Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жасанды интеллект туралы заң: болашақта қандай өзгерістер күтіп тұр?

Жасанды интеллект туралы заң: болашақта қандай өзгерістер күтіп тұр?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Aikyn.kz жылдың басында күшіне енген Қазақ Елінің «ЖИ туралы» заңын халықаралық тәжірибемен салыстырады.

Қазақ Елі қабылдаған заңда бірнеше маңызды қағида бекітілген: адам құқығының басымдығы, алгоритмдердің ашықтығы, деректердің қорғалуы және жауапкершілік. Сонымен қатар, ЖИ жүйелері тәуекел деңгейіне қарай төмен, орта, жоғары болып жіктеледі. Жоғары тәуекелді жүйелерге ерекше бақылау енгізіледі. 

Шетелдерде ЖИ-ге арналған жеке заңдар бар. Кейбір елдерде ЖИ саласы – ережелер, дербес деректер, тұтынушы құқығы, авторлық құқық немесе алгоритмдерге қатысты нормалар арқылы реттеледі. UNESCO дерегінше, 2024 жылдың өзінде 30-дан астам елде ЖИ-ді тікелей атайтын заңдар қабылданған немесе талқыланған.

Қазақстандағы заң жалғыз емес. ЕуроОдақтың AI Act заңы 2024 жылғы 1 тамызда күшіне енді. Бұл құжат ЖИ жүйелерін тәуекел деңгейіне қарай бөліп, жоғары тәуекелді жүйелерге, сондай-ақ жалпы мақсаттағы модельдерге бөлек талаптар қояды. 2025 жылғы 2 ақпаннан бастап тыйым салынған тәжірибелерге қатысты нормалар қолданыла бастады. Негізгі талаптардың басым бөлігі 2026 жылғы 2 тамыздан толық күшіне енеді.

АҚШ-та әзірге федералдық деңгейдегі кешенді ЖИ заңы жоқ, бірақ жекелеген штаттар нақты нормалар қабылдап жатыр. Мысалы, Колорадо штатының SB24-205 заңы жоғары тәуекелді ЖИ жүйелеріндегі алгоритмдік кемсітушіліктен тұтынушыларды қорғауға бағытталған. Бұл құжат 2026 жылғы 30 маусымнан бастап қолданылуы тиіс. Юта штатында да кейбір жағдайларда пайдаланушыға ЖИ-мен өзара әрекеттесіп отырғанын ашып көрсету талабын енгізетін нормалар бар.

Калифорнияда ЖИ бір ғана кешенді заңмен емес, бірнеше жеке бағыт арқылы реттеледі. Негізгі бағыт – дербес деректерді қорғауға, дипфейктерге және ЖИ арқылы жасалған контенттің ашықтығын арналған. Бұл штаттың тәсілі – ЖИ-ді «бір заңмен» емес, нақты тәуекелдер мен қолдану салаларына қарай кезең-кезеңімен реттеу.

Оңтүстік Кореяда AI Basic Act қабылданып, 2026 жылғы 22 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұл заң ЖИ индустриясын қолдау мен қауіпсіздікті қатар ұштастыруға бағытталған. Ұлттық басқару жүйесін қалыптастыру, жоғары ықпалды ЖИ жүйелеріне арнайы талаптар енгізу және ЖИ нәтижелерінің ашықтығын күшейту сияқты нормаларды қамтиды.

Қытайда 2023 жылғы 15 тамыздан бастап генеративті ЖИ қызметтерін басқаруға арналған уақытша шаралар қолданылады. Бұл ережелер көпшілікке ұсынылатын генеративті ЖИ сервистеріне қатысты. Ережелер контент қауіпсіздігіне, провайдер жауапкершілігіне, мемлекеттік бақылауға және пайдаланушыларды қорғауға басымдық береді. Сондықтан Қытай үлгісінде инновацияны қолдау мемлекеттік бақылаудың күшеюімен қатар жүргізіледі.

Ал Бразилияда PL 2338/2023 заң жобасы, Канадада AIDA бастамасы ұлттық деңгейдегі кешенді реттеу ретінде талқыланып келеді. Бұл елдерде де негізгі назар тәуекелге негізделген тәсілге, ашықтыққа, жауапкершілікке және азаматтардың құқықтарын қорғауға аударылған. 

Қазақстандық модель осы бағыттардың жиынтығынан тұрады. ЕуроОдақтағыдай тәуекелге негізделген тәсіл, Қытайдағыдай мемлекеттік бақылау элементтері мен АҚШ-тағыдай инновацияны қолдау идеясы. Бұл біздің заңның гибридті сипатын көрсетеді.

Қазақстанның ЖИ туралы заңының маңызды артықшылықтарының бірі – тәуекелге негізделген тәсілді енгізуі. Заңда ЖИ жүйелері тәуекел деңгейіне қарай жіктеліп, жоғары тәуекелді жүйелерге қатаң талаптар қойылады. Мысалы, қауіпсіздік, аудит, бақылау талаптары. 

Заңның 8-бабында ЖИ жүйесінің меншік иесі, иегері және пайдаланушысы өз рөліне қарай жауап беретіні көрсетілген. Бұл норма «ЖИ қате жіберсе, жауапты кім?» деген даулы сұраққа жауапты жалпы құқықтық негізде береді. Бұл норма ЕуроОдақтың AI Act құжатына ұқсас және жауапты технологиялық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, заңда адам құқықтарының басымдығы нақты бекітілген. ЖИ жүйелерін қолдану кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеу – негізгі қағидалардың бірі. Бұл халықаралық құқықтық стандарттарға сәйкестікті көрсетеді.

Заңның 4-бабында ЖИ саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу мәселесі, ал 12-бапта Үкіметтің осы саладағы құзыреті бекітілген. Бұл ЖИ-ді жай технологиялық тренд емес, мемлекеттік саясат нысаны ретінде қарастыратынын көрсетеді.

Тағы бір маңызды норма – алгоритмдердің ашықтығы мен түсінікті болуына қойылатын талаптар. Яғни, жоғары тәуекелді жүйелерде шешім қабылдау логикасы белгілі бір деңгейде түсіндірілуі тиіс. Бұл әсіресе мемлекеттік секторда маңызды.

Бұдан бөлек, заңда синтетикалық контентті (deepfake) белгілеу міндеті қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерде пайдаланушыларға ЖИ жүйесінің синтетикалық нәтижесі туралы хабар бермеу жауапкершілікке әкелетіні көрсетілген. Бұл deepfake, жалған визуал, жасанды дауыс сияқты құбылыстар көбейген кезде өте өзекті норма. Сонымен бірге жалған ақпаратпен күресуге және ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған маңызды құрал.

Заң мен Жасанды интеллекті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында ЖИ-ді тек бақылау емес, дамыту бағыты да бар. Тұжырымдама ЖИ-ді оқыту, кадр даярлау және экожүйе қалыптастыруға басымдық берілетінін көрсетеді.

Дегенмен заңның бірқатар әлсіз тұстары да байқалады. Біріншіден, көптеген нормалар халықаралық тәжірибені қайталау сипатында. Мысалы, тәуекелге негізделген модель, алгоритмдердің ашықтығы, адам құқықтарын қорғау – бұлар ЕО-ның AI Act құжатында бұрыннан бар қағидалар. Бұл Қазақстан заңын белгілі бір деңгейде «бейімделген нұсқа» ретінде көрсетеді.

Екіншіден, заңда іске асыру тетіктері толық нақтыланбаған. Мысалы, жоғары тәуекелді жүйелерді кім және қалай бағалайды, аудит қалай жүргізіледі, қандай орган жауапты – бұл сұрақтар толық ашылмаған, қосымша реттеуді талап етеді. Осы мәселелер заңнан нормативтік актілерге қарай ығыстырылғандай әсер қалдырады. Бұны 4-баптағы жалпы реттеу қағидаттары мен 12-баптағы Үкімет құзыретінің кең, бірақ рамалық сипатынан көруге болады.

Үшіншіден, инновацияға ықтимал қысым мәселесі шешілмеген. Жоғары талаптар, әсіресе стартаптар мен шағын компаниялар үшін, әкімшілік жүктемені арттыруы мүмкін. Бұл ЖИ экожүйесінің дамуын баяулатуы ықтимал. Мысалы, синтетикалық контентті таңбалау нормасы пайдалы болғанымен, оны Қазақ Елінің реттеуші органдарының технологиялық алпауыттардан талап етуі саяси және техникалық жағынан өте күрделі болады. Пайдаланушыны хабардар ету талабы бар, бірақ интернеттегі барлық ЖИ-контентті тұрақты түрде белгілеу іс жүзінде қиын болады. Демек, құқықтық норма бар, бірақ оның орындалуы саяси, технологиялық және әкімшілік мүмкіндіктермен шектеледі.

Төртіншіден, заңда деректер сапасы мен қолжетімділігі мәселесі жеткілікті деңгейде қарастырылмаған. Ал ЖИ дамуы үшін сапалы деректер – негізгі ресурс.

Жалпы 2025 жылғы 17 қарашада қабылданған «Жасанды интеллект туралы» заң ЕуроОдақ тәжірибесінің «жеңілдетілген нұсқасы» сияқты көрінеді. Қалай дегенмен де Қазақ Елі ЖИ-ді реттеуде алғашқы қадам жасады. «ЖИ туралы» заң халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи құжат болғанымен, оның тиімділігі нақты іске асыру тетіктеріне және инновация мен мемлекеттік реттеу арасындағы тепе-теңдікті сақтауға байланысты болады.

Бұл жерде басты мәселе заңның өзінде емес, оның тиімді іске асырылуында болып отыр. Егер реттеу тым қатаң болса – инновация баяулайды, ал әлсіз болса – тәуекелдер артады. Сондықтан осы екі арада үйлесім табу – алдағы негізгі міндет. Үйлесімнің қаншалықты қисынды таңдалғанын әлемдегі технологиялық даму үрдісі мен өмірдің өзі көрсетеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Сәуір 2026 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары