Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Қазақстандық әскери өнерпаздар Қатарда ел абыройын асқақтатты

Қазақстандық әскери өнерпаздар Қатарда ел абыройын асқақтатты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астанада Қарулы Күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының музыканттары мен әртістері және Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері Қатарда өткен І Халықаралық әскери музыка және марштар фестивалінде өнер көрсетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

19132 әскери бөлімінің әскери аэродромында оларды Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әріптестері қарсы алды. 

– Елге аман-есен оралуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Жемісті еңбектеріңіз үшін алғысымды айтамын. Сіздер халықаралық аренада еліміздің жоғары кәсіби деңгейін, ұлттық рухын, Қазақстанның және оның Қарулы Күштерінің бай мәдени мұрасын көрсетіп, абыройын асқақтаттыңыздар, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары, полковник Виталий Адамович. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстаннан музыкалық фестивальда Орталық әскери оркестр, би тобы, Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің фольклорлық-этнографиялық оркестрі, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасы өнер көрсетті. Фестивальді ұйымдастырушылар қазақстандық делегация мүшелерінің шеберліктерін мойындап, алғыс ретінде кәдесыйлар табыс етті.

Делегация басшысы, Қарулы Күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Асеновтың айтуынша, фестиваль өзге елдердің мәдениетімен танысу және халықаралық байланыстарды нығайту үшін маңызды алаңға айналды.

Қазақстандық ұжымның өнеріне фестиваль ұйымдастырушылары мен көрермен қауымы жылы лебізін білдірді. Швейцария делегациясының өкілі, генерал Эрик Джуллиард әскери және ұлттық әуен нақыштарын, саптық сымбат пен хореографияны үйлестіре білген әртістердің кәсібилігін атап өтті.

Әскери қызметшілер репертуар мен ұлттық нақышқа ерекше назар аудара отырып, өнер көрсетуге алдын ала дайындалды. Бағдарламада Нұрғиса Тілендиевтің, Темірхан Қожабековтің «Легенда о табуне», Бақытжан Желдербаевтың «Шабыт шыңында» шығармалары, сондай-ақ Allah Ya Omri Qatar патриоттық әні орындалды.

– Осындай жоғары деңгейдегі фестивальға қатысу – үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Көрермендердің әсеріне қарап, ел атынан абыроймен өнер көрсеттік деп ойламйын, – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің бастығы, подполковник Мақсат Шәкенов.

Фестивальға Ұлыбритания, Йордания, Ирландия, АҚШ, Оман, Түркия шығармашылық ұжымдары және Қатардың элиталық әскери-музыкалық оркестрлері қатысты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Желтоқсан 2025 10:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see172

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see171

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see156

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see125

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see116

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see115

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see93

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see93

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары