Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Еліміз мұнай өндіру көлемін жылына 100 миллион тоннаға жеткізеді

Еліміз мұнай өндіру көлемін жылына 100 миллион тоннаға жеткізеді

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Еліміз мұнай өндіру көлемін жылына 100 миллион тоннаға жеткізеді. Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларындағы 3 ірі кәсіпорын жаңғыртылды. Нәтижесінде ішкі нарықты сапалы жанар-жағармаймен толық қамтуға мүмкіндік бар. Ал бүгінде 13 млн-ға жуық адам табиғи газдың игілігін көріп отыр. Осы тұста еліміз шикізатты өндіріп қана қоймай, оны терең өңдеуге де басымдық бере бастады.

Биыл мұнай-газ химия саласындағы өндіріс көлемі 477 мың тоннадан асты. Жыл соңына дейін 590 мың тонна өнім алу жоспарда бар. Метанол өндіретін зауыт салу жөніндегі алғашқы инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұдан бөлек мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Қазіргі уақытта Парламентте салаға қатысты тиісті заң жобасы қаралып жатыр.  

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазақстанның қазіргі мұнай-газ өндіру көлемі негізінен үш ірі кен орнына – Теңіз, Қашаған және Қарашығанаққа тәуелді. Ал өзге кен орындарының қоры сарқылу кезеңіне жақындап қалды. Сондықтан жаңа мұнай мен газ қорларын анықтау – бұл тек энергетикалық емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық егемендік мәселесі. Жалпы 2012 жылға дейін еліміздің жер қойнауындағы болжамды алынатын шартты отын ресурстары 22,7 млрд тонна деп бағаланған болса, 2010-2012 жылдары жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бұл көрсеткіш 76 млрд тоннаға дейін қайта есептелді.

Алда жаңа міндет бар – ол заңнаманы жаңғырту. Себебі мұнай-газ химиясы табыс көзі болуымен қатар ел экономикасының орнықты дамуы үшін маңызды. «Жаңа заң шикізаттық модельден терең өңдеуге көшу - стратегиялық қажеттілік», - дейді мамандар. Оны ілгерілету үшін заңнамалық тетіктерді айқындау қажет.

Темірлан Үркімбаев, ҚР Энергетика министрлігі мұнай-газ химиясы және техникалық реттеу департаментінің директоры:

- Қазір біз мұнай-газ химия өнеркәсібі туралы заң әзірлеп жатармыз. Мұндай заңнама Кеңес одағы тарихында болмаған. Заң не үшін қажет десеңіз, біріншіден, Республика үшін де, инвестор үшін де, нақты құқықтық негіз болады. Сонда инфрақұрылымды дамытып, ішкі нарық қажеттіліктерін қамтып, экспорттық потенциалымызды ұлғайта аламыз. Себебі мұнай-газ химиясы бұл - жаңа өнеркәсіп. Оны дамыту үшін үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бүгінде мұнай-газ химиясы ел дамуының қуатты қозғаушы күшіне айналды.  Сала серпінді дамып, ел игілігіне жарап жатыр. Пластмасса, полимер, тыңайтқыш, отын, медицина мен тұрмыста қолданылатын мыңдаған өнім осы саладан бастау алады. Ал қазір еліміз шикізатты өндіріп қана қоймай, оны терең өңдеуге басымдық беріп отыр. Бұл бағытта Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан үш ірі кәсіпорын жаңғыртылды. Дегенмен шикізатты терең өңдеуде саланың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Күрделі өнім шығару әлі де төмен. Сарапшылар, шикізат ресурстары мен мұнай бағасы құбылып тұрған заманда өңдеу көлемін ұлғайтып, дайын өніммен сыртқы нарықтарға шығу керектігін айтады. Әрі саланы цифрландыру маңызды.

Жақып Хайрушев, энергетика саласының сарапшысы:

- Қазір еліміз әр салада цифрландырудың көшін бастап тұр. Сондықтан энергетика, мұнай-газ химия саласын да  цифрландыру өте маңызды. Бұл кез келген келеңсіздіктің алдын алуға көп көмек болады. Әрі өндіріс көлемінің артыуына да зор ықпал етеді.

Қазір елімізде химия және мұнай-газ химиясы саласында 12 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Өндірістер минералды тыңайтқыштар, бейорганикалық және органикалық химиялық заттар шығарады. Ал алдағы бес жылда еліміздің шаруалары толықтай отандық тыңайтқыштармен қамтылмақ. Жалпы салаға серпін беру үшін Мемлекет басшысы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігін тапсырған болатын.

Авторы: Айнұр Қуатқызы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 19:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары