Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қарсыз қыс қауіпті құбылыс

Қарсыз қыс қауіпті құбылыс

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Шаһарға қыс кірген бойда түшкірік маза бермей, аллергиямен алысатындар көбейген. Аурудың асқынуына қазіргі қарсыз ауа райы бірден-бір әсер етуші фактор болып саналады. Алматыда экологтар жасыл экономикаға көшу қажеттігін айтып дабыл қақса, ақ халаттылар мұндай кезеңде бірқатар ауру түрінің ушығу қаупін ескертеді.

Өнім көлемі 15-25 пайызға дейін қысқаруы мүмкін

National Geographic басылымы Nature журналында жарияланған мынадай маңызды деректерді ұсынады. Журналда жарық көрген зерттеулерге сәйкес, климаттың өзгеруі әлем бойынша дәнді және майлы дақылдардың өнімділігіне елеулі қауіп төндіреді. Ғалым­дардың болжамынша, Қазақстандағы бидай өсетін негізгі алқаптарда өнім көлемі 15-25 пайызға дейін қыс­қаруы мүмкін. Десе де, отандық ғалымдар «қазіргі климат­тық өзгерістер әзірге шаруашылыққа аса ауыр зардабын тигізе қойған жоқ» дейді. Қазақ ұлттық аграр­лық зерттеу университеті «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Тастан Атақұлов соңғы бидай өнімінің көлемі өткен жылдармен салыс­тырғанда көбірек болғанын жеткізді. 

– Кейінгі жылдары температураның жоғары болуы Қа­зақстанға елеулі зиян келтіре алған жоқ. Мұның арт­ында технологияның күшін пайдаланған ғалым­дары­мыздың еңбегі жатыр. Мәселен, бір жылдары елімізде астықтан 18 млн тонна бидай жиналса, кейін 22 млн тонна, ал өткен жылдың қорытындысы бойынша 27 млн тонна бидай жинап отырмыз. Әрине, егер жаһан­дық жылыну процесі жалғаса берсе, ол ауыл шаруашы­лығына кері әсерін тигізбей қоймайды, – деді ол.

The Guardian басылымы таяуда жариялаған мақала­сында ғалымдардың зерттеулері мен бірқатар болжамын ұсынған. Басылымның жазуынша, әлем дәнді дақылдарға, оның ішінде бидай, күріш және жүгеріге зиянкестерден келетін шығындар күрт өсетін кезеңге жақындап келеді. Ғалымдардың болжамынша, жаһандық жылыну +2 градусқа жеткен кезде бұл шығындар 46%, 19%, 31%-ға дейін артуы ықтимал. Мұндай қауіптің барын ғалымдары­мыз да жоққа шығармайды. 

– Дәл қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы үшін ең басты қауіп – ауа райы. Өйткені ауа райының құбылуына байланысты зиянкестер көбейеді. Жыл сайын қаншама гектар жердегі өнімімізді зиянкестер зақымдап жатыр. Ерекше атап өтерлік міндет, біз суармалы егіншілікті дамы­туға көңіл бөлуіміз тиіс.  Ол үшін суды үнемдеп пай­да­лануға көшуіміз қажет. Өсімдіктің өсіп-өнуіне кепілдік беретін бағыттың бірі осы деп есептеймін. Рас­ында, климаттық тұрғыда былтыр өзгеше жыл болды. Өткен жылдың күз айларында жауын-шашын мен қар мөлшері аз тіркелді. Бұл топырақ құрамындағы ылғалдың азаюына, тіпті келешекте жойылуына алып келеді. Мүм­кін алдағы көктем айларында жаңбыр көбірек жау­са, ылғал артатын шығар. Әзірге бұл жағдайға қатысты елімізде нақты ғылыми болжам жоқ. Ылғал болмаса, еккен тұқымымыз жердің бетіне шықпайды. Ал дәл қазіргідей қыс айында жер бетінде қардың болмауы күз­дік дақылдарға кері әсерін тигізеді. Олар негізінен қыс бойы қалың қардың астында жатуға тиіс, – деді Тастан Атақұлұлы.

Орталық Азияда 10 миллион адамға таза ауызсу жетпейді

Профессордың сөзінше, қар жамылғысының жұқа болуы көктемгі егіс науқанына әсер етіп қана қоймай, химиялық препараттарды көбірек қолдануға мәжбүрлейді. 

– Қысқы уақытта ауа райы температурасының төмен болуы зиянкестердің көзін жоюға көмектеседі. Ал жағдай керісінше болса, мамандар зиянкестермен химиялық әдіс арқылы күресуге тура келеді. Бұл уды далаға шашу деген сөз. Ауаға у шашылғаннан кейін ол экологияға, жайы­лымда жүрген жануарлардың денсаулығына қауіп төндіреді. Бүгінде еліміз өнеркәсіпте органикалық өнім өндіруге көңіл бөліп келеді. Қазірдің өзінде химиялық тыңайтқыштарды аз пайдаланып, биологиялық әдістермен органикалық өнім өндіруге кірісіп кеттік. Болашақта толығымен осы әдіске көшсек, экология үшін тиімді шешім болар еді, – деді ауыл шаруашылығы ғылым­дарының докторы.

БҰҰ-ның бағалауынша, 2050 жылға қарай құрғақшылық салдарынан жыл сайын Орталық Азияның ЖІӨ-нің 1,3 %-ы жоғалуы мүмкін. Бұл кезде аймаққа келетін мигранттар саны 5 миллионға жетуі ықтимал. 

– Қазір Қазақстанда су тапшылығы мәселесі аса өзекті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір екі сөзінің бірінде су тапшылығын азайту мәселесін алға тартады. Мемлекет басшысы шаруашылықта суды үнем­дейтін әдістерді енгізу арқылы суармалы жерлердің көлемін ұлғайту қажеттігін күн тәртібіне қойды. Қазіргі кез­еңде біз қордағы бар суымызды тиімді пайдалану арқылы ғана дақыл өнімдерін асырай алуымыз мүмкін. Қазақстанда су қоры аз. Барлық өзеннің бастауы шетелден ағып келетіні белгілі. Егер олар суды жапқан жағдайда, біз оның ауыр зардабын көреміз. Елімізде жауын-шашын мен қар аз жауса, су тапшылығы қиын мәселеге айналайын деп тұр, – деді Т.Атақұлов.

384 миллион адам: өкпе ауруы жиі тіркеледі

Жылы қыс пен инверсия құбылысы тыныс алу ауруларын одан сайын асқындырып отыр. Ста­тистикаға сүйенсек, қазіргі уақытта әлемде 384 мил­лион адам созылмалы обструктивті өкпе ауруына шал­дыққан. Қазақстанда бұл диагноз әр 100 мың тұр­ғынның 300-500-інде анықталады. Сырқаттанушылық дең­гейі бойынша аймақтар арасында Алматы көш бастап тұр. Осыған дейін Almaty Air Initiative қоры мегаполис тұрғындары арасында сауалнама жүргізген еді. Жалпы саны мың адам қатысқан зерттеу нәтижесі бойынша тұр­ғындардың 80 пайызы лас ауаның денсаулығына кері әсер бергенін байқаған. Дәлірек айтсақ, олардың 39% – аллергиялық реакция, 40% – бас ауруы, шаршау және бас айналу, 23% – қан қысымы жоғарылауы, 35% тыныс алу қиындағанын атап көрсеткен. 

Пульмонолог Абзал Малбасқанов кейінгі апталарда тыныс жолы ауруларымен жүгінетін науқастар жиілегенін айтып отыр. Оның сөзінше, қыстың қарсыз басталуының салдары қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында-ақ анық байқалды. Жауын-шашын болмаған кезеңде ауадағы шаң мен зиянды бөлшектер жиналып, қаланың экологиялық ахуалы күрт нашарлаған. «Кейіннен қар жауып, жауын-шашын түскен соң ауаның біршама тазарғанын тұрғындар өздері де сезінді» дейді ол.

– Қазір бізге тыныс алу ауруларына байланысты нау­қастар жиі келеді. Себебі жауын-шашын аз болған кезде ауада PM2.5 және PM10 сияқты ұсақ шаң бөлшектері жиналып қалады. Бұл бөлшектердің қаупі – олардың ағзаға терең еніп, қабыну үдерістерін күшейтуінде. Қарсыз қыс, әсіресе, өкпенің созылмалы аурулары бар адамдарға ауыр тиеді. Мұндай кезеңде пневмония және тыныс алу жолдарының басқа да ауру түрлері жиі асқы­на­ды. COVID-19 инфекциясынан кейін көп адамның өкпесінде созылмалы қабыну қалып қойған. Өкпенің шырышты қабаты қабынған кезде ауа өтетін жолдар тарылып, ентігу пайда болады. Ал ауаның химиялық заттармен ластануы шырышты қабатты қабындырып, түшкіру, құрғақ жөтел және тыныстың тарылуына әкеледі, – дейді Абзал Малбасқанов. 

Маманның пікірінше, жауын-шашын болмаған кезде ауа құрғап, шаң-тозаң ауада ұзақ уақыт сақталады. Бұл өкпеге түсіп, пневмонияның дамуына себеп болады. Ал аязды күндері ауа тазарады, сондықтан кей адамдардың денсаулығы керісінше жақсара түседі. Пульмонолог таза ауаның адамның жалпы көңіл күйі мен иммунитетіне тікелей әсер етуші фактор екенін негізге алды.   

Сөз соңында пульмонолог жауын-шашын азайып, аспанды түтін тұмшалаған уақытта тұрғындарға бетперде тағу­ға кеңес береді. Сонымен қатар мүмкіндігінше қала сыртына шығып, таза ауамен тыныстау денсаулыққа пайдалы дейді.

– Біз науқастарға нақты мынадай дәрі-дәрмек пен екпе пайдалан деп айта алмаймыз. Иммунитеттің 90 пайызы адамның күнделікті ішіп-жеген тағамына байланысты. Сондықтан жартылай дайын өнімдерден гөрі құнарлы, ыстық тамақ тұтынуға көңіл бөлген жөн, – деп түйіндеді дәрігер.

Қарсыз әлі жылы қыс онсыз да көк түтіннен көз ашпайтын Алматының экологиялық мәселесін одан сайын ушықтыра түсті. Синоптиктердің сөзінше, қыстағы жылы ауа райы 80 жылда бір келетін құбылыс. Жасыл экономикаға көшу арқылы ауаны ластаушы факторлармен күресу – бүгінгінің уақыт күттірмейтін негізгі міндетіне айналып отыр.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 06:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары