Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Ел тыныштығы жолындағы қызмет: Ұлттық ұлан қатары 14 мың сарбазға толықты

Ел тыныштығы жолындағы қызмет: Ұлттық ұлан қатары 14 мың сарбазға толықты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы жыл қорытындысын шығарып, жылан жылында Қазақстан үшін ғана емес, Ұлттық ұлан үшін де жемісті болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.  

2025 жылы Ұлттық ұлан қатары айтарлықтай толықты. Құқықтық тәртіп әскерінің сапына 14 мыңға жуық жас сарбаз шақырылып, олар әскери ант қабылдап, елге адал қызмет ету жолын таңдады. Әскерге келген әрбір жас жауынгер үшін бұл жыл тәртіпке бағынудың, жауапкершілікті сезінудің және нағыз азамат болып қалыптасудың мектебіне айналды. Үлгілі қызметі мен жоғары тәртібі үшін 1300-ден астам сарбазға білім гранттарының табысталуы – әскери қызмет пен жеке дамудың қатар жүретінін айғақтайтын маңызды қадам болды. Сонымен қатар Ұлттық ұланның бірқатар әскери қызметшілері шетелдік әскери оқу орындарында білім алып, тәжірибе жинақтауда. 

Өткен жылы Ұлттық ұланның материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Әскери инфрақұрылымды жаңғырту – сарбаздардың күнделікті қызметіне қолайлы жағдай жасау мен жауынгерлік дайындықты күшейтудің басты тетіктерінің бірі. Ұлттық ұлан академиясының курсанттары мен Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінің жеке құрамы жаңа заманауи казармаларға орналасты. Бұдан бөлек, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Жезқазған және Орал мен Атырау қалаларында жаңа әскери қалашықтар мен казармалардың құрылысы жалғасуда. Бұл нысандар әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайын жақсартып қана қоймай, бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. 

Техникамен қамтамасыз ету саласында да оң өзгерістер болды. Ұлттық ұланның авиабазасы жаңа техникалармен толықтырылып, олар жеке құрамның ұтқырлығын арттыруға және арнайы тапсырмаларды жедел орындауға бағытталды. Астана, Алматы, Түркістан, Қарағанды қалаларында орналасқан әскери бөлімдерге жаңа қызметтік автокөліктер табысталды. Алдағы кезеңде де әскери бөлімдерді бронды техникамен және заманауи көлік құралдарымен жабдықтау жұмыстары жалғасын табады. 

Ұландықтардың қызметі тек әскери дайындықпен шектелмейді. Көктем мезгілінде еліміздің бірқатар өңірлерінде болған су тасқыны кезінде Ұлттық ұлан сарбаздары төтенше жағдайдың алдыңғы шебінде болды. Құтқару және тосқауыл жұмыстарына белсене араласқан жауынгерлер жергілікті тұрғындарға көмек көрсетіп, халықтың алғысына бөленді. Бұл – Ұлттық ұланның бейбіт уақытта да ел мүддесі үшін қызмет ететінін көрсететін жарқын мысал. 

Күнделікті қызмет барысында ұландық сарбаздар мемлекеттік маңызы бар стратегиялық нысандарды тәулік бойы күзетіп, түзеу мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде полиция қызметкерлерімен бірлесіп, көшелер мен қоғамдық орындарда заңдылықтың сақталуын қадағалайды. Осындай қызметтің арқасында тұрғындар мен қала қонақтары өздерін қауіпсіз сезінеді. Сарбаздар адасқан балаларды ата-анасына табыстырып, жоғалған заттарды иелеріне қайтарып, кейде тіпті адам өмірін сақтап қалу жолында тәуекелге барады. Суицид жасауға әрекеттенген азаматтарды ажалдан арашалап қалған оқиғалар – ұландықтардың адамгершілік пен батылдықты қатар ұстанатынын айқын көрсетеді.

 Әскердің айбынын асқақтатқан маңызды оқиғалардың бірі – Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад болды. Салтанатты шеруде Ұлттық ұланның есептоптары мен әскери техникасы жоғары дайындық деңгейін паш етті. Қаз-қатар сап түзеген сарбаздардың нық қадамы мен біркелкі қозғалысы тәртіп пен кәсібиліктің символына айналып, көпшілікке ерекше әсер қалдырды. 

Жауынгерлік даярлықты жетілдіру мақсатында жыл бойы түрлі оқу-жаттығулар мен тактикалық сабақтар өткізілді. Ұлттық ұлан командирлері орынбасарларының оқу-әдістемелік жиындары ұйымдастырылып, офицерлік құрамның басқару қабілеті мен тәжірибесі арттырылды. «Найза-Антитеррор», «Өрт», «Қарасора» секілді арнайы оқу-жаттығулар барысында жеке құрамның төтенше жағдайлар мен күрделі операцияларға дайындығы шыңдалды. 

Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жетістіктері де айрықша атап өтуге лайық. «Бүркіттің» жауынгерлері халықаралық ареналарда ел намысын қорғап, кәсіби шеберлігін дәлелдеді. Шетелде өткен беделді жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуі – қазақстандық арнайы жасақтардың дайындығы әлемдік деңгейге көтерілгенінің айғағы. Бір жыл ішінде арнайы бөлімшелер заңсыз әрекеттердің алдын алу және қылмыстық топтарды залалсыздандыру бағытында мыңдаған операцияға қатысып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосты.

 Заманауи технологияларды енгізу де Ұлттық ұлан қызметінің маңызды бағытына айналды. Алдағы жылдан бастап әскери бөлімдерде дрон операторларын даярлау курстары іске қосылып, барлау мен қауіпсіздік шараларын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл – қазіргі қауіп-қатерлерге бейімделген, жаңа технологияларды тиімді қолдана алатын әскер қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. 

Жеке құрамның әлеуметтік жағдайына да ерекше назар аударылды. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы әскери бөлімдерді аралап, сарбаздардың тұрмысы мен қызмет жағдайымен танысты. Асханалардағы тамақ сапасы жақсартылып, сарбаздардың күнделікті мәзіріне қазақтың ұлттық тағамдары енгізілді. Бұл бастама жауынгерлердің моральдық-психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі болды.

 Сонымен қатар ұландықтар спорт пен өнер саласында да жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әскери қызметшілердің жеңістері мен шығармашылық табыстары әскердің беделін арттырып, жеке құрамның рухын көтерді. Мұндай жетістіктер Ұлттық ұланның тек күш құрылымы ғана емес, жан-жақты дамыған, рухы биік ұжым екенін көрсетеді.

 Қорыта айтқанда, өткен жыл Ұлттық ұлан үшін сындарлы да сәтті кезең болды. Алда жаңа міндеттер мен жаңа мақсаттар тұр. Қандай жағдай болмасын, Ұлттық ұлан ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жауапты қызметін табандылықпен жалғастыра бермек. Өйткені Отанға қызмет ету – ұландықтардың басты борышы әрі мәртебелі міндеті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 15:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары