“Екі есе төлем бе?“ қазақстандықтар Алматы Қонаев тас жолындағы дәретханаларға назар аударды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Желіде Алматы - Қонаев тасжолындағы кейбір жол бойындағы дәретханалардың ақылы болғаны туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға қатысты "ҚазАвтоЖол" компаниясы жауап берді, деп хабарлайды Tengri Auto.
"Дәретхана ақылы болды": әлеуметтік желідегі жазба
Танымал әлеуметтік желілердің бірінде пайдаланушылардың назарын аударған жазба жарияланды.
"Қонаев – Алматы ақылы автожолындағы дәретхана дүкенге айналып, дәретхананың өзі ақылы болды", - делінген жарияланымда.
Желі қолданушыларының жазба астындағы пікірі екіге жарылды. Бірі мұны әділетсіздік деп санаса, енді бірі дәл осы ақылы жүйе тазалықты сақтауға көмектесетініне сенімді.
Адамдар ақпаратты оқи алмайды. Автордың айтпағы - ақылы автожолда дәретхананың да ақылы болуы, яғни дәретхана үшін екі есе төлем жүріп жатыр (тегін дәретхана туралы сөз болып тұрған жоқ). Демек, ақылы жолдағы (біз ақылы жолды пайдаланғанымыз үшін төлеген сомаға әу баста санитарлық торапты пайдалану да кіруі тиіс) дәретханаларды бізден ақы алатын компаниялар күтіп ұстауы керек. Кеше ғана Астанадан Алматыға келдік. Мен ақылы болса да таза дәретханаларды қолдаймын! Тіпті жанармай бекеттерінде де ақылы қылсын! Қазіргі дәретхана пайдалану мәдениетімен тазалық сақтаудың ең тиімді жолы - осы. Ал тазалық пен тәртіп - ең алдымен қаржыға келіп тіреледі. Дәретхананы тегін кім таза ұстайды? Ақылы дәретханалар кімге тиесілі? "ҚазАвтоЖол" жауабыБіз жағдайға байланысты жауап алу үшін "ҚазАвтоЖол" компаниясына хабарластық. Компанияның мәліметінше, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында қазіргі уақытта 180 санитарлық-гигиеналық торап жұмыс істеп тұр. Оның 48-і жеке инвесторлар есебінен орнатылған. Дәл осындай санитарлық модульдерде дәретхананы пайдалану ақылы болуы мүмкін. Қызмет құны 50 теңгеден 100 теңгеге дейін.
Ұйым өкілдері бұл қаражат дәретханаларды күтіп ұстауға және пайдалануға, санитарлық-гигиеналық құралдарды сатып алуға, коммуналдық қызметтер мен қызмет көрсетуші персоналдың еңбегіне жұмсалатынын түсіндірді.
Бұл ретте "ҚазАвтоЖолдың" өз есебінен орнатылған санитарлық модульдер барлық пайдаланушылар үшін тегін болып қала береді. Сондай-ақ компания жол бойындағы сервис нысандарының бір бөлігі, соның ішінде жанармай бекеттері мен кемпингтер жеке меншіктегі жер телімдерінде орналасқанын атап өтті. Мұндай нысандардың иелері оларды пайдалану ережелері мен көрсетілетін қызметтердің құнын өздері белгілейді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 10:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















