Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Экспедиция кезінде көлігі бұзылған шетелдік Kazinform агенттігінен көмек сұрады

Экспедиция кезінде көлігі бұзылған шетелдік Kazinform агенттігінен көмек сұрады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өзін Павел Маевский деп таныстырған шетелдік редакцияның электронды поштасына хат жолдады. Айтуынша, науқас балалардың еміне ақша жинау үшін 2025 жылы қайырымдылық марафонына аттанған. 

ЕАЭО территориясына Қырғызстан арқылы кірген шетелдіктің көлігі Ақтөбе жеріндегі Сағашилі ауылы маңына келгенде бұзылып қалады.

Осылайша былтыр жазда көлігін жергілікті тұрғын Ғабиден Ахановқа сеніп тапсырған. 

Фото: Павел Маевский

— Көлік бұзылған кезде жөндейтін адамды таптым. Ол машинаны қарап, қосалқы бөлшек қажет екенін айтты. Ал мұнда Fiat көлігіне қажеттісі табылмады. Сөйтіп мен Польшаға жеткен соң іздеп тауып, қайтып келетінімді жеткіздім. Мекенжайды, телефон нөмірін де жазып алдым. Бұл — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Сағашилі ауылы. Польшаға ұшақпен жетіп, механикке қоңырау шалдым. Ол маған жауап бермеді. Кейін қосалқы бөлшекті жіберіп, көлікті алып кететінімді не болмаса көлікті Қазақстанда қалдыратынымды айттым. Хабарлама жібергенде оның телефон нөмірі сөніп тұрды. Көлік құны арзан болған соң (Польшадағы бағасы 500 доллар — Павел Маевский) Қазақстанға немесе Қырғызстанға қалдыру жолын сұрадым (ЕАЭО территориясына Қырғыз Республикасы арқылы кірген — ред.). Оның өз заңдылығы бар екен, — деп жазады ол.

Шетелдік азамат бірнеше рет көлік жөндеушімен арада байланыс орнатуға тырысса да, ретін таба алмаған. Әрі өзі де сол кеткеннен Қазақстанға келмеген. 

Оның айтуынша, мұның бәрі кеден салығынан босатпайды. Ал құжатын заң аясында реттемесе ол бұдан әрі ЕАЭО аумағына кіре алмауы мүмкін.

Шетел азаматы Қазақстан мен Қырғызстанның салық комитетінен жауап та алды. Талап бойынша көлікті иесі алып кетуі тиіс немесе алдымен сәйкестік сертификатын рәсімдейді.

Фото: Павел Маевский

— Ең тиімді жолы — көлікті алып кету. Эвакуатор жалдаса да болады. Бір жылдың ішінде алып кеткені абзал. Қазақстан емес, ЕАЭО-ға кірген жері, яғни Қырғызстан шара қолданады. Егер бір рет айыппұл салса, ортақ базадан үнемі көрініп тұрады. Ал егер елде қалдыруға шешім қабылдаса алдымен сәйкестік сертификатын алады. Ол үшін көлік жөндеуден өтіп, жүріп тұруы тиіс. Сертификаттан соң кедендік рәсімдеу жүреді. Мұның бәрі уақытты қажет етеді, — дейді Ақтөбе облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Серік Сайманов. 

Ал көлікті алып қалған ақтөбелік Ғабиден Ахановтың айтуынша, ол алдымен жолаушыны қонақ қылып, кейін жолға шығарып салған.

Кері байланыс үшін мекенжайын, телефон нөмірін де жазып береді.

— Көлік бұзылып қалып, маған сүйреп әкелді. Сол кезде менде жөндеп беретін қосалқы бөлшек болмады. Ал олардың визасының уақыты аяқталып қалған. Такси жалдап, еліне кетті. Алдымен гаражда тұрған еді. Бірер айдан соң жөндеп, сыртқа шығарып қойдым. Өзім жөндеу жұмысын жүргіземін, тапсырыс алу үшін гараждың ішін босату керек болды. Шетелдік келіп, қаржысын төлеп алып кетсе болады. Мен 70 мың теңгеге қосалқы бөлшек алдым. Жұмысты қосып, 250 мың теңге сұраймын. Байланыс телефонын бердім, аты-жөнімді жаздым. Қазақтың салтымен қонақ болды, — дейді ақтөбелік. 

Фото: Павел Маевский

Оның айтуынша, алғашқы келісім бойынша шетелдік азамат қосалқы бөлшекті Польшадан әкелмек болған. Бірақ екеуі содан кейін хабарласа алмады. 

Kazinform көлік иесі мен ақтөбелік арасына байланыс орнатты. Павел Маевский байланыс телефонының бір ғана санын қате терген.

Ол алдағы уақытта келіп, көлігін алып кетуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Ақпан 2026 15:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары