Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Доллар арзандап, теңге нығайды

Доллар арзандап, теңге нығайды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АҚШ ақшасы арзандап, төл теңгеміз беки түсті.

Иә, доллар бағамы қазаннан бері құлдырап келеді. Ұлттық банк ұсынған статистикаға сүйенсек, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бүгінгі құны 499 теңге. Бұған не себеп?Қор нарығындағы ахуал қандай?

АҚШ доллары айтарлықтай арзандады. Көк қағаз қыркүйекте күшіне мініп, 1 доллардың құны 550 теңгеге дейін қымбаттаған еді. Ал қазан мен қарашада төл теңгеміздің нығайды деуге болады. Ал оған не себеп болды, валюта бағамындағы өзгерістердің салдары қалай болады? Тілші шолуында толығырақ тарқатамын.

Бұл бізден бөлек басқа елдердің валюталарына да қатысты жағдай. Бұған басты себептердің бірі әлемдегі мұнай бағасының қалыпты болуы. Сондай-ақ, жаһандық доллар индексінің 8,3%-ға әлсіреуі де әсер еткен. Әрі елдегі базалық мөлшерлеме деңгейі 18 пайызға дейін өсіп, сыртқы салымшылардың назары қазақ даласына ауған. Бұл Лондон, Нью-Йорк, Абу-Дабидегі инвестициялық қорлар долларды теңгеге айырбастап, біздің облигацияларымызды сатып алып жатыр деген сөз. Осы тұста ұлттық банктің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. Соған зер салайық.

мұнай баррелі - $60

жаһандық доллар индексінің әлсіреуі - 8,3%

базалық мөлшерлеме - 18% 

ЦИТАТА

Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы барреліне 60 АҚШ долларынан жоғары деңгейде тұрақты сақталып тұр. Сонымен қатар АҚШ Федералды резерв жүйесінің мөлшерлемені төмендету циклі жаһандық доллар индексінің 8,3%-ға әлсіреуіне және жыл басынан бері дамушы нарықтардағы валюталар индексінің 8,3%-ға нығаюына ықпал етті. Осы жағдайлардың аясында дамушы елдердің активтеріне, соның ішінде Қазақстан нарығына деген халықаралық инвесторлардың қызығушылығы жоғары деңгейде сақталып отыр.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі  

Екі айда теңге бағамы 9,2% нығайды 

Доллар көктемнен бері алғаш рет 500 теңгеден төмен түсті. Қазақстандағы қор биржасындағы валюта бағамына қарасақ, АҚШ ақшасының теңгеге шаққандағы бүгінгі бағасы 499 теңге. Айтайық, мұндай рекордтық көрсеткіш биылдыққа соңғы рет 18 наурызда тіркелген еді. Осы көктемде көк қағаздың құны 497 теңгеге дейін арзандады. Бірақ көп ұзамай қыркүйекте 550 теңгеге дейін шарықтап кетті. Байқағаңыздай екі айдың бедерінде америкалық валюта 50 теңгеге құнсызданды. Яғни, қазақ ақшасы 9,2 пайызға нығайды. Дегенмен, жыл соңына дейін  жағдай қалай болатынын дөп басып айту қиын. Сарапшылар осылай дейді.

Наурыз айы - $1 - ₸497

Қыркүйек айы - $1 - ₸550

Желтоқсан айы - $1 - ₸499      

Меруерт Махмұтова, сарапшы:

- Теңгенің қазір нығаюына үлес қосып отырғаны инвесторлардың мемлекеттік құнды қағаздарға келгені. Ол шынымен ставкамыз жоғары 18 пайыз. Қазан айында инвесторлар 300-400 доллар шамасында нарыққа сатса, қараша айында екі есе ұлғайтып инвестициясын 800 млн долларға сатып, соны теңгеге аударып, мемлекеттік құнды қағаздарға жұмсап отыр.

Валюта бағамы қалай өрбиді? 

Ал алда ақша саясаты қалай өрбиді? Сарапшылар 2026 жылға қандай болжам жасап отыр? Оны білу үшін алдымен өткенге үңілейік. Үш жылдың ішінде АҚШ ақшасының құны осылай болған. Сарапшылар "келер жылы доллардың орташа құны 540 теңге болуы мүмкін" дейді.  Шарықтау шегі 580 теңгеге дейін жетеді деген болжам да бар.

2022 жыл - $1 - ₸433-497

2023 жыл - $1 - ₸445-476

2024 жыл - $1 - ₸442-519

2025 жыл - $1 - ₸497-550

Меруерт Махмұтова, сарапшы:

- 540-ты үкімет бюджетте тіркеп отыр келесі жылдың бюджетінің болжамында. Сондықтан ол әлгі орта деңгейі ғой. Қазір төменгі деңгейі 500 болып тұр. 600 болып жатса, 580-ге барып жатса, орташа 540 болуы да мүмкін.     

Қаражатты қай валютада сақтаған дұрыс? 

Қорыта айтқанда валюта бағамы қалай һәм қайда қарай бет бұратынын білу қиын. Тек болжам ғана бар. ((V)) Ал енді аумалы-төкпелі шақтың алма-ғайып сәтінде салымшылар қалай амалдау керек? Көпшіліктің көңілінде, "Доллар құлдырағанда АҚШ ақшасын сатып алған дұрыс па?",- деген сауал туындағаны белгілі. Бұл жайлы да сала сарапшысынан сұраған едік. Қолыңыздағы қаражатты қалай сақтаған дұрыс? Қандай валютамен сақтаған дұрыс? Назар салайық.

Меруерт Махмұтова, сарапшы:

- Теңгеміз қабылданғаннан бері 93 жылдан бері  жылдан жылға құнсызданып жатыр. Нығайып жатқаны бұл қысқа мерзімді тренд сондықтан әр азамат ұзақ мерзімде ақшамды сақтап қаламын десе тұрақты күнделікті ақшаңыз теңгеде болсын, теңгелік депозитті болсын. Сосын ұзақ мерзімді шешімдер, жоспарлар болса тұрақты валютамен сақтауға дұрыс болар деп ойлар едім.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:219
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 02:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары