Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Экстремальды табиғи құбылыс. Синоптиктер қауіпті өңірлерді атады

Экстремальды табиғи құбылыс. Синоптиктер қауіпті өңірлерді атады

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматы облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр болып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с, өңірдің шығысында 25 м/с дейін жетеді. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 4 тамызда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні 17 м/с құрайды, төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 4 тамызда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с.

Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жаңбыр болып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан да асады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 4 тамызда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, облыстың орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 4 тамызда түнде және күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысында 38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 4 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 4 тамызда түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қалада жоғары өрт қаупі сақталады деп болжанады.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 4 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсіп, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 4 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жаңбыр болып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 4 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 4 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 4 тамызда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың тау асуларындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 4 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі күтіледі. Түркістанда 4 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 4 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 4 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 4 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 4 тамызда, сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болатынын ескерткен.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 21:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары