Джеки Чан Бакуде түсірілімге кірісті: Қазақстанға қайта келуі мүмкін бе?
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Фото: Newscom / Legion-media
Фильмнің түсірілімі бұған дейін Қазақстанның Маңғыстау және Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында өткен. Жоба қазан айына дейін жалғасатындықтан, актер Қазақстанға қайта оралуы мүмкін.
Бұған дейін Қазақстан фильмнің негізгі түсірілім алаңы ретінде таңдалғаны хабарланған еді. Ал Әзербайжанда картинаның жекелеген көріністері ғана түсіріледі.
Еске салсақ, жақында Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде жағалауда автобус пен тікұшақ қатысқан ауқымды түсірілімнен бейнежазбалар жариялаған болатын. Кейін Sәlem Entertainment компаниясы ақтаулықтарға қонақжайлығы үшін алғыс айтып, қаладағы түсірілім жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді.
Аида Балаева Джеки Чанға екі ел арасындағы мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты
«Доспехи Бога 4: Ультиматум» франшизаның соңғы бөлімі болады деп жоспарланған. Фильмнің тұсаукесері 2027 жылдың ақпан айына белгіленген.
Еске салайық, 15 маусымда Бозжырада «Доспехи Бога 4» фильмінің түсірілімі басталғанын хабарлаған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:42
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 17:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















