Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

Пайымы биік преамбула

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

Көкке көз тіккен күн

Телеаудитория талғамы жаңарды

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігі мен әл ауқаты бойынша Орталық Азияда көш бастады

Елеулі энергетикалық құрылыс іргетасы

Елеулі энергетикалық құрылыс іргетасы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Шынында да, мемлекет­тердің көбі алдағы уақытта жаңартылған энергияға деген тәуелділіктің үстемдік құра­тынына күмән келтірмей­тінін байқап отырмыз. Содан да болар, жаңартылған энергия көздерін көбейту жолында елімізде де ауқымды жұмыс қолға алынып жатыр. Өйткені «жасыл» энергияны өркендету жұмысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалған емес. Өңір басшылары да Президент тапсырмасын тиянақты орындау үшін қолдан келгенше шаруа атқарып жатыр.

Жамбыл өңірінде жаңар­тылған энер­гия көздерін өндіретін стансаларды салу жұмы­сы 2010 жылдары басталды. Содан да шы­ғар, қазіргі кезде Жамбыл облысы «жасыл» экономика бағыты бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің қатарына енген. Облыс­тың бірқатар ауданында күннен, желден, судан электр энергиясын алу жұмысы бір ізге түсіріліп, жүйеленген. Әлеуетті инвесторлардың келуімен бұл жұмыс жыл өткен сайын ширай түскеніне ешкімнің таласы жоқ.

Қасиет дарып, құт қонған Жамбыл өңірінің Сарысу ауданында ауқымды құрылыс бас­талды. Мұнда бой көтеретін жел электр стансасы Орта­лық Азиядағы ең ірі нысан болып саналады. Маман­дар келтірген дерекке жүгінсек, қуаттылығы 1 ГВт-ты құрайтын мұндай ірі жоба Орталық Азия елдерінде бұрын-соңды салынбаған көрінеді. Инвесторлар Қара­тау­дың желі дамылсыз соғатын Сарысу жерін бекер таңдап отырған жоқ. Мұнда желден электр энергиясын өндіруге барлық мүмкіндік бар. Сондық­тан да Сарысудың сартап даласы арнайы таңдалып алынған.

Ауқымды жобаның құрылысына арнал­ған капсула салу рәсіміне қатысқандардың ­айтуынша, бұл жоба жаңартылған энер­­гия көз­дері саласындағы әлемдік көш­бас­шылардың бірі саналатын «Masdar» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылмақ.

Елорда төрінде өткен телекөпір форма­тындағы салтанатты рәсімге Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы барып қатысты. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, «Masdar» компаниясының басқарма төрағасы Мұхаммед Әл-Рамахи құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның электр энергиясын өндірудегі мүмкіндігі туралы айтты. Жоба жүзеге асырылатын алаңнан телекөпірге «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов қосылды.

Мамандардың мәліметінше, жоба аясында қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр стансасы мен сыйымдылығы сағатына 600 МВт құрайтын энергия жинақтау жүйесі салы­нады. Жобаның жалпы құны – 742 миллиард теңге. Инвестициялық жоба­­ны сүйе­мелдеу «Kazakh Invest» ұлттық ком­па­ния­сы» АҚ-тың қолдауымен жүзеге асырылады.

Н.Жақыповтың айтуынша, мұндай іргелі жобаның жүзеге асырылуы еліміздің энергетика саласын одан әрмен дамытуда айрықша рөлге ие. Ал нысанды Жамбыл облысына қарасты Сарысу ауданында салу – жан жақты зерделенген стратегиялық шешім.

«Жалпы қуаттылығы 1 ГВт құрайтын жел электр стансасының құрылысы –  елімізде ғана емес, тұтас Орталық Азиядағы жаңартылған энергия көздері саласындағы ең ірі жобалардың бірі. Сондықтан да біз бұл жобамен мақтана аламыз. Ал ауқымды бастаманың дәл Жамбыл облысында жүзеге асырылуы өңірдің инвестициялық әлеуетінің жоғары деңгейде екенін айғақтайды. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі серіктестердің Жамбыл облысының жергілікті атқару­шы билігіне деген сенімінің көрінісі деуге толық негіз бар. Біз өз кезегімізде мұндай ірі жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге қай кезде де тас түйін дайынбыз», дейді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Өңір басшысы жаңартылған энергия көздерін өндіру мен дамыту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық бағытқа толық сәйкес келе­тінін атап өтті. Оның сөзінше, мұн­дай жобалар еліміздің энергетикалық қауіп­сіздігін нығайтуға, заманауи технологияларды енгізуге және тұрақты экономиканы қалыптастыруға толықтай мүмкіндік
береді.

Мамандар келтірген дерекке жүгінсек, ауқымды жобаны толыққанды іске қосу жұмысы 2029 жылдың үшінші тоқсанында жүзеге асырылады екен. Бұдан бөлек, 2029 жылға дейін шалғайдағы Мойынқұм ауданында жалпы қуаты 1 ГВт құрайтын жел электр стансасын салу жоспарланған. Бұл екі нысанның құрылысы толықтай аяқ­тал­ған жағдайда Жамбыл өңірі еліміздегі «жасыл» экономиканың локомотивіне айналатыны анық. Жергілікті атқарушы билік өкілдері де бұл нысандардың уақтылы салынуына айрықша назар аударып отыр.

Расында Жамбыл өңірі жаңартылған энергия көздерін өндіру ісінде қазірдің өзінде елдегі көшбасшы облыс екені баршаға мәлім. Нақты дерекке көз жүгіртсек, облыста қазір жалпы қуаты 571,3 МВт болатын жаңартылған энергия көздерін өндіріп отырған 22 нысан бар. Облыс мұндай көрсеткішке қалай қол жеткізді, мамандар неше жыл тер төкті? Зерделеп көрейік.

Біздің өңірде жаңартылған энергия көздерін дамыту, күн, жел, су арқылы электр энергиясын алуға барлық жағдай қарастырылғанын білікті мамандар ұдайы айтып жүр. Кейінгі кезде ірі инвесторлар да осы бағытты қолдауға баса назар аударып отыр. Жергілікті басшылар тарапынан да оларға барынша қолдау көрсетіліп жатыр.

Жалпы алғанда, Жамбыл облысында «жасыл» энергияға басымдық беру жұмысы 2010 жылы басталғанын жергілікті жұрт жақсы біледі. Яғни өңірде 16 жылдан бері жаңартылған энергия көздері арқылы электр энергиясын алуға қатысты жұмыс жүйелі жүргізіліп келеді.

Нақты деректерді сөйлетсек, 2010 жылы жалпы қуаты 2 МВт құрайтын 2 ЖЭК нысаны пайдалануға берілді. 2015 жылы жалпы қуаты 114 МВт құрайтын 9, 2021 жылы жалпы қуаты 387,8 МВт құрайтын 17, 2022 жылы жалпы қуаты 451,3 МВт құрайтын 21 нысан болды. Біршама уақыт бұрын бұл көрсеткіш тағы да ұлғайды. Жалпы қуаты 571,3 МВт құрайтын нысандардың саны ­22-ге жеткізілді. Байқап қарасақ, әуелде баяу басталған жұмыстың жыл жылыстаған са­йын айтарлықтай қарқын алғанын аңғару қиын емес секілді.

Жалпы, өңірде «жасыл» энергия үлесін арттыру жұмысы ерте бастан басталғаны да облыс үшін абырой болып тұр. Жергілікті атқарушы билік өкілдері қай кезде де уақыт сұранысына сай, ЖЭК стансасын мүм­кін­дігін­ше көбірек салуға ерекше ден қойғаны рас.

Біраз жыл бұрын салынған «Burnoe Solar-1», «Burnoe Solar-2» стансаларының жұмысы көңіл тоғайтатынын мамандар да тәптіштеп айтып жүр. Ресми деректерге сенсек, Жуалы ауданы аумағында орналасқан, күннен электр энергиясын өндіретін бұл нысандар Орталық Азиядағы ең ірі стансалар санатына енген.

ЖЭК нысандарын салу жұмысы кейінгі жылдары өңірдің бірқатар ауданында қарқынды түрде жүргізілгенін көз көрді. Бұл бағыттағы жұмыс облыс орталығы Тараз қаласының маңында орналасқан Жамбыл, Талас аудандарында да талапқа сай атқарылып келеді. Мәселен, 2022 жылы Жамбыл ауданы аумағында жылдық қуаты 50 МВт құрайтан «AEC ASA» күн электр стансасы, Талас ауда­нында жалпы қуаты 13,5 МВт құрайтын «Шеңгелді», «Шеңгелді-2», «Новатэкс ЖЭС» жел электр стансасы жобасы іске асырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыру жөнінде облыс аумағында ауқымды жұмыс атқарылып жатқаны даусыз. Өңір басшысы облыс аумағына әлеуетті инвесторларды тартуға басымдық беріп отырғаны да көңіл көншітеді. Бір сөзбен айтқанда, өңірдегі «жасыл» энергия үлесін арттыру мақсатында қолға алынған нақты жұмыстың нәтижесі бар. Ең бастысы да осы.

Жамбыл облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 10:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see117

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

17 Тамыз 2026 11:33see117

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

17 Тамыз 2026 11:35see115

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

17 Тамыз 2026 14:08see114

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

17 Тамыз 2026 11:34see113

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see112

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

17 Тамыз 2026 14:53see112

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

17 Тамыз 2026 12:08see111

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 22:41see111

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

17 Тамыз 2026 15:56see111

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

18 Тамыз 2026 03:20see110

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

17 Тамыз 2026 15:20see110

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

17 Тамыз 2026 15:38see109

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

16 Тамыз 2026 17:31see109

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

17 Тамыз 2026 11:42see109

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

17 Тамыз 2026 19:04see109

Көкке көз тіккен күн

18 Тамыз 2026 04:03see109

Телеаудитория талғамы жаңарды

18 Тамыз 2026 03:17see107

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

17 Тамыз 2026 21:11see107

Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігі мен әл ауқаты бойынша Орталық Азияда көш бастады

17 Тамыз 2026 16:05see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары