Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Жетістіктер жылы: қазақстандық өнерпаздар өрге озды

Жетістіктер жылы: қазақстандық өнерпаздар өрге озды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

2025 жыл отандық өнерпаздар үшін табысты аяқталды. Мысалы, Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасын бағындырса, киногерлер мрлдтаған теңге табысқа кенелді. 

Жас өнерпаздар да құр қол емес. Белді халықаралық фестивальдерді жеңіп, қазақ өнерін әлемге паш етіп жүр. 

Бұл – Нью-Йортегі Madison Square Garden кешені. Әлемдегі ең әйгілі спорт һәм ән кештері осы жерде өтеді. Көптің қолы жете беремейтін беделді белесті биыл қазақ баласы бағындырды. Даңқты сахнада Димаш Құдайберген жеке концертін беріп, әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған тыңдарман жинады. Сөзсіз, бұл – Қазақстанның ғана емес, тұтас жаһан музыкасындағы басты оқиғалардың бірі.

Жастар да жылды табысты түйіндеді. Ержан Максим Дубайда өткен халықаралық байқауда Гран-при иегері атанды. Дәл осындай мәртебеге түрлі сайыстарда Александр Лим, Алмагүл Батталиева және El Voice тобы бөленді. Ауылдан шыққан жеткіншек Мирас Нағашыбай «Витебск» байқауының жеңімпазы атанса, Жасмин Түзелова Ресейдегі «Голос. Дети» шоуының финалына дейін жетті. Биыл шығармашылық оқу орындарындағы студенттердің шамамен 15 пайызы байқау жеңімпазы атанған.

Қазақфильм де жаңа дәуірге қадам басқан сыңайлы. Студияның жаңғырған инфрақұрылымымен бірге картиналар сапасы да артты. Мысалы, Qaitadan фильмі 1 миллиард теңгеден астам қаржы жинады. Осылайша, мемлекет тарапынан салынған қаражатты толық ақтап, бес есе артық пайда тапты. «Капитан Байтасов» алғашқы екі аптада 190 миллион теңге жинаған. Биыл 10 ұлттық фильм кең прокатқа шығып, 16 жаңа фильм түсіріле басталды. 

Елде 8 мыңға жуық мәдениет ұйымы бар, онда 58 мыңнан астам маман қызмет етеді. Солардың жалақысы кейінгі үш жыл бойы үздіксіз өсіп отырды. Жетістікке жетелеген жемісті жұмыс жалғасады. Биыл өңірлерде 61 мәдени нысанның құрылысы аяқталып, 251 нысан жөнделіп жатыр.

Алдағы уақытта салаға жасанды интеллектіні енгізуге қатысты жаңа бастамалар қолға алынбақ. Қазір Қарахан, Айша бибі, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелерінде, сондай-ақ көне Отырар қалашығында заманауи цифрлық жүйелерді орнату жұмыстары жүргізілуде. Архив құжаттары, музей қорлары мен коллекциялар цифрландырылып, мәдени мұраға онлайн қолжетімділік кеңейеді. 

Авторы: Бекзат Аманов

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 05:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары