Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Егемендік декларациясы қастерлі құжат

Егемендік декларациясы қастерлі құжат

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биыл Егемендік туралы декларацияға - 35 жыл. Анығырақ айтсақ, 1990 жылдың 25 қазанында өзге халықтармен тереземіз тең екендігін білдіретін тарихи құжатты қабылдаған едік. 

Бастапқыда бұл туралы түрлі сауалдар туындаған. Заң немесе құқықтық акт болсын дегендер де болған. Кейін заң саласының мамандары, жұмыс тобы мүшелері жан-жақты талқылап, егемендік декларациясы ұғымын қолдады.

Қазақстан тарихы үшін күрделі кезеңде Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдау оңайға түспеген. Десе де білікті заңгерлер мен жұмыс тобының құрамындағы ұлт жанашырлары аянбай еңбек етті. Декларация - Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде мемлекеттілігінің негізін қалаған алғашқы әрі шешуші құжаты болды. Бұл құжат елдің егемендігін жариялап қана қоймай, саяси және құқықтық жүйенің жаңа бағытын айқындады. Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі мен мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Егемендік туралы декларация дәл осы Орталық мемлекеттік архивінде сақтаулы тұр. Дәл біз тұрған қоймада  85 мың істен тұратын 63 қор бар. Соның бірі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің президиумы деп аталады. Осы қорда Егемендік туралы декларация мен оны қабылдаған сессияның стенограммасының түпнұсқасы сақталған.

Тарихи құжат сол кездегі кеңестік заңдардың күшін тоқтатты. Осыдан кейін ғана Қазақстан өзінің заңдарын шығаруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ еліміз ішкі саясатты,  әлеуметтік мәселені, жалпы экономикадағы жағдайды өз еркімен шешу құқығына ие болды. Тарихшылардың пікірінше, бұл құжат Қазақстанның тәуелсіздікке бастар жолындағы алғашқы және ең маңызды құқықтық қадам болды.

Сәбит Шілдебай, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры:

- Кеңес Одағын мекендеген халықтардың ұлттық санасында ояну пайда болды. Әр халық өзінің әдебиеті мен тарихына қауышқаннан кейін оларда ұлттық сана қатты өсті. Ұлттық сананың өсуі ұлттық идеяның күшеюіне  алып келді. Ұлттық идеяның күшеюі өз кезеңінде ұлтық республикаларда ұлтық қозғалыстарды қалыптастырды, ол ұлттық қозғалыстардың негізгісі әр ұлт өзінің егемендігін, тәуелсіздігін талап ете бастады.

Еліміз осыдан кейін өзінің әскерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын құру құқығын алды. Ал Президент мемлекет басшысы, әкімшілік-атқарушы жоғарғы биліктің басшысы болып танылды. Декларация осындай түбейгейлі бетбұрысқа жол ашты.

Өмірәлі Шәкарапұлы, Заң ғылымдарының докторы, профессор:

- Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, Гайрат Сапарғалиев, Нағашыбай Шәйкенов, Рогов Игор Иванович те атсалысты. Бізбен бірге қызмет атқарған Колпаков деген жігіт те болды. Әсіресе заңгерлер атсалысты. Ол кезде Жоғарғы Кеңестің басшысы Әбділдин Серікболсын ағамыз болған. Ол қазақтың патриот азаматы. Барлығы атсалысып, мемллекеттің іргетасын қабылдауға үлкен үлес қосқан Декларация деп санаймын.

Егемендік туралы декларация қабылданғаннан бері 35 жыл өтті. Бұл тарих тұрғысынан алғанда өте аз уақыт. Бірақ, біздің еліміз  үшін осы жылдар тарихи бетбұрысқа толы кезең болды.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 21:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары