Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ел аузындағы есімдер: Халық әртісі атағына лайық өнерпаздар

Ел аузындағы есімдер: Халық әртісі атағына лайық өнерпаздар

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Соңғы жылдары «Қазақстанның халық әртісі» атағы қайта жаңғыртылып, мәдениет саласындағы ең беделді марапаттардың біріне айналды. Бұл жай ғана атақ емес. Біздіңше, бұл – өнер адамдарының ұзақ жылғы еңбегіне берілетін баға ғана емес, шығармашылық жолын жалғастырып келе жатқан тұлғаларға жаңа серпін мен шабыт сыйлайтын марапат. Осы уақытқа дейін бұл атаққа бірқатар белгілі өнер қайраткерлері ие болды.

Дегенмен марапат жарияланған сайын әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер айтылып жатады. Бірі белгілі бір өнерпаздың лайық екенін жазса, енді бірі басқа есімдерді алға тартады. Бұл – қалыпты жағдай. Әр азаматтың өз пікірін білдіруге құқығы бар. Алайда әлеуметтік желілерді қарап отырсаңыз, кейбір есімдердің өзгелерге қарағанда жиірек аталып жүргенін байқауға болады.

Әрине, біз арнайы әлеуметтік зерттеу жүргізген жоқпыз және кәсіби сауалнама орталығы да емеспіз. Бірақ бүгінде жасанды интеллект технологиялары үлкен көлемдегі ақпаратты талдауға мүмкіндік беретіні белгілі. Сондықтан Facebook, Instagram, TikTok және Threads желілеріндегі ашық жарияланымдар мен пікірлерді жасанды интеллект көмегімен саралап көруді жөн санадық. Нәтижесінде, қай өнер иелерінің есімі халық арасында жиі аталып жүргенін анықтауға тырыстық. Бүгінгі шолуымызда осы талдаудың қорытындысын ұсынамыз.

Алғашқы төрттік төмендегідей шықты:

Бұл төрттікте ешкімді таныстырудың қажеті жоқ шығар. Әуелгісі – «Дос-Мұқасанның» негізін қалаушы, әнші Мұрат Құсайынов. Қайрат Нұртасты да таныстырып жатудың керегі шамалы. Актер Бекжан Тұрыс баяғыдан-ақ халық жүрегінен орын тапқан, тек ресми атақ қана жетіспей тұрғандай. Ал Кәдірбек Демесінов – нағыз «аңыз адам». «Тамашаның» тарланында әлі күнге дейін «Халық әртісі» атағының жоқ екеніне өзіміз де аң-таңбыз.

ЖИ әлеуметтік желіні саралап, халық көп айтатын деп келесі төрттікті таңдап берді:

Бұл өнер иелері де көпке белгілі. Мысалы, Нұржан Төлендиев – әзіл-оспақ майданының әккі өкілі. Мейрамбек Бесбаевтың күні кеше ғана «Парасат» орденін алғанын білеміз. Дегенмен сөз басында айтқанымыздай, басқа марапат бір төбе, «Халық әртісі» болу бір төбе. Нұрлан Өнербаев ағамыз гитарасымен талай қазақтың жүрегінен орын алған. Ресми деректерде оның «Еңбек сіңірген әртіс» екені ғана жазылған. Ал Досымжан Таңатаровтың мәңгілік хитке айналған «Аққуым» әнін білмейтін қазақ кемде-кем.

Жасанды интеллекттен ары қарай осылай деді: 

Саят Медеуовті  жас буын көп біле бермесе де, орта буын мен аға буын жақсы таниды. Бүгінде сахнаға сирек шығып жүргенімен, оның өнерін ешкім ұмытқан жоқ. Қыдырәлі Болмановтың да еңбегі ерен. Бүгінгі эстрадада орны ойып тұрып белгіленген «Ұлытау» тобы мен кезінде өзі құрамында болған АБК тобының әуезді әндері әлі есімізде. «Шаншар» театрының негізін қалаушылардың бірі Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшора ағаларымыздың да жақын арада «Халық әртісі» атағын алатынына сенеміз.

Бүгінгі шолуымызды жасанды интеллект көмегімен жасағанымызды басында айттық. Әрине, бұл халықтың пікірін 100 пайыз дәл көрсетеді деген сөз емес. Дегенмен әлеуметтік желілерде «Халық әртісі» атағына лайық деп жиі аталып жүрген есімдердің бір парасын осы тізімнен көрдік.

Бұл жерде көрсетілген пайыздық өлшем бір өнер иесі екіншісінен лайықты дегенді білдірмейді. Сондай-ақ кім бірінші, кім кейін алуы керек деген тәртіп те емес. Жасанды интеллектке интернетте және әлеуметтік желілерде «Халық әртісі атағына кімдер лайық?» деген сұраққа байланысты қай есімдер көбірек аталып жүргенін саралау тапсырылды. Соның нәтижесі пайыздық көрсеткіш ретінде берілді.

Әрине, лайықты өнерпаздардың қатары мұнымен шектелмейді. Қазақ сахнасында елдің ықыласына бөленген талай майталман тұлға бар. Ең бастысы, өнерге өмірін арнаған азаматтардың еңбегі дер кезінде еленіп, лайықты атақ өз уақытында берілсе екен деген тілегіміз бар.

Осыған дейін "Марапат алған 308 өнерпаз: “Халық әртісі” атағының бір ғасырлық тарихы " атты шолуымыз жарыққа шыққан.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп,  Аikyn.kz   сайтына  белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Маусым 2026 06:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары