Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Жасанды интеллект кітапхана жұмысына қандай өзгерістер әкеле жатыр

Жасанды интеллект кітапхана жұмысына қандай өзгерістер әкеле жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

— Кітапхана саласына жасанды интеллектіні енгізудің маңызы қандай?

— Бүгінде жасанды интеллект пен цифрлы технологиялар өміріміздің барлық саласына еніп отыр. Кітапхана да осы жаңашылдықтан шеткері қалмауы тиіс. Сол себепті мәдениет ошағының қызметкерлері түрлі технологияларды меңгеріп, заманауи оқырманның сұранысына сай бола білуі керек. Биыл біз Шығыс Қазақстан облысы кітапханашылар қауымдастығымен бірлесіп «Жасанды интеллект — кітапхана саласында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткіздік. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 80-нен астам кітапханашы қатысты.

Конференцияға Ресей ғылым академиясының ғалымы Вадим Степанов келіп, ЖИ тарихы мен оның кітапхана ісінде қолданылуы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ Беларусь мамандары тәжірибелерімен бөлісті.

— Конференция аясында шетел және отандық сарапшылар қандай ұсыныстар айтты? Кітапхана ұжымы қандай да бір жобалар ұсынды ма?

— Иә, біздің жас IT-мамандарымыз — Данил Голованов, Бекжан Дауылбеков, Максим Решетов және Роман Климов өз жобаларын ұсынды. Солардың бірі — кітапхана чат-боты мен дауысты көмекші. Ал «Digital Fashion» жобасы арқылы виртуалды сән әлемін жасап, жастарды креативті форматқа тартуға тырыстық.

Сарапшылардың бәрі бір пікірде болды: кітапханалар жасанды интеллектіні дамытуда белсенді болуы тиіс. Кітапхана тек кітап сақтайтын орын емес, технологиялық білім мен инновация орталығына айналуы қажет.

— Басқа тағы қандай цифрлы технологияларды кітапханаға енгізіп жатырсыздар?

— «Bala-DARYN» және «TechnoSHEBER» жобаларын ерекше айта кетуге болады. Bala-DARYN Inclusive Animation Studio — қаладағы алғашқы инклюзивті анимациялық студия. Мұнда балалар әуелі өздеріне ұнаған кітапты оқып, сондағы кейіпкерлер туралы мультфильмдер жасап, шығармашылық қабілетін дамытады.

Ал TechnoSHEBER: 3D Printing Inclusion Center — 3D-баспа технологиялары арқылы балалар мен жастарға цифрлық дағдыларды үйрететін орталық. Жалпы Оралхан Бөкей атындағы кітапхана цифрландыруға баса мән беріп келеді. Соның бір мысалы — оқу залы алаңына жайғасқан «Өзгерген Өскемен» атты AR фото-көрмесі болды. Бұл көрме Өскеменнің бұрынғы келбеті мен бүгінін байланыстырып, шаһар тарихынан сыр шертеді. Арнайы мольберттегі көне суреттерге «MAGICAL PICTURE1 мобильді қосымшасын жақындатсаңыз Өскемен шаһарының ежелгі және бүгінгі көрінісіне куә боласыз. Қаланың суреттері көз алдыңызда „тіріліп“, жаңарып шыға келеді. Әр мерекелік шараларда, тақырыптық көрмелерде осы секілді технологияларды енгізу арқылы руханият ордасына келетіндер санын арттыруға тырысамыз.

— Жақында бір топ кітапханашы IFLA -ның Дүниежүзілік конгресіне қатысып келіпсіздер. Бұл қандай тәжірибе болды?

— Иә, біз Астанада өткен IFLA-ның 89-шы Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресіне қатысып келдік. Жаңа тәжірибе жинап, әріптестерімізбен пікір алмастық. Әлем кітапханалары біздің креативті жобаларымызға ерекше қызығушылық танытты. Соның нәтижесінде жоғарыда айтқан «Bala-DARYN» мен «TechnoSHEBER» жобалары Халықаралық IFLA ұйымының ресурстар базасына енгізілді. Бұл біздің еңбегіміздің халықаралық деңгейде мойындалуы.

— Алдағы жоспарларыңыз қандай?

— Келешекте біз ЖИ-ді қазақ тілінде «сөйлетуге», яғни қазақ тіліндегі деректермен жұмыс істейтін интеллектуалды жүйелерді дамытуға атсалысқымыз келеді. Сонымен қатар кітапхана қорларын цифрландыру, сапалы дата-сеттер дайындау және мамандарды оқыту бағытында жұмыс жалғасады.

— Әңгімеңізге рақмет! Кітапхана ұжымына шығармашылық табыс тілейміз.

Еске салсақ, осыған дейін Астанада жаңа балалар кітапханасы ашылғаны хабарланған. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 14:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары