Электр желілері, сумен жабдықтау және дата орталықтар: Тоқаев Мюнхенде не айтты
Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтты қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Германиядағы ресми сапарының екінші күні Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтпен кездесуден басталды.
Президенттің айтуынша, Siemens – еліміздің аса маңызды серіктесі. Өйткені компания қызметіндегі өнеркәсіпті цифрландыру, электрлендіру, ұтқырлық пен интеллектуалды инфрақұрылым сияқты негізгі бағыттар Қазақстанның жаңғыру басымдықтарына сай келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бернд Ульбрихтке экономиканың нақты секторларындағы цифрлық трансформация бойынша қолға алынған жүйелі шаралар туралы айтты. Осы орайда, Мемлекет басшысы Siemens пен қазақстандық Silk Road Electronics компанияларының Qarmet металлургия комбинаты құрал-жабдықтарын жаңғырту жөніндегі бірлескен жобасына қолдау білдірді.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Президент Қазақстанның озық құрал-жабдықтарды сатып алуға ғана емес, өндірістік, инженерлік және сервистік орталықтарды құруға да қызығушылық танытатынын мәлімдеді. Атап айтқанда, Siemens компаниясының құзыреттері мен технологиялық инновациялары еліміздің энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғыртуда, сондай-ақ қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жасау сапасын арттыруда пайдалы болар еді.
Кездесуде Siemens Healthineers компаниясымен медициналық технология саласындағы ықпалдастықты кеңейтудің әлеуеті мол екеніне назар аударылды.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты
"Siemens компаниясы Қазақстан нарығына енген 30 жыл ішінде бірқатар өнеркәсіптік жобаларды табысты іске асыруға атсалысқан. Siemens AG вице-президенті өзара мүдделі бағыттарда ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытатынын растады", - деп атап өтті Ақорда баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, компания электр желілерін жаңғырту, цифрландыру, автоматтандыру, сумен жабдықтау салаларында технологиялық шешімдерді ұсына алады, сондай-ақ деректерді өңдеу орталығы инфрақұрылымына қатысуға әзір.
Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте Германияда ресми сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенге барды. Ол Бавария үкіметі мен Ландтагының басшылығымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Сонымен қатар Президент Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуына қатысады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:104
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 17:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















