Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Димаш Құдайберген әлемдік DIMENSIONS турының алғашқы тарауының концепциясын таныстырды. Бұл туралы dimashnews.com жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Турдың алғашқы тарауы «Үнемі өзгерісте. Үнемі шынайы» деп аталады. Жоба әншінің ішкі әлеміне, өзін-өзі тануына және тұлғасының түрлі қырларын қабылдауына арналған. Концепцияның негізгі түсі - қою қызыл.
Терең әрі мөлдір қызыл түс тек Димашқа ғана арналып жасалған рухтың шеңберлі театрын бойына сыйғызғандай. Оның дәл ортасында — алқызыл кеңістіктің жалғыз өзегі іспетті өзі тұр. Оны өзінің сан қилы бейнелері қоршаған, алайда олардың бірде-бірі екіншісіне ұқсамайды. Әрбір тұлға өмірінің жеке бір тарауын, ешқандай шарттылықпен шектелмеген жан дүниесінің өзіндік бір қырын сақтайды.
Әр бейне орталықтағы өзінің шынайы «меніне» көз тігеді. Өз-өзімен үнсіз, бірақ терең диалог іспетті: қайта пайымдау, өзін тану және ішкі үйлесімге келу үдерісі. Шеңберлі композиция бар назарды ішке қарай бағыттап, тұйықталған көркемдік айналым қалыптастырады. Мұнда әрбір өлшем, түптеп келгенде, өз бастауына қайта оралады. Өткеніне, өзінің сан алуан бейнелері мен тұлғасының жасырын қырларына көзбе-көз келген ол бұл естелікті қабылдауға, сондай-ақ тұлғалық қалыптасу жолында жүріп өткен әрбір белесті мойындап, бекемделеді.
Бұл — DIMENSIONS. Уақыт пен кеңістікті шарлау туралы фантазия емес. Бұл — адамның өз болмысының тұтастығымен бетпе-бет келетін ішкі сапары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:23
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 22:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















