Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Елдегі ең бай адамдар қайырымдылыққа қанша ақша жұмсайды?

Елдегі ең бай адамдар қайырымдылыққа қанша ақша жұмсайды?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазан айының басында Forbes.kz Қазақстанның ең бай 10 азаматтарының жаңартылған тізімін жариялады. Егер қарапайым қазақстандықтар табысының шамамен 1,2%-ын мұқтаж жандарға көмектесуге жұмсайтын болса, елдегі ең дәулетті азаматтар бұл бағытта әлдеқайда ауқымды жобаларды жүзеге асырып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Ranking.kz порталының жазуынша, көшті бастап тұрған миллиардер Болат Өтемұратов он жылдан астам уақыт бойы қайырымдылықпен айналысып келеді. Оның атындағы Болат Өтемұратов қоры тұрақты түрде өз қызметінің қаржылық есебін жариялап отырады. 2024 жылғы деректерге сәйкес, қор өткен жылы 51,9 миллиард теңгені әлеуметтік және қайырымдылық жобаларына жұмсаған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 2,8 есе көп. 

Қордың ең танымал жобаларының бірі – «Аутизм. Баршамыз үшін әлем» атты ұзақ мерзімді әлеуметтік бағдарлама. Бұл бағдарлама еліміздің түрлі өңірлерінде орналасқан 13 орталықтың қызметін қаржыландырып, аутизм диагнозы бар балаларға көмек көрсетеді. Сонымен қатар, қор 2024 жылы Қызылорда қаласындағы жолаушылар терминалы мен Есіктегі мектептің құрылысына, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге және аз қамтылған азаматтарға пәтер сатып алуға қаржы бөлген.

Екінші орында – кәсіпкер Вячеслав Ким. Ол бірнеше жылдан бері ANSA қайырымдылық қоры арқылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Өткен жылы қордың көмегімен 2 мыңнан астам қазақстандыққа қолдау көрсетіліп, жалпы сомасы 20 миллиард теңгеден асқан көмек берілді.

Бұл қаражатқа Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған екі көпқабатты және 300 жеке үй, сондай-ақ бір балабақша салынды. Сондай-ақ Esen Foundation қорымен бірлесе отырып, «Бақытты аудан» (Baqatty Audan) жобасы іске қосылды. Бағдарлама Целиноград ауданында ауыл тұрғындарының сапалы медицина мен білімге қол жеткізуін арттыруды мақсат етеді. Оған 298 миллион теңге бөлінген.

ANSA қорының бастамасымен 5 Sandyq ауылында Ауылдық педагогикалық академия және біліктілікті арттыру орталығы құрылды. Сонымен қатар «Астана» медицина университеті мен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы базасында 450-ден астам маман біліктілігін арттырды. Инклюзия бағыты бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы кабинеттер ашылып, бірнеше мектеп интерактивті панельдермен, ISKU жиһазымен, компьютерлермен және дидактикалық материалдармен жабдықталды.

Қордың спортты қолдаудағы еңбегі де ерекше. 2025 жылы ANSA қоры «Барыст» хоккей клубының импакт-партнері атанып, балалар мен жасөспірімдер хоккейін дамытуға және дарынды спортшыларды қолдауға кірісті. Сонымен қатар, параолимпиадалық бочча спортының ресми серіктесіне айналды. Қор халықаралық жарыстарды өткізуге және ұлттық құраманың дайындықтарына қолдау көрсетіп келеді.

Елдің ең бай бес меценатының барлығының дерлік өз жеке қайырымдылық қоры бар. Олар ашық әрі айқын жұмыс істеуге тырысады, жыл сайын есеп жариялап, қаражаттың қайда жұмсалғанын көрсетеді. Бұл ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған қайырымдылықтағы ашықтық қағидасының нақты көрінісі. Президенттің бастамасымен қабылданған «Қайырымдылық туралы» заңға енгізілген түзетулер де осы бағыттағы жұмысты жүйелеуге бағытталған.

Бес меценаттың қатарына Astana Group холдингінің негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, қаржыгер Тимур Турлов, банкир Тимур Құлыбаев кіреді. Әрқайсысының өз бағыты бар:

Құлыбаевтар әулетінің Halyk қоры аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп, мектептер мен балабақшалар салып және жас таланттарға гранттар бөледі. Тимур Турлов шахмат пен балалар футболын, экологиялық жобаларды қолдап дарынды жастарға гранттар бөледі.  Нұрлан Смағұлов білім беру мен мәдениет саласында әлеуметтік жобаларды тұрақты түрде қаржыландырып келеді.

Ал тізімнің келесі бөлігіне енген кәсіпкерлер – Владимир Ким, Айдын Рахымбаев, Шухрат Ибрагимов, Андрей Лаврентьев және Кенес Ракишев те қайырымдылық бағытында белсенді. Алайда олардың жұмсаған нақты қаржысы туралы ашық деректер аз. Көбіне бұл ақпараттар жеке жобалар туралы жаңалықтардан белгілі болады, бірақ толық көлемде есеп беру тәжірибесі сирек кездеседі.

Кейбір кәсіпкерлер өз қорларынан бөлек, ірі қоғамдық қорларға да тұрақты түрде қаражат аударады. Мысалы, «Ана Үйі» қорының жұмысына Шухрат Ибрагимов пен Андрей Лаврентьев белсенді қатысады. Әрқайсысы Қазақстанның белгілі бір қаласындағы «Ана үйін» қаржыландырады. Бұл қор әлеуметтік жетімділікті азайтуға бағытталған және қиын жағдайда қалған аналарға балаларынан бас тартпауға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары мемлекет қайырымдылық бастамаларын қолдауға айрықша көңіл бөліп отыр. 2023 жылдан бастап елде меценаттар мен демеушілерге арналған ұлттық конкурс өткізіліп келеді. 2025 жылы 33 қазақстандыққа «Құрметті қайырымды жан» атағы берілді. Қазіргі таңда елімізде осындай мәртебеге ие 164 азамат бар.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегінше, елімізде 1,3 мыңнан астам қайырымдылық ұйымы жұмыс істейді. Тек биылдың өзінде «Ізгі істер марафоны» аясында қазақстандықтар 2,5 мыңнан астам қайырымдылық бастамасына қатысты. Елде бүгінде 275 мыңнан астам волонтер бар, олардың ішінде 55 жастан асқан 3,5 мың адам белсенді түрде ізгі істермен айналысып жүр.
Осылайша, Қазақстанның ең дәулетті азаматтары қайырымдылықты қоғам алдындағы өз жауапкершілігінің бір бөлігі ретінде қабылдап, әлеуметтік жобаларға миллиардтаған теңге жұмсайды. Бұл үрдіс елде қайырымдылық мәдениетінің жаңа деңгейге көтерілгенін және меценаттықтың тек дәулеттілердің емес, бүкіл қоғамның игілігіне айналып келе жатқанын дәлелдейді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:220
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 16:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары