемақылар қарастырылған: Жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем. Оның мөлшері соңғы 12 айдағы орташа айлық табысқа байланысты. Астана қаласы бойынша орташа мөлшері – 1 123 724 теңге.

Бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы: бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК (164 350 теңге), төртінші және одан кейінгі балаға – 63 АЕК (272 475 теңге).

Жұмыс істемейтін әйелдерге бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтімі үшін жәрдемақы. 

Мөлшері отбасындағы бала санына қарай белгіленеді: • бірінші балаға – 5,76 АЕК (24 912 теңге), • екінші балаға – 6,81 АЕК (29 454 теңге), • үшінші балаға – 7,85 АЕК (33 952 теңге), • төртінші және одан кейінгі балаға – 8,90 АЕК (38 493 теңге).

Жұмыс істейтін әйелдерге бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем. 

Мөлшері соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды. Астана бойынша орташа төлем – 94 045 теңге.

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы: • төрт балаға – 16,03 АЕК (69 330 теңге), • бес балаға – 20,04 АЕК (86 673 теңге), • алты балаға – 24,05 АЕК (104 017 теңге), • жеті балаға – 28,06 АЕК (121 360 теңге), • сегіз және одан да көп балаға – әр балаға 4 АЕК (17 300 теңге).

«Алтын алқа» алқасымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға – 7,40 АЕК (32 005 теңге), «Күміс алқа» алқасымен марапатталғандарға – 6,40 АЕК (27 680 теңге).

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға жәрдемақы – ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,61 мөлшері (81 871 теңге).

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғаға берілетін жәрдемақымен қатар негізгі төлем – мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: 

• 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 81 871 теңге (1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі); 

• 7-18 жас аралығындағы I топтағы мүгедектігі бар балаларға – 111 873 теңге (2,20 ЕТКД); 

• 7-18 жас аралығындағы II топтағы балаларға – 93 058 теңге (1,83 ЕТКД); 

• 7-18 жас аралығындағы III топтағы балаларға – 81 871 теңге (1,61 ЕТКД).

Асыраушысы қайтыс болған жағдайда (ата-анасының бірі) асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің (50 851 теңге) өсуіне байланысты бұл жәрдемақылар 10 пайызға артты. Төлем мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдар санына және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты.

Отбасында: 

• 1 асырауындағы адам болса – 46 783 теңге (0,92 ЕТКД); 

• 2 адам болса – 86 447 теңге (1,70 ЕТКД); • 3 адам болса – 114 415 теңге (2,25 ЕТКД); 

• 4 адам болса – 132 213 теңге (2,60 ЕТКД); 

• 5 адам болса – 139 841 теңге (2,75 ЕТКД); • 6 және одан көп адам болса – 152 553 теңге (3,00 ЕТКД).

 Екі ата-анасынан айырылған балаларға (жетімдерге) ай сайын әр балаға 78 311 теңге (1,54 ЕТКД) төленеді.

Отбасының өзге еңбекке қабілетсіз мүшелеріне – 31 528 теңге (0,62 ЕТКД), бірақ барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерге шаққанда 2,92 ЕТКД-ден (148 485 теңге) аспайды.

Егер қайтыс болған асыраушы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болса (яғни жұмыс беруші әлеуметтік аударымдар жасаған болса), онда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қоса Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалады.

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Астана қаласында 4 285 отбасы асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алады. Орташа төлем мөлшері – 67 150 теңге.

Астана бойынша:

• 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақыны – 7 085 отбасы; 

• мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған жәрдемақыны – 12 170 отбасы; 

• бірге тұратын кәмелетке толмаған 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға – 39 211 отбасы; 

• «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, «Батыр ана» атағын алған немесе I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға – 8 127 отбасы алады.

Спикердің айтуынша, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету және елдің тұрақты дамуын қолдау жаңа Конституция жобасының негізіне алынған. Құжатта мемлекетті одан әрі дамыту, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру көзделген.

Жаңа Конституция жобасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет екені туралы қағиданы сақтап, дамытады. Бұл мемлекет азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, отбасын қолдауға, еңбекті қорғауға, білім алу және денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге міндетті екенін білдіреді.

«Әлеуметтік кепілдіктер қағаз жүзінде қалмай, адамдардың өміріне тікелей әсер ететін нақты шешімдер мен бағдарламалар арқылы жүзеге асуы аса маңызды», – деп түйіндеді спикер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 21:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары