Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан хақында: сенім жаңа капиталға айналып жатыр

Емханалар 140 мың адамды жалған тіркеген: МӘМС қаражатын жымқырғандар сотталды

Креативті индустриялар аймақтардың жаңа даму драйверіне айналуда

Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттары ашылады

Мексикада қауіпті қылмыстық топ жетекшісі қолға түсті

Мемлекет басшысының тарихи маңызы зор тағы бір ауқымды жобасы басталды Ерлан Қарин

Нұрлан Әбдіров: Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті

Бывший аким отдал 4 миллиона мошеннице за нужный ему приговор

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту: аптап ыстық, найзағай және өрт қаупі күшейді

Тоқаев: Еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын жетекші логистикалық желіге айналады

Жабылған қарыз өзін еске салуы мүмкін: неліктен несие тарихыңызды бақылау маңызды

Жолаушылар Нұрлы жол вокзалындағы аптап ыстыққа шағымданды ҚТЖ мәселені мойындады

Марокко Испанияға мигранттардың жаппай ағылуына не себеп болғанын түсіндірді

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

Қазақстанда емханалардың жұмыс істеу ережелері жаңартылды: бұл пациенттерге қалай әсер етеді?

Пашинян жаңа парламент жұмысын бастағаннан кейін отставкаға кетті

Қытайдың автонарығы дағдарысқа тап болды

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

ЖСДП Еңбек. Әділдік. Ынтымақ қағидаттарын таныстырды

Ресейден әкелінген Амур жолбарысы табиғатқа жіберілді

Қандастарға қандай қолдау көрсетіледі?

Қандастарға қандай қолдау көрсетіледі?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бейресми дереккөздер шеттегі қазақтың саны 5–7 миллион ара­лығында болуы мүмкін екенін де айтады. Бірақ олардың 90%-дан астамы диаспора емес, ирре­дент  тұрғын екені нақты. Тарқатып айтсақ, Қытайда – 1,6 миллион, Өзбекстанда – 821,2 мың, Ресейде – 592 мың қазақ бар. Ал тарихи себептермен мәжбүрлі қоныс аударған диаспора өкілдері Моңғолияда – 125 мың, Түркияда – 30 мың және Еуропа елдерінде шоғырланған.

Бұл азаматтарға қамқорлық жасауды еліміз тәуелсіздік алғалы бері мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі ретінде айқындады. Ал кейінгі жылдары бұл жұмыс жаңа мазмұнға ие болып, мәде­ни-гуманитарлық қолдаудан диас­пораның әлеуетін ел дамуына тарту деңгейіне көтерілді.

Жалпы, қазақ елі тарихи ота­нына қоныс аударуды қолдайтын репатриациялық модель, мәдени-гуманитарлық, әлеуметтік қолдау көрсететін патерналистік модель және диаспораның әлеуетін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмылдыратын прагма­тикалық модельді қатар алып жүр.

Осы бағыттағы жүйелі жұмысты үйлестіріп отырған негізгі институт – Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Олар 30-дан астам елдегі 160-қа жуық қазақ мәдени орталығы мен қоғамдық ұйымдар және қауымдастықтармен тұрақты байланыс орнатқан.

«Кейінгі бес жылда қоғамның жобалары мен іс-шаралары арқы­лы тікелей (оффлайн) 40 мыңға жуық отандас қамтылды. Осы кезеңде Еуропа және Азия қазақтарының кездесулері мен кіші құрылтайлары, отандастар форумы, бизнес-форум және отандас ғалымдар форумы сынды ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Биыл Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі отандастар ұйымдарын біріктіретін «Азия елдері қазақтарының кеңесі» құрылып, оған Жапония, Корея, Малайзия мен Моңғолиядағы қауымдастық ұйымдары мүше болды. Оған қоса, «Ұлы дала» жобасымен 2023–2025 жылдары шетелдегі қазақ қаламгерлерінің 28 кітабы жарық көрді. Сондай-ақ ана тілін оқыту бағытында 2 мыңнан аса онлайн сабақ ұйымдастырылып, 4 мыңға жуық адам тіл курсынан өтті. Қордың «Жас қазақ» жазғы этно-лагері жобасы аясында кейінгі төрт жылда 637 этностық қазақ баласы тарихи Отанымен танысу мүмкіндігіне ие болды», дейді «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Әлібек Жұрқадам.

Шетелдегі қазақ жастарын тарихи Отанымен байланыстырудың ең тиімді жолы – білім. 2019–2025 жылдары барлығы 16 571 қандас елімізде жоғары білім алды. Оның 7 982-сі дайындық бөлімдерінде, 7 749-ы 4 пайыздық квотамен, 840-ы стипендиялық бағдарлама арқылы оқыған. Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында 5 мыңнан астам қандас студент білім алып жатыр.

Заң бойынша Қазақстан азамат­тығы жоқ қазақ ұлты өкілдеріне жоғары оқу орындары мен кол­ледж­­дерге қабылдау кезінде 4 пайыз­­дық квота қарастырылған. Қабыл­дау тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді.

«Шетелдегі қандастарымыздың білім алуына арналған жеңілдіктер бар. Оны Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынады, ал «Отандастар қоры» осы жұмысты үйлестіруге атсалысады. Бұрын қандас талапкерлер жалпы кон­курсқа қатысып, барлық пәннен белгіленген межеден өтуге тиіс еді, соның салдарынан гранттар толық игерілмей қалатын. Қазір ҰБТ-ны жеңілдетілген форматпен – оқу сауаттылығы және таңдаған мамандыққа байланысты екі пән бойынша ғана тапсырады. Бұған қоса, әр пәннен міндетті шекті ұпай талабы алынып тасталды. ҰБТ-ға дайын емес талапкерлерге университеттер жанындағы бір жылдық дайындық бөлімдері (Foundation) жол ашады. Мұнда қазақ тілін жетілдіруге, еліміздің білім жүйесіне бейімделуге, ҰБТ форматын меңгеруге мүмкіндік беріледі, ал қабылдау көбіне тест емес, әңгімелесу арқылы өтеді. Дайындық бөлімінде оқитындарға ай сайын 41 мың теңге көлемінде мемлекеттік шәкіртақы төленеді, грант иегерлері Қазақстан азамат­тарымен бірдей тәртіппен шәкіртақы алады. Соны­мен қа­тар қандастардың мем­ле­кеттік стипендиялық бағдар­ламалар арқылы магистратура мен докто­ран­тураға түсуіне де мүм­кіндік бар», дейді қордың Комму­никация және халықаралық ынты­мақтастық департаментінің басқарушы директоры Дидар Болат.

Елге оралуға ниетті қандастар үшін ең өзекті мәселе – көші-қон рәсімдері жөніндегі сенімді ақпарат. 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Отандастарды ақпараттық қолдау орталығы» қандас мәртебесін алудан бастап Қазақстан азаматтығын рәсімдеуге дейінгі толық консультациялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

2019– 2026 жылдар аралығында орталыққа барлығы 34 395 өтініш түскен. Оның ішінде фронт-кеңсе­лерге – 19 197, колл-орталыққа – 6 565, электронды түрде – 6 071, бэк-офисте жеке қабылдау мен телефон арқылы  2 562 өтініш келіп, қаралды. Биыл жұмысы уақытша тоқтатылған фронт-кеңселер алты өңірде қайта жанданды, ал өтініштерді талдау негізінде «Сұрақ-жауап» анықтамалығы қалыптастырылып жатыр.

Өткен жылдың қорытындысына иек артсақ, 16 805 этностық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қандастардың 44,5%-ы елге Өзбек­станнан, 44,1% – Қытайдан, 4% -ы– Түрікменстаннан, 3%-ы – Моң­ғолиядан, 2,5%-ы – Ресейден және 1,9%-ы басқа елдерден келген.

Еңбекке қабілетті жастағы ұлты қазақ қоныс аударушылар саны 60%-ға жуықтаса, еңбекке қабілетті жастан кішілер – 34, ал зейнеткерлер 8,6 пайыз болды. Олар республиканың әр өңіріне қоныстанды. Негізі, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 164,8 мың қандас оралды.

Қоғамның ендігі мақсаты – елдің ішкі және сыртқы имиджін ілгерілету, оны бейбітсүйгіш әрі про­грессивті мемлекет ретінде беде­лін нығайтуға атсалысу. Осы бағытта бірқатар медиа-имидждік жоба қолға алынды. Шетелдіктер мен қандас балалар арасында «Қазақстан – менің көзіммен» сурет байқауы ұйымдастырылады. Домбыраны, сол арқылы мәдени мұраны әлемге таныту мақсатында «Dombyra DNA» халықаралық музыкалық digital-челленджі бас­талды. Игі іс-шараға балалар да, ересектер де, шетелдіктер де белсенді қатысты. Тарихи Ота­нына оралып, кәсібімен, білімімен және еңбегімен ерекшеленген қандастардың ел дамуына қосқан үлесін көрсететін «Қан­дастар жолы» жобасының бүгінде алты шығарылымы жарық көрді. Ал екін­ші жартыжылдықта ұзақмер­зімді қоныс аудару мен инвестицияларды ынталандыруға бағытталған «Altyn Visa» бағдарла­масы туралы бейнероликтер, reels және инфографика әзірленіп, ресми парақшалар, мессенджерлер мен елшіліктер арқылы таратылады.

Ең ауқымды бастама – Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Abai Instituty» цифр­­­лық платформасы. Оның мақсаты – жасанды интеллект, цифрлық платформалар және д­е­рек­терге негізделген басқару ар­қы­лы әлемдегі қазақтармен жұ­мыстың жаңа моделін қалыптастыру.

Қазақ қай құрлықта жүрсе де, тарихи Отанының ыстық ықыласы мен нақты қолдауын сезінуі  мемлекеттік саясаттың жүйелі жүргізіліп отырғанын көрсетеді. Енді қандастарымыздың әлеуетін тиімді пайдаланып, олардың Қазақ елімен байланысын одан әрі нығайту қажет. Өйткені шетелдегі әр қазақ – елдің халықаралық беделін арттыруға үлес қоса алатын маңызды күш.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 08:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан хақында: сенім жаңа капиталға айналып жатыр

03 Тамыз 2026 09:37see132

Емханалар 140 мың адамды жалған тіркеген: МӘМС қаражатын жымқырғандар сотталды

03 Тамыз 2026 11:33see115

Креативті индустриялар аймақтардың жаңа даму драйверіне айналуда

03 Тамыз 2026 08:36see115

Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттары ашылады

03 Тамыз 2026 11:48see114

Мексикада қауіпті қылмыстық топ жетекшісі қолға түсті

03 Тамыз 2026 09:18see112

Мемлекет басшысының тарихи маңызы зор тағы бір ауқымды жобасы басталды Ерлан Қарин

03 Тамыз 2026 15:00see111

Нұрлан Әбдіров: Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті

03 Тамыз 2026 15:45see110

Бывший аким отдал 4 миллиона мошеннице за нужный ему приговор

02 Тамыз 2026 11:42see110

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту: аптап ыстық, найзағай және өрт қаупі күшейді

02 Тамыз 2026 09:50see109

Тоқаев: Еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын жетекші логистикалық желіге айналады

03 Тамыз 2026 13:06see108

Жабылған қарыз өзін еске салуы мүмкін: неліктен несие тарихыңызды бақылау маңызды

03 Тамыз 2026 12:48see108

Жолаушылар Нұрлы жол вокзалындағы аптап ыстыққа шағымданды ҚТЖ мәселені мойындады

03 Тамыз 2026 17:34see108

Марокко Испанияға мигранттардың жаппай ағылуына не себеп болғанын түсіндірді

03 Тамыз 2026 08:57see106

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

02 Тамыз 2026 19:06see105

Қазақстанда емханалардың жұмыс істеу ережелері жаңартылды: бұл пациенттерге қалай әсер етеді?

03 Тамыз 2026 11:11see105

Пашинян жаңа парламент жұмысын бастағаннан кейін отставкаға кетті

02 Тамыз 2026 13:08see105

Қытайдың автонарығы дағдарысқа тап болды

03 Тамыз 2026 13:00see105

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

04 Тамыз 2026 08:08see104

ЖСДП Еңбек. Әділдік. Ынтымақ қағидаттарын таныстырды

03 Тамыз 2026 22:50see103

Ресейден әкелінген Амур жолбарысы табиғатқа жіберілді

03 Тамыз 2026 14:47see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары