Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ел азаматтарын 1 ақпаннан қандай өзгерістер күтіп тұр

Ел азаматтарын 1 ақпаннан қандай өзгерістер күтіп тұр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Білім ұйымдары тексеріледі

Сонымен, Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, 1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымдарына «тосыннан тексеру» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау жүйесі енгізілді. Бұл балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану мәселелеріне қатысты. Осыған орай Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Мәдениет, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Туризм және Ішкі істер министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, ерекше бақылау мен қадағалауға жататын нысандар тізілімін дайындады.

Елімізде 8 мыңнан астам мектеп бар. Оларда 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. 2025/2026 оқу жылында 363 461 жеткіншек алғаш рет білім ордасы табалдырығын аттады.

Фото: Pexels

Өрт қауіпсіздігі талабы қатаңдатылды

Республикада объектіні қабылдау және пайдалануға бермес бұрын оның өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алуды міндеттеуді көздейтін азаматтық қорғау саласындағы жаңа талап күшіне енді. Бұл міндет құрылысқа тапсырыс берушіге жүктеледі және адамдар көп жиналатын нысандарға, сондай-ақ биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарға, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлерге де қолданылады.

Қорытынды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері дайын нысанда жүргізілген өрт-техникалық тексерудің нәтижесі бойынша беріледі. Оны беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет форматында электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып алуда цифрлық теңге қолданылады

2 ақпаннан бастап мемлекеттік сатып алу саласында қосылған құн салығы (ҚҚС) белгіленген цифрлық теңгені қолдану пилоттық жобасы іске қосылады. Сол арқылы жаңа қосылған құн салығын әкімшілік басқару тетігі енгізіліп,, цифрлық теңгедегі қаражаттың бір бөлігі ҚҚС сомасына тең болады. Ол бюджетке салық төлеу үшін немесе басқа салық төлеушілермен есеп айырысуға ғана жұмсалуы мүмкін. Пилоттық жоба жыл соңына дейін жұмыс істейді.

Жобаның мақсаты – салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету және тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы есеп айырысуды ашық ету. Алдын ала болжамға сәйкес, ҚҚС «белгісі бар» цифрлық теңге жалған схемалардың қолданылуын қысқартады және бюджетке салық түсімдерін толық әрі уақтылы қамтамасыз етеді.

Коллаж: Canva

Қазақстан төлқұжатын алғысы келгендер тест тапсырады

Өткен айда Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Конституция негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидалары бекітілді. Азаматтық алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 3-10 ақпан аралығында өтеді. Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 11 ақпанда өтеді.

Тестілеу 3 бөлімнен тұрады:

- қазақ тілі бойынша тест (қазақ тілінде) — 30 тапсырма, шекті балл — 15;

- Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) — 40 тапсырма, шекті балл — 20;

- Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) — 30 тапсырма, шекті балл — 15.

— Ең жоғары балл — 100, шекті балл — 50. Тестілеу уақыты — 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі. Тестілеуге қатысу құны — 14 693 теңге.

Сыра өнімдері таңбаланады

Бүгіннен бастап сыра мен сыра өнімдеріне міндетті таңбалау енгізіледі. Таңбалау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап сыра құйылған бөшкелерде және бөтелкелерде шығарылатын сыра мен сыралық сусындар таңбаланады. Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап банкалардағы өнімдерге таңбалау енгізіледі.

Тауарларды таңбалау тұтынушыларды жалған және контрафактіден қорғап, олардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Сондай-ақ, мемлекет сату тізбегін қадағалап, бизнеске делдалдардың санын азайтуды ұсынып, жосықсыз кәсіпкерлердің үстеме пайда алуына жол бермеуге және тауар құнын реттеуге мүмкіндік алады. Халықаралық тәжірибе де осы тетікті енгізу тауарлардың өндірістен немесе импортты әкелуден бастап түпкілікті сатуға және айналымнан шығаруға дейінгі өмірлік циклін қадағалауға ғана емес, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

ЕАЭО аумағы арқылы жүк тасымалдары жаңа тәсілмен бақыланады

1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің аумағы арқылы өтетін жүк тасымалдары жаңа тәсілмен бақылауға алынады. Енді екі немесе одан да көп ел арқылы өтетін тауарлар арнайы навигациялық пломбалар арқылы қадағаланады. Пломбалар жүк көліктері мен вагондарға орнатылады және олардың қозғалысын жол бойы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Жүйе алдымен автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға енгізіледі. Ол кедендік транзит, экспорт және ЕАЭО елдері арасындағы өзара сауда кезінде қолданылады.

Навигациялық пломбаны орнату мен іске қосу бар болғаны 3–5 минутты алады, ал деректерді жүйеге енгізу 5–7 минутта жүзеге асады. Бұл жүк жүргізушілері мен кәсіпкерлерді қосымша уақыт жоғалтудан қорғайды.

«Nur Joly» кеден бекетінің басшысы Мұрат Ерденбековтің айтуынша, бұрын жүк көліктеріне қарапайым механикалық пломбалар тағылса, енді олардың орнына заманауи навигациялық пломбалар қолданыла бастайды.

- «Нұр Жолы» кеден бекетінде бұл жүйе 2025 жылдан бері пилоттық жоба ретінде сынақтан өткізіліп келеді. 2025 жылғы 2 сәуірде алғашқы навигациялық пломбалар тағылып, жүк бағыттары арнайы жүйе арқылы нақты уақыт режимінде бақыланды. Осы уақытқа дейін 544 жүк көлігіне 1 075 навигациялық пломба орнатылды, - деді кеден бекетінің басшысы.

Фото: Pexels

Ораза айы басталады

Қасиетті Ораза айы 19 ақпаннан басталып, 19 наурызға дейін жалғасады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ал Ораза айт мерекесі 20 наурызда атап өтіледі. Ескерте кетерлігі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Хижри айлардың басталуын халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасаған. Осыған орай пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаудан саяхатшылар, психикалық ауытқушылығы бар науқастар, қарттар, аурудан зардап шегетін адамдар, жүктілік және лактация кезеңіндегі әйелдер босатылады.

Рамазан айында ораза тұтқан әрбір мұсылман тән мен жан саулығын ойлайды. Бірақ, көпшілігі сәресі мен ауызашар мәзіріндегі ерекшеліктен хабарсыз. Айлардың сұлтанында ораза ұстаған жандар денсаулыққа зиян тигізбейтіндей дұрыс тамақтану жолдарын білген дұрыс. Ендеше оразада дұрыс тамақтанудың маман ұсынған мынадай тоғыз әдісін білгеніңіз жөн.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қысқы Олимпиада ойындары өтеді

6-22 ақпан аралығында Италияда XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Оған Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады.

Еліміздің еншісінде келесі спорт түрлерінен лицензиялар бар:

- фристайл-могул - 4 спортшы;

- фристайл-акробатика - Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас;

- биатлон - 2 ер, 2 әйел спортшы (баратын спортшылар есімі Ұлттық құрама бапкерлер кеңесінен кейін анықталады);

- тау шаңғысы спорты - Ростислав Хохлов, Александра Скороходова;

- шаңғы қоссайысы - 1 спортшы;

- шаңғы жарысы - 7 спортшы;

- шаңғымен тұғырдан секіру - 2 спортшы

- конькимен жүгіруден 5 спортшы - Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.

- шорт-тректен 4 спортшы - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.

- мәнерлеп сырғанаудан - Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, 23 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын Ұлттық құраманың мүшелері Денис Никиша мен Аяулым Әмреноваға және Қазақстан паралимпиадалық командасының мүшесі Ербол Хамитовқа табыстаған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Ақпан 2026 08:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары