Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Екі ауыл балаларының қуанышы ерекше

Екі ауыл балаларының қуанышы ерекше

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасы аясында Жамбыл облысында бұған дейін төрт мектептің іргесі қаланса, Республика күні мерекесі аясында Қордай ауданында тағы екі білім ұясы шәкірттерге есігін айқара ашты. Заманауи жабдықтармен қамтылған жаңа мектептер уақыт сұранысына сай бой көтерген.

Қордай ауданына қарасты Қарасу және Қаракемер ауылдарында қоныстанған жергілікті халықтың арманы орындалды. Енді мұнда заман талабына сай білім беретін су жаңа білім ордасы бар. Жаңадан салынған білім ошақтарының ашылу салтанатына қатысқан өңір басшысы Ербол Қарашөкеев өңірдің білім саласын өркендетуге, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын облыс аумағында жүйелі түрде жүзеге асыруға барынша ден қойылғанын атап өтті. Сондай-ақ ағартушы салаға жергілікті атқарушы билік тарапынан жан-жақты қолдау көрсету жұмысы әрмен қарай да жалғасатынын тілге тиек етті.

«Өңірде кейінгі уақытта білім сала­сының жұмысын жандандыру мақсатында заман көшіне сай білім ошақтары бой көтеріп жатқанын жер­гілікті жұрт көріп, біліп отыр. Мектеп салу – бұл тек ғимарат салу емес, елдің болашағын, жас өркеннің ертеңін қалыптастыру. Өйткені әрбір білім ұясы – бала арманының жаңа тарауы, ұлттың рухани қайнары, мемлекеттің берік тірегі. Бұл – өскелең ұрпаққа деген қамқорлықтың, ел ертеңіне деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Сондықтан да ағартушы салаға деген қамқорлық ешқашан толастамақ емес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бүгін саналы ұрпақ тәр­биелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз» дегені бәріміздің жадымызда жаңғырып тұрғаны сөзсіз. Бұл сөз – білім саласының басты ұстанымы, әрбір ұстаздың жүрегіндегі сенім мен жауапкершіліктің нышаны. Мұғалім мұны қаперден шығармағаны жөн.

Білім – ұлттың жүрегі, мектеп – оның бүлкілдеп соққан тамыры. Қарасу ауылында есігін айқара ашқан жаңа білім ордасы – сол жүректің жаңаша соғуы, ел үмітін ақтар болашақтың бастауы болсын. Ұстаздарға жемісті еңбек пен толайым табыс тілеймін. Жаңа мектеп жаңашылдықтың ордасына айналсын», деді Ербол Қарашөкеев қарасулықтарды жаңа білім ошағының ашылуымен құттықтап.

Президент тапсырмасына сәйкес «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген жаңа білім ошақтарында оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай қарастырылған. Екі мектеп те 300 білім алушыға арналып салынған.

Қарасу елді мекеніндегі №53 білім ордасында 28 оқу кабинеті, 80 орындық мәжіліс залы, асхана, кітапхана (30 орындық оқу залы бар), 667 шаршы метр аумақты қамтитын спортзал бар. Бұдан бөлек STEM, роботтехника және компьютер сыныптары қарастырылған екен. Сондай-ақ білім алушылардың зейінін дамытуға арналған коворкинг орталығы, 3 шеберхана мен 3 ғылыми зертхана да жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, оқушылардың уақыт көшінен қалмай, жан-жақты дамуына барлық жағдай қарастырылып отыр.

Жаңа мектептің бой көтеруі Қарасу халқының бас ауруына айналған үш ауысымды оқыту мәселесін толықтай шешіп отырғанын айта кеткен жөн. Енді ауылдағы 232 білім алушы су жаңа білім ұясында алаңсыз білім нәрімен сусындайды. Қазіргі кезде білім ордасында 25 ұстаз жемісті еңбек етіп жатыр. Олардың қатарында педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор санатындағы білікті ұстаздар да бар.

«Қала мен ауылдың қаракөздеріне бірдей қарап, тең мүмкіндік қалыптас­тырып отырған Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа айтар алғы­сымыз шексіз. Ілгеріде мұндай іргелі, барлық жағдай жасалған мектеп­терді тек қаладан ғана көрсек, енді өзіміз тұратын алтын бесік ауылда да салынып жатыр. Ауыл балаларының сапалы білім алуына қолдан келгенше қолдау көрсетіп отырған барлық азаматқа алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Енді мектеп табалдырығын аттаған шәкірттер есейгенде үздік білімімен дараланып, елін, жерін сүйетін адал азаматтар санатын толықтырады деген сенімім зор. Өйткені олардың алаңсыз білім алуына, Абай армандаған «толық адам» болып қалыптасуына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалғанын көз көріп отыр. Сондықтан оқушылар ерінбей ізденіс ізіне түсуі керек. Енді тек балаларымыз үмітті ақтасын деген тілек қана бар», дейді ауыл ақсақалы Тұрған Жасыбаев.

Қаракемер ауылында бой көтерген №54 мектепте де оқушылардың алаң­сыз білім алуына барлық жағдай қарастырылған. Уақыт сұранысына сай бой көтерген жаңа білім ұясында білім алушылардың қауіпсіздігіне айрықша басымдық берілген.

«Жаңадан бой көтерген мектебіміз мамандық таңдауымызға мол септігін тигізетініне күмәнім жоқ. Болашақта дизайнер болсам деген арманым бар. Су жаңа білім ордасындағы каби­неттерді толық аралап шықтым. Мұнда қыз балаларға арналған шеберхана бар екен. Жаңа шеберханада бізге қажетті дүниенің барлығы самсап тұр. Болашақта өзім таңдайтын мамандықтың алғашқы қадамын дәл осы жаңа білім ордасынан бастайтыныма бек қуаныштымын», дейді ізденіс ізіне түскен білім алушылардың бірі Айзере Ербол қуанышымен бөлісіп.

Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, облыс аумағындағы халық тығыз орналасқан Қордай ауданында жаңа білім ордаларының бой кө­теруі мұндағы білім беру әлеуетін айтар­лықтай арттырады. Сондай-ақ ауылдық жердегі балалардың сапалы білім алуы­на барынша мүмкіндік туғызып отыр.

Жалпы алғанда кейінгі жылдары өңірдің білім саласын өркендету мақ­сатында ауқымды жұмыс атқа­рылып жатыр. Нақтырақ айтсақ, осы жылы 26 білім нысанының құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 10 мектеп пен 5 қосымша ғимарат пайдалануға берілмек. Ал 2026 жылы тағы 11 жаңа білім ордасының іргесы қаланады.

Жамбыл облысы,

Қордай ауданы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары