Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Сауда серіктестігіне серпін

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Қазақстандықтар жаңажылдық дастархан жаю үшін қанша ақша жұмсайды

Қазақстандықтар жаңажылдық дастархан жаю үшін қанша ақша жұмсайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жаңажылдық басқосу тек ас та төк дастархан емес, отбасын біріктіретін салт. Әр үй салатты сәндеп, жеміс-жидекті үстелге қойып, дастарханды мандарин мен тәттіге толтырады. Ортаға аққайнар қойып, түн ортасында Жаңа жылды қарсы алады.

Бұл күні адамдар ыстық тамақты да аса үлкен ынтамен дайындайды. Қазақстандықтардың көбі сол түні манты жасап, отбасы мәре-сәре болып, тойлатады.

Манты: ыстық тамақ

Манты жаңажылдық дастарханнан табылатын ең негізгі ыстық тағамның бірі. Оның негізгі құрамы — тартылған ет. Өңірлерде келісі орта есеппен өзге дәмдеуіштерді қосқанда 3 000-5 900 теңге.

Еліміз бойынша тартылған ет бағасы Орал қаласында төмен, сәйкесінше манты дайындау құны да арзанға түседі. Қазақстанның батысындағы Ақтау мен Атырау қалаларында да баға өзгеге қарағанда төмен. Ал орталық пен оңтүстік жақта, оның ішінде Қарағанды, Шымкент пен Тараз қалаларында баға орташа құннан жоғары. Себебі тартылған ет пен қамыр қоспасының бағасы жоғары.

Ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді. Мұнда бір келі тартылған ет бағасы өзге өңірлерге қарағанда жоғары. Сәйкесінше манты дайындау кезінде де оның құны өсе түседі.

Оливье

Салаттың құрамы: жұмыртқа, картоп, тұздалған қияр, жасыл бұршақ, шұжық және майонез.

«Көкөніс бөлігінің» орташа бағасы — 1 300 теңге. Ал шұжық, майонез бен жұмартқа бағасы қалаларда әртүрлі:
Арзаны Орал, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында. Мұндағы баға — 2 800-3 800 теңге аралығында.

Орта тұсында Өскемен, Семей, Петропавл, Ақтау, Алматы, Талдықорған, Тараз қалалары тұр. Баға — 3 000-4 100 теңге.

Астана, Қарағанды, Жезқазған, Қостанай, Көкшетау, Шымкент қалаларында баға жоғары. Мұндағы баға — 4 000-4 700 теңге.

Балық қосылған салат 

Жаңажылдық мәзірге кірген салаттың бірі осы. Құрамына қажетті барлық өнімді қосқанда баға 2 200 теңгеден басталып, 3 500 теңгеге дейін жетеді.

Нәтижесінде ең арзаны Атырау, Түркістан, Семей, Ақтөбе қалаларында дайындалады. Баға 2 200 теңгеден басталады.

Орташа баға: көп қалада 2 500-3 000 тг аралығында.

Қымбаты: Астана, Алматы, Ақтауда — 3 000-3 500 тг.

Бұл салатты дайындау оливье әзірлегенге қарағанда арзанға түседі. Құрамындағы балық пен майонез бағасы ғана жоғары.

Аққайнар мен шырын

Мерекелік дастарханның ажырасмас бөлігі — аққайнар. Баға еліміздің қалаларында әртүрлі:

Арзаны: Алматыда 1 700-2 400 тг, Ақтөбеде 1 800-3 500 тг.
Орташа: Талдыкқорған, Атырау, Шымкентте 2 500-4 000 тг.
Қымбаты: Астана, Көкшетауда 3 000-10 000 тг.

Салқын сусын мен шырынның литрі — 500-2 000 тг.

Сонымен бірге үстел үстіне ыдысты толтырып жеміс-жидек қоямыз. Елімізде алма мен мандаринге орта есеппен 3 000 — 5 000 теңге жұмсаймыз.

Оған қоса шайға тоқбасар, кондитерлік өнімдер сатып аламыз. Торт бағасы елімізде орта есеппен 5 000 — 7 000 теңге тұрады.

Қалаларда дастархан жаюға қанша жұмсалады

Жаңажылдық дастархан жаюға қанша қажет екенін білу үшін манты, екі түрлі салат (Оливье мен балық қосылған салат), аққайнар, алкогольсіз сусын, жеміс-жидек пен торт бағасы біріктірілді.

Оған жеңсік ас, аққайнардан да өзге ішімдік пен басқа тағам түрлерін қоспай, тек негізгісінің бағасын білдік. Сонымен бірге дастарханға қажетті тағамның бәрі бір отбасындағы төрт жанға есептелді.

Нәтижесінде қорытынды баға мынадай:

Ең арзаны (Орал, Ақтөбе, Атырау мен Қызылордада) — 21 000–26 000 теңге.
Бұл қалаларда ет бағасы өзге өңірге қарағанда төмен, көкөніс құны мен шұжық арзан. Бұл қарапайым ғана дастархан жаюға қажетті сома.

Орташа баға (Өскемен, Семей, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Ақтау): 26 000–32 000 теңге.
Осы қалаларда тартылған ет бағасы жоғары болып тұр. Салатқа қажетті заттар мен сусын құны өскен. Сондықтан дастархан жаю кезінде оршата құн тіркелді.

Ең жоғары баға (Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Көкшетау, Жезқазған): 32 000–40 000 теңге.
Ірі қалалар мен еліміздің астанасында жаңажылдық дастархан жою құны қымбат. Себебі тартылған ет, балық, кондитерлік өнім мен ішімдік құны жоғары, сонымен бірге мұнда қажетті заттарға таңдау көп.

Фото: Kazinform

Еліміздің қалаларындағы дастархан жою құнын есептеп, кейбір өңірлер арасынан екі есе айырмашылықты көрдік. Аймақтарда баға әртүрлі болғанымен, көпшілік біз таңдаған салат, жеміс пен кондитерлік өнімді, ыстық тамақты үстел үстіне қояды. Тек баға өзгеше. Жаңа жыл түні чектегі сома емес, көңіл-күй, салт пен отбасындағы ыстық ықылас қана маңызды екенін көреміз.

Бұған дейін Қазақстандағы шырша бағасы туралы жазылды. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 03:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see142

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see140

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see128

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see122

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see122

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see121

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see121

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see121

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see120

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see120

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see118

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see117

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see117

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see117

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see115

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see115

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see115

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see115

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see114

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары