Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Ерлан Саиров: Рушылдық тенденция мемлекеттілікті шашыратуға әкелетін қауіпті құбылыс

Ерлан Саиров: Рушылдық тенденция мемлекеттілікті шашыратуға әкелетін қауіпті құбылыс

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдап, елдегі «рушылдық» психологиясының өршуіне байланысты дабыл қақты. Депутат ұлттық бірлікке қауіп төндіретін контенттерге тыйым салуды талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото Ерлан Саировтың Фейсбук парақшасынан алынды

Ерлан Саировтың айтуынша, Қазақстан 30 жыл ішінде өзін «мемлекет құруға қабілетті ұлт» ретінде дәлелдегенімен, мемлекеттілікті сақтап тұру әр азаматтың санасындағы күрестен басталады. Соңғы кездері әлеуметтік желілерде, өнерде және кәсіпкерлікте рулық бөлінуді насихаттайтын тенденциялар белең алған.

«Мемлекетті құрудан гөрі, мемлекеттілікті ұстап тұру қиын. Мемлекеттілікті ұстап тұру үшін күрес әрбір азаматтың санасынан басталады. Біздің әрқайсымыз жалпы мемлекеттік «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» және жалпыұлттық «Мен Қазақпын» психологиясын бойымызға сіңірсек қана Тәуелсіз Қазақстанды сақтап қаламыз. Рулық сана халқымыздың бірлігіне сына салып, ұлттық бірлікті шашыратып жіберуге қабілетті құбылыс. Соңғы кездері әлеуметтік желіде, өнерде рушылдық тенденция мүлдемге өршіп кетті. Бұл мемлекетіміз үшін текелей қауіп! Аталарымыз «Үй артында кісі бар» деп жиі қайталайтын. Бұл сөздің мәнісі қазақтың жүріс-тұрысын, өзара қарым-қатынасын сырттан бақылап, барлап отыратын күштер көп. Олар біздің ішіміздегі осал жерлерді іздеп, соны қоздыруға тырысып отырады. Сондықтан Рушылдық тенденция қоғам ішінде мемлекеттік ойлау қабілетін коррозияға ұшыратып, мемлекеттілікті шашыратуға әкелетін қауіпті құбылыс», деді депутат.

Депутаттық сауалда жекелеген контент өндірушілер мен кәсіпкерлердің ру атауларын бренд ретінде пайдаланып, киім-кешекке жазып сатуы, сондай-ақ кино индустриясындағы келеңсіздіктер қатаң сынға алынды. Әсіресе руларды салыстыратын, кемсітетін және Қазақстан картасын үш жүзге бөліп көрсеткен жаңа фильмнің прокатқа шығуы «бассыздық» деп бағаланды.

Бұл ретте Е. Саиров Үкіметке келесі нақты шараларды қабылдауды ұсынды:

Арнайы комиссия құру: Ақпарат және мәдениет министрлігі жанынан кинопрокатқа шығатын отандық фильмдердің мазмұнын алдын ала көркемдік-эстетикалық, идеологиялық және ұлттық бірлік тұрғысынан сараптайтын тұрақты комиссия жұмысын іске асыру. Нақты тосқауыл қою: «Ұлттық код» пен «мәдени ерекшелік» ұғымын желеу етіп, қоғамды бөлшектеуге, рушылдық пен жікшілдікті насихаттайтын әрекеттерге заң жүзінде тосқауыл қою. Идеологиялық контентті арттыру: Мәдени салада және әлеуметтік желіде Қазақстан халқының тұтастығын дәріптейтін, жалпыұлттық «Біз Қазақпыз» деген мағынадағы мазмұнды көбейтуге кірісу.

Сынға қалған «Руың кім» фильмі прокаттан алынды

Ерлан Саиров ұлт мүддесі мен мемлекет тұтастығы жолында кез келген сынға дайын екенін жеткізді. Ол трайбализм мәселесінде ешқандай компромисс болмауы тиіс екенін және арандатушылық материалдарға толықтай тыйым салынуы керектігін қадап айтты.

Еске салайық, Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров үлкен экранға шыққан «Руың кім» фильмінің қажетсіз тақырыпты арқау еткеніне назар аударған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген халықаралық қауымдастыққа үндеу жасады

Мәдениет • Бүгін, 10:22

Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президентін қабылдады

Президент • Бүгін, 10:13

Ерлан Саиров: Рушылдық тенденция – мемлекеттілікті шашыратуға әкелетін қауіпті құбылыс

Қоғам • Бүгін, 10:08

Қар,көктайғақ: Қазақстанның 13 өңірінде жол жағдайы нашарлайды

Оқиға • Бүгін, 10:00

Қазақстанда 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленді

Еңбек • Бүгін, 09:45

Үкіметте келер жылғы экономикалық өсімді қолдау тетіктері қаралды

Экономика • Бүгін, 09:44

Атырауда ер адам көпірден секіруге оқталған

Оқиға • Бүгін, 09:36

«Қош келдіңіз!»: Токио губернаторы Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды

Президент • Бүгін, 09:25

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалған

Оқиға • Бүгін, 09:21

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:10

Депутаттар бастамашы болған бірқатар заң мақұлданды

Саясат • Бүгін, 09:00

Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығының жұмысымен танысты

Президент • Бүгін, 09:00

Қазақстан – Жапония: Сенімді серіктестік пен достық байланыс нығая береді

Президент • Бүгін, 08:55

Медициналық көмек толықтай автоматтандырылады

Саясат • Бүгін, 08:50

Көлеңкелі экономиканы қалай тоқтатамыз?

Экономика • Бүгін, 08:45

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 11:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары