Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әлеуметтік қолдау қарқынды жүруде

Әлеуметтік қолдау қарқынды жүруде

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Цифрландыру үдерісі ауыл шаруашылығынан бастап, әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруға дейін еніп, өңірдің даму бағытын түбегейлі өзгерткенін атап өткен жөн. Интеллектуалды шешімдер мен жасанды интеллектке негізделген жобалар нақты нәтижесін беріп, Ақмоланы жаңа сапалы өмірдің аймағына айналдыруға негіз болды. Бұл – дәстүр мен технологияның, еңбек пен жаңашылдықтың үндескен үлгісі екені даусыз. Өңірдің өркендеу бағытын айқындап, заманауи технологияларды барлық салаға енгізу ісі бүгінде нақты нәтижесін де беріп отыр. 

Таяуда Парламент Мәжілісінің деп­ут­аттары Ақмола өңіріне жұмыс са­пары­­мен ат басын бұрып, цифрлық жаңғыру мен әлеуметтік даму бағытында атқары­лып жатқан жұмыстармен жан-жақты танысты.

Депутаттардың сапары облыс орта­лы­ғы Көкшетаудағы Быковский көше­сінде бой көтерген жаңа тұрғын үйлер кешенінен басталды. «Реновация» бағ­дар­ламасы аясында салынған бұл баспа­налар – заманауи тиімділік пен жайлы­лық стандарттарына сай келетін нысан­дар. Жақында мұнда қоныстанушылар көшіп келген.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахмет­жановтың айтуынша, жаңа бағдар­ла­ма мыңдаған ақмолалықтардың тұр­ғын үй жағдайын жақсартып қана қой­май, қалалар мен аудан орталықтарының келбетін түбегейлі өзгертпек. 

– Біз тұрғын үй құрылысына тек әлеу­меттік қажеттілік тұрғысынан емес, өңірдің эстетикалық және экологиялық бейнесін жаңғыртудың маңызды бөлігі ретінде қараймыз. Бұл бағдарлама жаңа өмір сапасының символына айналмақ. Реновация бағдарламасының көмегімен біз қазірдің өзінде қаланың көптен бері шешімін таппаған әлеуметтік мәселе­лерін реттеп келеміз, – дейді өңір бас­шысы Марат Ахметжанов.

Сапар барысында депутаттар 150 адам­ға арналған Белсенді ұзақ өмір сүру орта­лығында да болды. Мұнда егде жас­тағы тұрғындарға ән айтып, би билеу, сурет салу, спортпен шұғылдану, сондай-ақ бас­қа да шығармашылықпен айна­лысуға мол мүмкіндік берілген. Жақында ғана пайда­лануға берілген орталық зей­нет жасына жеткен адамдарға қамқор болу мен әлеу­меттік инклюзия қағидат­ын жүзеге асыру­дың жарқын үлгісіне айналған. 

– Бұл – жай ғана демалыс орны емес, бұл – өмірге деген құлшынысты арт­тыратын, адамдарға екінші тыныс бере­тін кеңістік. Біз аға буынның әлеуетін қоғам өміріне барынша тартуға тиіспіз, – дейді облыс әкімі.

Халық қалаулылары бұдан соң Көк­ше­тауда жуырда ашылған «Көк Шалғын» жобасы аясындағы абаттандыру аума­ғына барды. Жаз бойы тынымсыз жүр­гі­зілген жөндеу жұмыстарының арқа­сында қаланың қақ ортасындағы батыр­ларға арналған саябақ, Даңқ аллеясы мен Тәуелсіздік алаңы жаңаша кейіпке енген. Ал ұзындығы 1,4 шақырымдық жаңа Жағалау бүгінде көкшетаулық­тардың сүйікті серуендеу орнына айна­лғанын атап өткен жөн.

Бір кездері ескі, елеусіз көрінген аймақтардың бүгінде заманауи демалыс ошағына айналуы – өңірдің дамуына ерекше серпін қосқан. Яғни, Ақмола облысы бүгінгі күннің сұранысына жауап беретін «ақылды аймақ» болуға нық қадам басқан.

Сапардың ең маңызды бөлігі – Digital Aqmola орталығына бару болды. Мұнда – өңірдің барлық цифрлық шешімдері шоғырланған, мәліметтерді нақты уақыт режимінде талдап, шешім қабылдауға мүмкіндік беретін интел­лектуалды штаб орналасқан. Орталық­та облыстың даму бағыттарына қатыс­ты барлық көрсеткіш сандық форматта жинақталып, мемлекеттік басқару жүйесіне енгізілгенін атап өткен жөн. 

– Бүгін біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқын­далған цифрландыру мен жасанды ин­тел­лект енгізу тапсырмаларын орын­даудың нақты үлгісін көріп отырмыз. Digital Aqmola – бұл іс жүзінде өңірдің «Цифрландыру үйі». Мұнда IT баста­ма­лар мен стартаптар тоғысып, инно­вациялық экожүйе қалыптасып отыр, – деп толықтырды Марат Ахметжанов.

Қазір орталықта 15-ке жуық цифр­лық жоба жүзеге асырыла бастаған. Жергілікті IT мамандар өз өңірінде отырып-ақ, мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы, экология және әлеу­меттік салаларға арналған нақты шешім­дер әзірлейді.

Ақмола облысы қысқа ғана уақыт ішінде ауыл шаруашылығы саласында цифрлық технологияларды енгізудің көшбасшыларының біріне айналып үлгерді. Биыл Ақмола облысы егіс алқа­бын 5,5 миллион гектарға дейін ұлғай­тып, орташа өнімділік гектарына 16 цент­нерге жеткізген еді. Жалпы жинал­ған астық көлемі 6,7 миллион тоннадан асқан. Ресми деректерге сенсек, аймақ мемлекет қолдауы мен диқандардың ерен еңбегінің арқасында ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің жалпы көлемін 1,2 триллион теңге деңгейінде қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Кездесуде астықты терең өңдеу және инвестиция тарту мәселелеріне де ерек­ше назар аударылды. Өңірде қытай­лық Dalian компаниясымен бірлескен құны 650 миллион долларды құрайтын аса ірі жоба іске асуда. Оның алғашқы кезеңінде жылына 1 миллион тонна астық өңделсе, алдағы уақытта бұл көлем 3 миллион тоннаға дейін ұлғайтылмақ.

Бұл жоба тек өндірістік емес, әлеу­меттік-экономикалық маңызы зор баст­ама болмақ. Бастама сәтті болса жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті инфрақұрылым дамиды, сондай-ақ өңір­дік экспорттық әлеуеті де арта түс­пек. Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожа­назаров сапар қорытындысында Ақмола облысының бастамаларын еліміздің басқа өңірлеріне үлгі етуге болатынын атап өтті. 

– Цифрлық технологиялар басқару жүйе­сін ашық әрі айқын етті. Қабыл­данған шешімдер енді нақты деректерге сүйенеді. Бұл – технологияның адам өмірін жақсарта алатынының нақты дәлелі, – деді Мәжіліс депутаты.

Бүгінгі Ақмола – бұл дәстүр мен тех­нологияның, еңбек пен жаңашыл­дық­тың тоғысқан мекені. Аймақта жүзеге асырыла бастаған цифрландыру жоба­лары тек техникалық құрал емес, басқару мәдениетінің жаңа деңгейге көтеріле бастағанын айғақтайды.

Абзал ТОҚАН,

Ақмола облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:218
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 04:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары