Елде 18,6 млн тонна астық бастырылды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 18,6 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бүгінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген алқаптардың 81,5%-ы жиналды. Орташа өнімділік гектарына 14,6 центнерді құрап, 18,6 млн тонна астық бастырылды.
"Биыл елімдегі жалпы егіс алқабы 24,2 млн гектарға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 мың гектарға көп. Оның 15,6 млн гектарына дәнді дақылдар, 5,2 млн гектарына майлы дақылдар, 3 млн гектарына мал азықтық дақылдар егілді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар мақта 173,6 мың гектарға, қант қызылшасы 23,8 мың гектарға егілді.
Қазіргі уақытта дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 12,7 млн гектар алқаптан жиналды.
"Жаңа өнімнің 4,9 млн тоннасы лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына өткізілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ға көп. Былтыр осы уақытта 4,1 млн тонна астық қабылданған болатын", - дейді министрлікте.
Сонымен бірге майлы дақылдарды жинау жұмыстары да қарқын алып келеді. Қазір 2,2 млн гектар алқап жиналып, 2,2 млн тонна майлы дақыл өнімі алынды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:106
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қыркүйек 2026 12:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















