Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Мұқтаж жандарға қамқорлық қастерлі қызмет

Мұқтаж жандарға қамқорлық қастерлі қызмет

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазанның соңғы жексенбісінде 2011 жылы 20 қазанда кәсіби мерекелер тізіміне ресми түрде енгізілген Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл күн – еселі еңбегімен, қапысыз қамқорлығымен қарттарға қызмет ететін, мүгедектерге, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмек көрсететін барша жанға деген шынайы құрметтің белгісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлі­метінше, бүгінде халықты әлеуметтік қорғау саласында 35 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, арнайы педагогтер, әлеуметтік қызметкерлер бар. Әлеуметтік қолдау саласындағы кәсіби маман мемлекет пен әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар арасында дәнекер рөлін атқарады. Қызметінің негізгі мұраты – адамдарға қамқорлық жасау. Елімізде зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік көмек, еңбекті қорғау, жалақы, жұмыс мөлшерлемесі жүйесі, халықты жұмыспен қамтуға қатысты түрлі бағдарлама бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл-ғы Жолдауында өңірлердегі әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға бөлінетін әлеуметтік төлемдерді біріздендіру керектігін айрықша атап өтті. Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар мен төлемдердің сан алуандығы кейде түсініксіздік, қиындық туғызады. Сол тұрғыда оларды біріздендіру – уақыт талабына сай тиімді шешім. Төлемдердің бірыңғай тәртіппен жүзеге асуы азаматтар арасындағы әлеуметтік әділеттілікті арттырады. Баршаға ортақ, ашық ереже орнайды. Цифрлық база арқылы автоматтандырылған, жеңілдетілген рәсім жүйесі іске асады. Қайталанатын немесе тиімсіз төлем түрлері қысқартылып, қаржы нақты мұқтаж азаматтарға бағыт­талады. Электронды үдерістердің арқасында төлемнің тағайындалуы мен берілуі толы­ғымен бақылауда болады.

Тұрғындарды әлеуметтік қолдаудың ең басты үлгісі – атаулы әлеуметтік көмек (АӘК). Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 51 мың отбасындағы 274,4 мың адамға 24,6 млрд теңге сомасында тағайындалған. Бұл мақсатқа бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған. АӘК-тің негізгі міндеті – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәр­демдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

2024 жылы 1 қаңтардан бастап елімізде зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем (АӘТ) енгізілгені белгілі. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 5387 азаматқа АӘТ тағайындалған. Әлеуметтік төлем та­ғайын­дауға жалпы 5468 адам өтініш біл­дірген.

Соғыс және еңбек ардагерлері де кең көлемді әлеуметтік қолдауға ие. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 79 313 ардагер тұрады, оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыстың 86 ардагері, соғыс ардагерлеріне теңестірілген 16 556 ардагер, 26 587 басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, 36 084 соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері бар. 2025 жылы аталған санаттардағы азамат­тарға 12,6 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленген. Осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.

Әлеуметтік қорғау саласын дамыту жөніндегі Ұлттық ғылыми орталық­тың бас директоры Қанат Тезекбаевтың айтуынша, балаларға арналған оңалту жұмысы ерекше назарда. Есепті кезеңде ел көлемінде 8 983 адамға күрделі протездік-ортопедиялық бұйымдар берілген. Кохлеарлық имплантациядан кейінгі есту протездеуі мен есту-сөйлеу оңалтуының кешенді қызметтерімен 1,8 млрд теңге сомасына 1 045 адам қам­тылған. Бұл шаралар есту қабілеті бұзылған балалардың толыққанды дамуына, қоғамға бейімделуіне жол ашады.

«Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Мүгедектігі бар
балаларды үй жағдайында оңалту» қа­натқақты жобасы да өз жемісін беріп келеді. Қазіргі таңда оңалтудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданушының жалпы саны – 403 бала, олардың ішінде: 328 бала – үй жағдайында, 13 бала – оқыту кезеңінде, 62 бала үй жағдайының болмауы­на байланыс­ты оңалту орталықтарында оңалтудан өтіп жатыр», дейді Қ.Тезекбаев.

Сонымен қатар орталық ғылым, білім жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Әлеуметтік сала мамандарына арналған оқыту ұйымдастырылып, 1902 әлеуметтік қызмет­кердің кәсіби біліктілігі танылды.

Сала қызметкерлерін ынталандыру мақсатында жыл сайын «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» байқауы өткізіліп тұрады. Қатысушылар өздерінің еңбек жолын, қамқорлығындағы жандармен қарым-қатынасын, болашаққа жоспарларын, осынау күрделі жұмысты отбасылық өмірмен қалай үйлестіріп жүргенін баяндайды, комиссия талқысына салады. Қоры­тындысы кәсіби мереке қарсаңында шығады.

Қоғамның қалыпты даму барысы көп ретте халықтың әлеуметтік қорғалуы мен әлеуметтік кепілдік деңгейіне байланыс­ты. Әлеуметтік тұрғыдан осал көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, жалғызбасты аналар, аз қамтылғандарды қашанда ерекше қолдау қажет. Бұл топқа бөлінетін көмектерді нақты, әділетті әрі жүйелі түрде реттеп отыру – әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігінің айқын көрінісі.  

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары